Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

«Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

Өскемен қаласының ветеринария бөлімінің 2016 жылдың қаңтар-қазан айларындағы атқарылған жұмысы туралы ақпарат *.doc 52 KB

 Күдербаев Серікхан Сайлауханұлы – «Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының.

Мекенжайы: Өскемен қ., Меновное а., М. Горький к., 11а
Бөлімнің ережесі

Жұмысының функционалдық бағыттары: қайта өңдеу кәсіпорындарын, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді инвестициялауды жүзеге асыруға, мал шаруашлығын дамытуға, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға, сұрып жаңғыртуға жәрдемдесу. Тұрғындар арасында ветеринария мәселелері бойынша түсінік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу. Қала әкімінің нормативтік құқытық актілерін, шешімдері мен өкімдерін, қалалық әкімдіктің қаулыларын орындауды бақылау.

Функционалдық міндеттері.Бөлімнің өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық іс-әрекетін жалпы басқару; бөлім жұмысын жоспарлауды іске асыру; бөлім жұмысының басымды бағыттарын анықтау; Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Заңдарының, ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің, облыс және қала әкімдері мен әкімдіктердің нормативтік-құқықтық актілерінің, орындалуын және жүзеге асырылуын бақылау; облыс және қала әкімі аппараттарымен, қалалық мәслихатпен, жоғарғы құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау; бөлімге түскен хат-хабарларды, сондай-ақ азаматтардың өтініштерінің уақытылы қаралуын қамтамасыз ету.

Телефон:574-436, факс 574-436
Жұмыс уақыты:9.00-ден 18.00-ге дейін; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

Лауазымы АЖТ Қабылдау күні және уақыты Қызметтік телефоны Заңды мекенжайы
Бөлім басшысының міндетін атқарушы   Сейсенбі, бейсенбі
14.00-ден 17.00-ге дейін
574-436 Өскемен қ.,
Меновное а.,
М. Горький к., 11а

Бөлімнің құрылымы

АЖТ Лауазымы Лауазымдық міндеттері
  Бөлім басшысының орынбасары
574-452
Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында әлеуметтік-экономикалық жағдайларын талдау және болжау. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында басым бағыттарды әзірлеуге қатысу, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді ынталандыру жұмысының орындалуын бақылау. Тұтыну нарығын тұрақтандыруға ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметін үйлестіру. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында қалалық және облыстық мақсатты бағдарламаларын, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларын әзірлеуге қатысу, үйлестіру және орындалуын бақылау. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі саласын дамыту динамикасын талдау. Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының, оларды несиелеу жөніндегі ұсыныстарға арналған бизнес-жоспары бойынша қорытындылар әзірлеу, балама несиелеу түрінде лизинг пайдалану бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау. Ішкі қаржы салымы саясатын жүзеге асыруға, сондай-ақ шетел қаржы салымы үрдістеріне қатысу; қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің, мал шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылық техникасын сатып алуына, сұрыптарды жаңартуына қаржы салуын жүзеге асыруға көмектеседі; алынған несиелердің қайтарылуын бақылайды. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу нарығының өзгеру беталысын және жағдайын талдау, қаланың агроөнеркәсіптік кешені саласының ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуетін бағалауға қатысу. Отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің көрме-жәрмеңкелерін, толайым ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізуге қатысу. Ауыл шаруашылық және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында іс-әрекеттегі басымды өндірістерді дамытуға, жаңасын құруға, ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы түрлерін енгізуге ықпал ету бойынша кәсіпкерлерге кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық іс-әрекеті мониторингін талдау. Өсімдік шаруашылығы саласында шаруашылық ететін субъектілерді міндетті сақтандырылуын ұйымдастыруды бақылау. Өсімдік шаруашылығы және қайта өңдеу саласындағы субсидиялауға байланысты жұмыстарды үйлестіру. Ветеринарияның негізгі бағыттарының жүзеге асырылуын бақылау, болашағын және даму қарқынын анықтау, ауыл шаруашылығы малдарының ауруларымен күресу жөнінде жоспарлар әзірлеу бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын іске асыру. Ауыл шаруашылығы малдарының аурулары бойынша алдын алу және диагностикалық іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу. Кәсіпорындардағы халыққа білім беру, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, мдени-ағартушылық жұмыстар, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіпті күзету мәселелерін шешудегі іс-әрекеттерді үйлестіру.
Бас маман 574-491
Email: ukmenovnoe@mail.ru
Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тілде әзірленуін бақылау. Бөлім құжаттарының мемлекеттік тілдегі аудармасын редакциялау. Бөлімде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының сақталуын бақылау. Аталған сектордың ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептері мен ақпаратына мониторинг жүргізілуін бақылау. Бөлімнің қызметінде құралатын құқықтық-нормативтік құжаттардың және өкімдік сипаттағы актілердің мемлекеттік тілде сараптамасын жүзеге асыру. Мемлекеттік тілді оқытуға бөлімдегі мемлекеттік қызметкерлердің тізімін құру және ақпарат әзірлеу. Негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдейді. Мемлекеттік органның конкурстық, аттестациялық және тәртіптік комиссияларының құжаттарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға құжаттарды ұсынуды дайындайды. Мемлекеттік қызметке өтуге байланысты шешімдерді ресімдеуге бақылау жасауды, жұмыскерлердің жеке істерін, қызмет тізімін, еңбек кітап-шаларын сақтауды және жүргізуді жүзеге асырады. Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша шараларды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерін ресімдейді. Нормативтік құжаттар бойынша ағымдағы мұрағатты қалыптастыруды бақылауды жүзеге асырады.
Бас маман-бухгалтер
574-324
Email: menovnoe@oskemen.kz
Бөлімде бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Мекеменің және оның бөлімшесінің негізгі міндеттерін білу; бөлімді қаржыландыру мәселелері бойынша банкпен және қаржылық органдар-мен жұмыс жасау; мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметінің есебін, әкімшіліктік шығындар сметасын, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлеріне еңбек ақыны есептеу. Салықтық есеп беруді жургізу. Бөлімінің мұқтаждары үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша   конкурстарды дайындау, ұйымдастыру және өткізу. Ақшалай қаражатқа, есептер мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу, түгендеу нәтижесі мен олардың есептегі көрінісін  уақытында және дұрыс анықтау.
Қайта өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылық секторы
Гүлнара Сайполлақызы
Кожахметова
Кожахметова
Сектор меңгерушісі
574-324
Ауылшаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын болжау және талдау. Мал дайындау (сою), малдан алынатын өнімдер мен шикізаттарды қайта өңдеу, мал шаруашылығы объектілерін іске қосуды қабылдау бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау. Сектордың ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептері мен ақпаратына мониторинг жүргізілуін бақылау. Қала үшін маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды барлық мемлекеттік қолдау түрлері, аграрлық азық-түлік бағдарламалардың орындалу барысы бойынша ұсыныстарды талдау. Нормативтік-құқықтық актілердің (қаланың ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында) орындалу барысы туралы жедел ақпарат әзірлеу және бақылау. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу. Қадағаланатын мәселелер бойынша облыс әкімі аппаратының кеңестеріне, жұмыс топтарына, комиссия жұмысына қатысу. Егін егу, жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы құрылымдарын дайындау мониторингін талдау. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының ақпараттық-маркетингтік дерек қоры-ның мониторингін талдау.Өсімдік шаруашылығы және қайта өңдеу саласындағы субцидиялауға құжаттарды қабылдау, әзірлеу.  Жалпы қалалық іс-шараларды жүргізуге, көрмелер, семинарлар, жәрмеңкелер өткізуге қатысу. Ауыл шаруашылығы техникаларына жыл сайынғы мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуге қатысу, шаруашылыққа ауыл шаруашылық техникаларын сатып алу және қажет санына есеп жүргізу.
Валерий Иванович
Поносов
Поносов Валерий Иванович
Бас маман
574-491
Қала үшін маңызды жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері бойынша ұсыныстыр әзірлеу. Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау, ақпарат жинау. Бекітілген бағдарламалардың, аграрлық азық-түлік бағдарламаларының орындалу барысын талдау мен әзірлеуге қатысу және аяғына дейін орындамауын жою бойынша ұсыныстар әзірлеп, олардың жүзеге асырылуын бақылау. Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бизнес-жоспары бойынша, оларды несиелеу жөнінде ұсыныстар үшін қорытындылар әзірлеу. Ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептер мен ақпараттар мониторингі. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу. Мал шаруашылығының өнімдері мен шикізаттарын қайта өңдеу, мал дайындау (сою), өндірісі бойынша ұйымдарды және мал шаруашылығы объектілерін іске қосуды қабылдау жөнінде комиссия ұйымдастыру. Лизингке ұсынылғанды жабдықтау, бойынша дерекқор құру, балама несиелеу ретінде лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу. Қадағаланатын кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-әрекетіне қатысты мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін, ұсыныстарын, құжаттарын талдау, оларда қойылған сұрақтарды шешуді ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының ақпараттық-маркетингтік дерекқорын құру және мониторингтеу. Жалпы қалалық іс-шараларды, көрмелерді, семинарларды, жәрмеңкелерді өткізуге қатысу. Қадағаланатын мәселелер бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу.
Мұхаметгалым Шакенұлы Тоқыш
Мұхаметгалым Шакенұлы Тоқыш
Бас маман
574-491
Ауылшаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Заңнамалық актілерде белгіленген арнайы өнімдердің есебін жүргізу  және сақтауды ұйымдастыру. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу, кепілдігін тіркеу  және байқау жүргізу, тиісті құжаттар беру, тракторист-машинист куәліктерін беру, оған үміткерлерден емтихан алу. Жыл сайынғы ауылшаруашылығы техникаларының мемлекеттік техникалық байқауына қатысу, қолда бар және жаңадан сатып алынған техниканы тіркеу. Техникалық инспекция бойынша есептерді дайындау және тапсыру,  заңға сәйкес өзге де міндеттерді атқару. Қаланың дамуының әлеуметтік-экономикалық жоспарын әзірлеуге қатысу. Лизингке ұсынылған құрылғылардың мәліметтер базасын құру, альтернативті несиелеу ретінде лизингті пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу. Қадағаланатын кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-әрекетіне қатысты мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін, ұсыныстарын, құжаттарын талдау, оларда қойылған сұрақтарды шешуді ұйымдастыру. Жалпы қалалық іс-шараларды жүргізуге, көрмелер, семинарлар, ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін өткізуге қатысу.  
Ветеринария секторы
Ерлік Ғұмарұлы
Ордабаев
Ордабаев
Сектор меңгерушісі
518-033
Ветеринария мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілердің орындалу барысы туралы жедел ақпарат әзірлеу және бақылау. Ветеринарияның негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, даму беталысын және болашағын анықтау, ауыл шаруашылық малдарының ауруларымен күресу бойынша жоспарлар әзірлеу жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын іске асыру. Ауыл шаруашылығы малдарының ауруларына ветеринарлық  мониторинг жүргізілуін бақылау. Ветери-нария мәселесі бойынша қалалық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру кезінде сөз сөйлеу, материалдар әзірленуін іске асыру. Малдардың энзоотикалық ауруларының диагностикасы мен алдын алу бойынша ветеринарлық дәрі-дәрмектерге, олардың алдын алу және диагностикасы бойынша қызеттерге, ауыл шаруашылық малдарына бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринарлық тағайындалған белгілерге және бұйымдарға, малдарға арналған ветеринарлық төлқұжатқа мемлекеттік сатып алулар жүргізу; малдардың энзоотикалық ауруларының диагностикасы және алдын алу бойынша ветеринарлық дәрі-дәрмектерді тасымалдауды (жеткізу), сақтауды ұйымдастыру. Ветеринарлық қызмет жұмыстарының алдыңғы қатарлы тәжірибесін таратуға қатысу және зерделеу. Белгіленген үлгі бойынша есептік мәлімет-тердің берілуін бақылау. Ауылшаруашылығы малдарының аурулары бойынша алдын алу және диагностикалық іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу. Ауылшаруашылығы малдарына бірдейлендіру іске асырылуын және дерекқор жүргізілуін бақылау. Ветеринарлық лицензиат-дәрігерлерге аттестация жүргізу.
Ербол Мырзағалиұлы
Сүлейменов
Сулейменов Ербол
Бас маман
518-033
Ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін, мемле-кеттік ветеринариялық бақылаудағы, қадағаланатын объектілердің қауіпсіздігін, ветеринариялық санитария-лық жағдайын қадағалау. Мал ауруларының шығу және таралу себептерін және жағдайын қадағалау, мал ауруларымен күресу бойынша кешенді жоспарлар әзірлеу. Ветеринария секторының қызметін талдау және мониторингтеу; Ветеринария облысындағы есепті және есепке алуды жүргізу, талдау, қорыту. Ветеринарлық-санитарлық нысандарға мониторинг жүргізу. Өз құзыреті тәртібінде ветеринарияны дамыту бойынша ұсыныстар енгізу. Бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын энзоотикалық мал ауруларының тізімін әзірлеу, алдын алу және диагностикалау. Ветеринарлық ауруханалар мен ветеринарлық учаскелерден есептер қабылдау. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың аулануына бақылау жүргізу, қаңғыбас жануарларды аулау бойынша ақпарат және есептер беру.
Замаш Жакупов

Замаш Жакупов

Бас маман
518-033
Ветеринария саласында даму бағдарламаларын әзірлеу, болжау, мониторингтеу. Ветеринария мәселесі бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету және ұсыныс-тар әзірлеу. Адамдар және малдар үшін жалпы аурулардан халықтың денсаулығын қорғауды ұйымдастыру. Ветеринария мәселесі бойынша халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру. Мал шаруашылығының өнімдері мен шикізаттарын қайта өңдеу, мал дайындау (сою), өндірісі бойынша ұйымдарды және мал шаруашылығы объектілерін іске қосуды қабылдау жөнінде комиссия ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру бойынша іс-шаралар жүргізілуін ұйымдастыру және ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендіру бойынша дерекқор жүргізу. АӨК дамыту бойынша семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастыруға қатысу. Ветеринарлық анықтамалар, жеке  қосалқы шаруашылық туралы анықтамалар беру. Жалпы қалалық іс-шараларды жүргізуге, көрмелер, семинарлар, жәрмеңкелер өткізуге қатысу.

Бет өзгертілді: 24-11-2017