Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

«Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ

«Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже*.doc 95.5 kB

"Өскемен қаласы қаржы бөлімі" ММ-нің виртуалды қабылдау бөлмесі

Өскемен қаласы бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат


Күлсара Әбілмәжінқызы Бұқабаева Күлсара Әбілмәжінқызы Бұқабаева- Өскемен қаласының қаржы бөлімінің бастығы.

1959 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Көгедай ауылында дүниеге келді. 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кендірлік ауылындағы Пржевальский атындағы орта мектепті бітірді. Мектепті бітірген соң 1976 жылдың 1 шілдесінен 1977 жылдың 20 қарашасына дейін "Тұлпар" жастар комсомол бригадасында қой шаруашылығында қойшы болып жұмыс істеді.

1977 жылдың 21 қарашасынан 1978 жылдың 11 шілдесіне дейін ШҚО Зайсан ауданының Кендірлік ауылында ауылдық клуб меңгерушісі болып жұмыс атқарды.1978 жылдың 24 тамызынан 1979 жылдың 8 шілдесі аралығында Өскемен қаласында кооперативтік училищесін оқып, азық-түлік сатушы біліктілігін алды. 1979 жылғы 1 қыркүйекте Өскемен қаласының кооперативтік техникумына түсіп, 1981 жылы үлгілі аяқтап, советтік кооперативтік сауданың есепшісі біліктілігі берілді.

Техникумды бітіргеннен кейін 1981 жылдың 6 қазанынан 1983 жылдың 14 маусымы аралығында № 4 студентерді тамақтандыру комбинатында тексеруші кассир болып жұмыс істеді. 1983 жылдың 20 маусымынан 1984 жылдың 7 ақпаны аралығында Өскемен қаласының дәрігерлік училищесінде аға есепші, 1984 жылдың 7 ақпанынан 1986 жылдың 7 қаңтары аралығында сол мекемеде бас есепші қызметін атқарды. 1986 жылдың 13 қаңтарынан 1986 жылдың 25 қарашасы аралығында есепші, 1986 жылдың 25 қарашасынан 1997 жылдың 14 шілдесіне дейін орталықтандырылған қалалық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 1997 жылдың 15 шілдесінен 1999 жылдың 5 сәуіріне дейін ШҚО Білім департаментінде бас маман болып жұмыс істеді.

2002 жылы Алматы экономика және статистика институтына түсіп, 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясының толық курсын аяқтап, "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша "Экономист" біліктілігі берілді. 1999 жылдың 5 сәуірден 2005 жылдың 1 тамызы аралығында Өскемен қаласының білім және спорт орталықталындырған бөлімінде бас есепші, 2005 жылдың 1 тамызынан 2005 жылдың 1 қыркүйегі аралығында ШҚО Қазына департаментінде жергілікті бюджеттің орындалуы бөлімінде бас маман - бас қазынашы болып істеді. 2005 жылдың 1 қыркүйегінен "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бастықтың орынбасары қызметіне ауысты.

2006 жылы қараша айында Астана қаласында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында "Мемлекеттік қаржыны басқару" бағдарламасы бойынша басшылық қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсын ойдағыдай аяқтап, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Институт директорынан Өскемен қаласы әкімінің атына алғыс хат алды. 2009 жылдың сәуір айының 1 жұлдызында мемлекеттік қызметшілерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ШҚО әкімінің өңірлік орталығында "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік менеджмент, Халыққа қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру әдістері" бағдарламасын нәтижелі аяқтап, орталықтың басшысынан сертификатпен қоса мақтау хатын алды.
2009 жылдың 1 шілдесінен бастап - "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.
Тұрмыста, екі баласы бар.

Қабылдау күндері:
Сейсенбі сағат 9-00-ден 16-00-ге дейін (жеке тұлғалар үшін)
Бейсенбі сағат 9-00-ден 16-00-ге дейін (заңды тұлғалар үшін)

Электрон дық мекенжайы: k.bukabaeva@akimvko.gov.kz
Өскемен қаласының қаржы бөлімінде 26-34-70 сенім телефоны жұмыс істейді.

«Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ құрылымы

 Фотография Лауазымы А.Ә.Т. Орындайтын функциялары Қабылдау күндері, телефон
Давыдова Басшының орынбасары Давыдова
Ирина
Геннадьевна
Қала бюджетінің жобасын әзірлеу мәселесі бойынша қаланың бюджеттік комиссиясының жұмысына қатысу. Ағымдағы қаржы жылына Өскемен қаласының түсімдер мен қаржыландырудың Жинақталған жоспарын қалыптастыруға қатысу, сонымен қатар, бюджеттің орындалуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелеріне сай қаржыландырудың жинақталған жоспарына тиісті өзгерістер енгізу. Қала бюджетінің орындалуы туралы мәслихат шешімі және әкімдік қаулыларының жобасын дайындауға басшылық жасау. Қаланың бағдарламалар әкімгерлерінің бюджет қаражаттарын игеру мәселелері бойынша жұмыс тобының отырыстарына қатысу. Қала бюджетінің орындалуы туралы есептерді әзірлеу және өткізуді ұйымдастыру. Кешенді қаржылық бақылау қорытындылары туралы қала әкімдігінің қаулысын дайындау және жіберілген бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін оқытуды ұйымдастыру, ұжымда құқықтық жалпы оқыту сабақтарының жүргізулеріне, мемлекеттік тілдің оқытылуына бақылау, азаматтардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін секторлардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асыру және үйлестіру. «Ашық бюджеттер» порталында ақпараттарды орналастыру және жандандыру. Апта сайын
Әр сенбі, жұма күндері
сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін
т. 26 54 24
Жалелова Бас маман Жалелова
Гүлдана
Қайролдақызы
Мекеме бойынша жоспар жасауға, сектор жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 «2011-2020 жылдары тілдерді дамытуды мен қолдану мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша атқарылған жұмыс туралы және мемлекеттік тілді оқыту бойынша сабақтар өткізу туралы ақпарат дайындайды. Құжаттарды мемлекеттік тілге аудару бойынша жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау. Құжаттарды ең бірінші өңдеу, алдын-ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және таратуды жүзеге асырады. Азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс бойынша регламенттің сақталуына және құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.. Негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдейді. Мемлекеттік органның конкурстық, аттестациялық және тәртіптік комиссияларының құжаттарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға құжаттарды ұсынуды дайындайды. Мемлекеттік қызметке өтуге байланысты шешімдерді ресімдеуге бақылау жасауды, жұмыскерлердің жеке істерін, қызмет тізімін, еңбек кітапшаларын сақтауды және жүргізуді жүзеге асырады. Қаржы бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерін ресімдейді. Мұрағатпен жұмыс жасайды,  оларды сақтауға және жоюға іріктеу мақсатында құжаттардың құндылығын сараптауды ұйымдастырады. Автоматтандырылған             «Е-Қызмет» жүйесінде барлық функцияларды пайдалана отырып, кадрлық жұмыстарды атқарады. т. 26 45 61
Аубакирова Әйгерім Асқарқызы Бюджеттің орындалуы бойынша есеп және әлеуметтік сала шығындарының мониторингі секторының меңгерушісі Аубакирова
Әйгерім
Асқарқызы
Жалпы басшылық және сектор жұмысын үйлестіру. Операциялық жұмыс жоспарын және сектордың атқарған жұмысы туралы есептеме жасайды. Қала бюджетінің Жинақталған қаржыландыру жоспарын қалыптастырады. Қала бюджетінің орындалуын ұйымдастырады. Жинақталған қаржыландыру жоспарына мәслихат шешімі мен бюджеттік бағдарлама әкімгерлері тапсырыстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Қала бюджетінің орындалуы мәселесі бойынша қала әкімдігі қаулысының, қалалық мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлейді. ШҚО Қаржы басқармасына ай сайын 1-не бюджеттік мекемелердің кредиторлық қарыздары бойынша жедел ақпарат дайындайды. Кредиторлық қарыздар туралы ай сайынғы есеп, КЗ-Б-жинақ формасы бойынша нақтыланған тоқсандық есеп, сонда-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері баланстарының есептеу бабы бойынша кредиторлық қарыздың ахуалы туралы аналитикалық мәліметтер  дайындайды. ШҚО Қаржы басқармасына  жіберілетін есептемеге түсіндірме хаттар әзірлейді. Ай сайын 1-не қаланың ақша бақылау шотындағы қаражат қалдықтарын талдайды. Қаланың жергілікті атқарушы органының резервін пайдалану туралы ақпарат әзірлейді. Қала бюджетінің орындалуы туралы есептемені ШҚО Қаржы басқармасына, ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясына, қалалық мәслихатқа, экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынады. Қала бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізеді. Бақылаудағы хаттардың, әкімдік қаулыларының, әкімнің хаттамалық тапсырмаларының, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында және сапалы қарауды қамтамасыз етеді. Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға енгізілген өзгерістерге есеп жасайды. Жоғары тұрған және бөлімге қарасты ұйымдармен қала бюджетінің орындалуы туралы хат алысулар жүргізеді. т. 26 52 57
Даулетиярова Бюджеттің орындалуы бойынша есеп және әлеуметтік сала шығындарының мониторингі секторының бас маманы Даулетиярова
Диана
Серикқызы
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын қалыптастырады. «ПАРУС» Бюджеттік қаржыландыру» бағдарламасында төлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын және бюджет түсімдерінің жинақталған жоспарының тепе-теңдігіне ай сайын бақылау жасауды жүзеге асырады. «Бюджет үрдісінің мониторингі» бағдарламасында қала бюджетінің орындалуы туралы ай сайын есептеме жасайды. Ай сайын қазынашалықпен түсімдер сомасының, бюджет қаражаттарының шығындары мен қалдықтарының салыстыру актілерін дайындайды. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен несиелердің қолданылуы  туралы ай сайын есеп дайындайды. Әр айдың біріне және апта сайын бейсенбі күндері ШҚО Қаржы басқармасы үшін қаланың ақша бақылау шотындағы пайдаланылмаған бюджет қаражаттарының қалдықтары туралы ақпарат дайындайды. Күн сайын жоғары тұрған бюджеттен мақсатты трансферттер мен несиелердің түсімдеріне бақылау жасауды жүзеге асырады. Ай сайын Қаржы басқармасы үшін қала бюджетін нақтылау бойынша есеп дайындайды. Қазынашылықтың белгіленген нысандары бойынша бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін күнделікті қабылдауды жүзеге асырады және оны «ПАРУС» Бюджеттік қаржыландыру» бағдарламасына енгізеді. Қала әкімінің орынбасарына және қаржы бөлімінің басшысына бюджеттік қаржылардың игерілуі туралы күнделікті жедел ақпарат ұсынады.  
Болдырева Ольга Юрьевна Мемлекеттік органдар шығындарының мониторингі және қаланың инфрақұрылымы секторының меңгерушісі Болдырева
Ольга
Юрьевна
Жалпы басшылық және сектор жұмысын үйлестіру. Операциялық жұмыс жоспарын және сектордың атқарған жұмысы туралы есептерді дайындайды. Қаржыландыру жоспарын қалыптау және жүргізу, бюджетті орындау және мемлекеттік органдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс бойынша бюджеттік қаржыларды пайдалану жөнінде мониторингіні жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Шығындардың орындалуына баға береді және жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттің орындалуы жөнінде түсіндірме хат жазады. Басқару аппаратын ұстауға шығындар туралы бөлімдердің есептемелерін талдайды, қаржы басқармасына және қалалық әкімдікке қажетті қорытындылар мен ұсыныстар дайындайды. Сектор құзырының төңірегіне кіретін қаржы бөлімінің басшылығына ақпараттар мен анықтамаларды даярлайды. Қаланың жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу мәселесі бойынша бағдарлама әкімгерлеріне қолдаухаттарға қорытынды дайындайды. Резервтен қаражат бөлу туралы қаулы жобаларын қарастырады және резерв қаражаттарын бөлу туралы анықтамалар дайындайды. Жетекшілік ететін салалар бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізеді. Бақылаудағы хаттардың, әкімдік қаулыларының, әкімнің хаттамалық тапсырмаларының, азаматтар мен заңды тұлғалардың  өтініштерін уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Бюджеттің орындалуы және бюджет қаражаттарын дұрыс шығындау мәселелері бойнша басқару органдарының құрылымдық бөлімдерімен хат алысады. т. 26 36 58
Бахтиярова Гүлнар Сейітқамзақызы Мемлекеттік органдар шығындарының мониторингі және қаланың инфрақұрылымы секторының бас маманы Бахтиярова
Гүлнар
Сейітқамзақызы
Мына мемлекеттік органдардың жұмысына жетекшілік етеді: ішкі саясат бөлімі, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, қаржы бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Меновное ауылдық округінің әкім аппараты және мәслихат аппараты. Мемлекеттік басқару органдары бағдарлама әкімгерлерінің қаржыландыру жоспарын қалыптастырады. Бағдарлама әкімгерлерінің қаржыландыру жоспарларын қарау және келісімдеу, бекітілген мекемелер бойынша штаттық кестелерді тексеру, бюджет қаржыларын игерудің мониторингін жүзеге асыру. Жылдық соманы айлық бөлуді, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарының орындалмау себептерін табу, бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау. Бекітілген бағдарламалар әкімгерлері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы жинақталған анықтамалар дайындайды. Мемлекеттік мекемелердің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін шарттар бойынша талдау. Қаладағы мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда жалақы төлеу туралы ақпарат дайындау. Бекітілген бағдарлама әкімгерлері бойынша жоғары органдарға басқа есептемелерді, жергілікті бюджеттің орындалуы туралы айлық және жылдық есептемелерді ұсыну. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға және күрделі жөндеуге даму бюджеті және ағымдағы бюджет қаражаттарының бағытталуы туралы ақпарат дайындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен хат алысуларды жүзеге асырады. т. 26 36 58
Ермакова Мемлекеттік органдар шығындарының мониторингі және қаланың инфрақұрылымы секторының бас маманы Ермакова
Светлана Вячеславовна
(негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс уақытына)
Мына мемлекеттік басқарудағы органдардың жұмысына жетекшілік етеді: сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік, ветеринария бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, құрылыс бөлімі, білім беру бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, тұрғын үй инспекциясы, Өскемен қаласының әкім аппараты. Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері  мемлекеттік басқарудағы органдарды қаржыландыру жоспарын қалыптастырады. Бекітілген мекемелер бойынша штаттық кестені тексереді. Бюджет қаражаттарының игерілуіне мониторинг жүргізеді. Жылдық соманы айлық бөлуді, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің себептерін табу, бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау. Бекітілген бағдарламалар әкімгерлері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы жинақталған анықтамалар дайындайды. Мемлекеттік мекемелердің келісімдері бойынша тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдау. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және құрылыс бөлімі бағдарламалар әкімгерлері бойынша келісу үшін тексеру жүргізеді және шарттарды есепке алады. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер мен кредиттер бойынша шығындарды өтеу жөнінде айлық мониторингіні жүзеге асырады. Бекітілген бағдарлама әкімгерлері бойынша жоғары органдарға басқа есептемелерді, жергілікті бюджеттің орындалуы туралы айлық және жылдық есептемелерді ұсыну. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға және күрделі жөндеуге даму бюджеті және ағымдағы бюджет қаражаттарының бағытталуы туралы ақпарат дайындайды. «Жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде қаражаттарды игеру бойынша күнделікті ақпарат дайындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен хат алысуды жүргізеді. т. 26 36 58
Ложкина Анна Владимировна Мемлекеттік органдар шығындарының мониторингі және қаланың инфрақұрылымы секторының бас маманы Ложкина
Анна
Владимировна
(бала күтімі бойынша демалыс уақытында)
Мына мемлекеттік басқарудағы органдардың жұмысына жетекшілік етеді: сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік, ветеринария бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, құрылыс бөлімі, білім беру бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, тұрғын үй инспекциясы, Өскемен қаласының әкім аппараты. Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері  мемлекеттік басқарудағы органдарды қаржыландыру жоспарын қалыптастырады. Бекітілген мекемелер бойынша штаттық кестені тексереді. Бюджет қаражаттарының игерілуіне мониторинг жүргізеді. Жылдық соманы айлық бөлуді, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістердің себептерін табу, бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау. Бекітілген бағдарламалар әкімгерлері бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы жинақталған анықтамалар дайындайды. Мемлекеттік мекемелердің келісімдері бойынша тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдау. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және құрылыс бөлімі бағдарламалар әкімгерлері бойынша келісу үшін тексеру жүргізеді және шарттарды есепке алады. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер мен кредиттер бойынша шығындарды өтеу жөнінде айлық мониторингіні жүзеге асырады. Бекітілген бағдарлама әкімгерлері бойынша жоғары органдарға басқа есептемелерді, жергілікті бюджеттің орындалуы туралы айлық және жылдық есептемелерді ұсыну. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға және күрделі жөндеуге даму бюджеті және ағымдағы бюджет қаражаттарының бағытталуы туралы ақпарат дайындайды. «Жол картасын» жүзеге асыру шеңберінде қаражаттарды игеру бойынша күнделікті ақпарат дайындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен хат алысуды жүргізеді. т. 26 36 58
Отческая Ольга Степановна Бюджеттің кіріс бөлігін талдау және мемлекеттік сатып алу мониторингі секторының меңгерушісі Отческая
Ольга
Степановна
Жалпы басшылық және сектор жұмысын үйлестіру. Операциялық жұмыс жоспарын және сектордың атқарған жұмысы туралы есептеме жасайды. Қалалық бюджетке меншік кірістер түсімдерінің жинақталған жоспарын қалыптастырады. Қала бюджетінің кіріс бөлігіне өзгерістер енгізу және орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қала бюджетінің ресурсын өсіру, салықтық және салықтық емес түсімдердің болжамын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Бюджеттің кіріс бөлігін орындау бойынша есептеме жасау. Ай сайын салықтың барлық түрлері мен төлемдер бойынша болжамдардың орындалуын талдайды, қала бюджетіне түсімдер бойынша бюджет мониторингін жүзеге асырады. Меншік кірістердің орындалуы туралы түсіндірме хаттар, ШҚО Қаржы басқармасына және Өскемен қаласының қаржы бөлімінің басшылығына сектордың құзырына кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпараттар дайындайды. Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері өткізген мемлекеттік сатып алуларға талдау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Бақылаудағы хаттардың, әкімдік қаулыларының, әкімнің хаттамалық тапсырмаларының, сектор  құзырына қатысты азаматтар мен заңды тұлғалардың  өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын және орындалуын қамтамасыз етеді және кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды. т. 24 12 57
Отческая Ольга Степановна Бюджеттің кіріс бөлігін талдау және мемлекеттік сатып алу мониторингі секторының бас маманы Белоусова
Оксана
Эдуардовна
Электрондық поштамен жұмыс ­– түсімдер туралы мәліметтерді ШҚ Қазынашылық департаментінен күнделікті алу және оны басып шығару. Қала бюджетіне түсімдердің орындалуы және толықтығына күнделікті бақылау жүргізеді, азаматтарға пәтерлерді сатудан түскен түсімдерді күнделікті есепке алады. Қаланың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қозғалысы бойынша ай сайын бақылау жүргізеді. Салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қала бюджетінен қайтару (немесе) есептесу бойынша заңды және жеке тұлғалармен үнемі жұмыс атқару. Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері бойынша жоспарланатын және өткізілген конкурстары туралы мәліметтерді жинау және өңдеу. Қазынашылық департаментімен, Қаржы басқармасымен, салық комитетімен және қалалық әкімдікпен қала бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы мәселелері бойынша  жедел және бірлесіп жұмыс істеу. Сектор құзырына қатысты хаттар мен ұсыныстарға жауап дайындау т. 24 12 57
Пастушенко Лилия Викторовна Бухгалтерлік есепке алу және есептеу секторының меңгерушісі-бас бухгалтер Пастушенко
Лилия
Викторовна
Жалпы басшылық және сектор жұмысын үйлестіру. Операциялық жұмыс жоспарын және сектордың атқарған жұмысы туралы есептеме жасайды. Мекемелердің кезеңдік және жылдық есептемелерінің уақытында тапсырылуын бақылауды жүзеге асырады, есептемелерді  қабылдайды және тексереді, тоқсандық және жылдық есептемелер жасайды. Өскемен қаласы бойынша консолидациялық есепті құрастырады. Мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерімен бухгалтерлік есеп және есептеу сұрақтары бойынша семинар-кеңестер өткізеді. Банк құжаттарын тексереді және оларға қол қояды. Өскемен қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері бойынша барлық қосымшаларымен  дебиторлық қарыз туралы жинақталған айлық, тоқсандық және жылдық есептемелерін жасайды. Демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша жинақталған тоқсандық және жылдық есептемелерін, түсімдер жоспарларының орындалуы туралы мемлекеттік мекемелердің қарамағында қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен шығындар туралы есептеме жасайды. «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ерекшелігі бойынша бюджет қаражаттарының игерілуін есепке алуды жүргізеді. «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін жасайды. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, сондай-аққ оны өзгертуге өтінімдер  жасайды. Қаржы бөлімінің аппараты  бойынша «Бас журнал»  кітабын,  қаржыландырулар мен шығындар несиелерін есепке алу кітабын жүргізеді. Қаржы бөлімінің аппараты  бойынша тоқсандық және жылдық баланстарды қосымшаларымен бірге дайындайды. Бухгалтерлік есеп жүргізеді, жергілікті бюджет бойынша «Бас журнал» кітабын жүргізеді. Жеткізіп берушілермен келісімдер, қосымша келісімдер, салыстыру актілерін жасайды. Түгендеуді дайындау және өткізу. Қаржы басқармасымен, ШҚ Қазынашылық басқармасымен және қаладағы мекемелер, ұйымдармен  хат алысады. «Ашық мәліметтер» порталында ақпараттарды орналастыру және жандандыру. т. 26 85 27
Алимова Бухгалтерлік есепке алу және есептеу секторының бас маман-бухгалтері Алимова
Алима
Демитовна
Қаланың қаржы бөлімі жұмыскерлерінің жеке шоттарын жүргізеді, жалақы төлемдері, демалыс және аурухана парақтары бойынша есептемелер жасайды. Бухгалтерлік шоттары бойынша талдау есептемесінің айналымдық ведомосін жасайды.Негізгі құралдар мен қорлардың бухгалтерлік есебін жүргізеді.  № 2, 5, 6, 8, 9, 13, 16 м/о жинақтаушы ведомосін жасайды. Салық комитетіне, Статистикалық басқармаға (еңбек ету, негізгі қаражаттар, 1-инвест нысаны бойынша, есептелген жалақы мөлшері бойынша жұмыскерлер санын бөлу туралы, №4-информ нысанын, №1 жанармай энергетикалық баланс нысанын) тоқсандық және жылдық есептеме жасайды және тапсырады. Қоршаған ортаны ластағаны үшін тоқсандық, жылдық есептемелер жасайды. Желі және қаржы бөлімі аппаратының штаттары бойынша есептеме дайындайды, ИУЦ АҚ-на активтерді түгендеу бойынша жылдық есептеме дайындайды. Бюджеттік тапсырыстар, қаржыландырудың жеке жоспарын дайындайды. Сенімхаттарды тіркеу журналын жүргізеді. Жол парақтарын береді және бензинге талондарды беру есебін жүргізеді. Жалақы төлем бойынша, жеткізіп берушілердің қойған шоттары бойынша төлемге өтінімдер мен шоттар дайындайды және басып шығарады. Өскемен қаласы қаржы бөлімі аппараты және жергілікті бюджет бойынша ШҚ Қазынашылық Департаментіне құжаттарды апарады және әкеледі. Өскемен қаласының қаржы бөлімінің  қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу үрдістерін жүзеге асыру. Есептегіш құралдарының көрсеткіштері туралы ай сайынғы есептеме жасайды. Коммуналдық қызметтер бойынша шоттарды жинайды. Қаланың қаржы бөлімі жұмыскерлерінің аванстық есептемелерін қабылдайды және тексереді. Жеткізіп берушілермен келісімдер, қосымша келісімдер, салыстыру актілерін жасайды. Түгендеуге қатысады және дайындайды. т. 26 85 27
Оразгалиева Коммуналдық мүлікті басқару бойынша секторының меңгерушісі Оразғалиева
Айжан
Төлегенқызы
Сектордың жұмысын үйлестіру, талдау және қорытындылауды жүзеге асырады. Операциялық жұмыс жоспарын және сектордың атқарған жұмысы туралы есептеме жасайды. Жылжымайтын мүлік орталығы, прокуратура, әділет, салық органдарымен байланысты жүзеге асырады. Сектор жұмысының негізгі бағыты бойынша заңды және жеке тұлғаларға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді. Сектор құзыретінің төңірегіне кіретін сұрақтар бойынша қаржы бөлімінің басшылығына қажетті ақпараттар мен анықтамаларды дайындауды ұйымдастырады. Сектор қызметінің негізгі бағыты бойынша нормативтік-құқытық актілердің жобасын дайындауды жүзеге асырады. Сектор құзыретінің төңірегіне кіретін сұрақтар бойынша бақылауда тұрған хаттар, әкімдік қаулылары, әкімнің хаттамалық тапсырмалары, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді және кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолданады. т. 57 79 30
Туменбаева Коммуналдық мүлікті басқару бойынша секторының бас маман-заңгері Түменбаева
Мәдина
Мантайқызы
Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың ережелерін бекітуге, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қажетті құжаттарды дайындайды. Иесіз және мирасқорлары жоқ мүліктер бойынша ақпараттарды жинау және қалыптастыруды жүзеге асырады, оларды әділет органдарында есепке қою үшін құжаттар дайындайды. Коммуналдық меншікке түскен иесіз және мирасқорлары жоқ мүліктерді тану үшін сотқа талаптар ұсынуға қажетті материалдарды жинауды жүзеге асырады. Жеке негіздемелер бойынша коммуналдық меншікке жатқызылатын (түскен) мүлікті есепке қою, сақтау,  бағалау және келешекте пайдалану бойынша жұмыс жүргізеді. Сектор жұмысының бағытына байланысты істер бойынша сот мәжілістеріне қатысады. Жеке негіздемелер бойынша ай және тоқсан сайын мемлекеттік кірістер басқармасына коммуналдық меншікке түскен мүліктер туралы есеп дайындайды. Құқықтық жалпылай оқытуды ұйымдастырады. Сектор жұмысының мәселелеріне байланысты істер бойынша сот орындаушылары департаментімен, прокуратура, әділет органдарымен байланыс жүргізеді. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауды жүзеге асырады.  «Ашық НҚА» порталында ақпараттарды орналастыру және жандандыру.  
Кожикова Коммуналдық мүлікті басқару бойынша секторының бас маманы Кожикова
Айгерім
Ақботақызы
Артық және пайдаланбай тұрған коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беру) беру үшін тендер өткізуді  ұйымдастырады. Жалға беру келісімдерін рәсімдейді және шарттарды жасайды. Жалға беру шарты бойынша төлемдердің ай сайынғы төлемдерін және өсімдердің салыстыруын жүргізеді. Жалға беру шарттарына қосымша келісімдер дайындайды. Жасалған шарттар бойынша жалдама төлемақысына жыл сайын қайта есептеу жүргізеді. Кейін сатып алу құқығынсыз және кейін сатып алу құқығымен тендерлік негізде берілген жалға беру міндеттемлерінің орындалуын тексереді. Мемлекеттік мүлік тізіліміне жалға беру шарттары бойынша мағлұматтар енгізуін қамтамасыз етеді. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауды жүзеге асырады. Сектор қызметінің мәселелері бойынша хат алысуды жүргізеді. Сектор құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржы бөлімінің басшылығына қажетті анықтамалар мен ақпараттарды дайындайды.   т. 24 44 92
Токтамысов Коммуналдық мүлікті басқару бойынша секторының бас маманы Тоқтамысов
Мәди Рысқалиұлы
Мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген коммуналдық мүлікті тиімді пайдалануға тексеру жүргізеді. Коммуналдық меншіктің бос тұрған ғимараттары мен құрылыстары бойынша ақпараттарды жинастырады және қалыптастырады. Мүлікті қалалық коммуналдық меншік құрамына қабылдау, оларды мемлекеттік заңды тұлғаларға бекіту, теңгерімнен теңгерімге беру, мүлікті қалалық коммуналдық меншіктен облыстық коммуналдық меншікке беру туралы, мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінен мүлікті есептен шығару бойынша құжаттарды дайындайды. Мүлікті уақытша өтеусіз пайдалануға беру туралы шарттарды рәсімдейді. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжаттарды дайындайды. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауды жүзеге асырады. Сектор қызметі мәселелеріне байланысты хат алмасады. Сектор құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржы бөлімінің басшылығына анықтамалар мен ақпараттар әзірлейді. т. 24 44 92

 

Бет өзгертілді: 31-03-2017