Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы

Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
туралы ереже
*.doc 72 KB

Виртуалды қабылдау бөлмесі

«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімі» ММ 2016 жылдың қазан айындағы атқарылған жұмысы туралы ақпарат *.doc 79 KB

Жаксылыков Аскар Мекешевич«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Асқар Мекешұлы Жаксылыков

1964 жылы 7 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Белоусовка кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары.
1986 жылы Семей қаласының технология институтын бітірген.
2002 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
1986 жылдың қараша айынан 1988 жылдың маусым айына дейін Кеңес армиясының қатарында әскери борышын өтеген. 

Отбасылық жағдайы: үйленген.
Еңбек жолын 1988 жылдан бастаған: 1988 жылдан 2000 жыл аралығында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, сауда және бизнес салаларында жұмыс істеген. 2000 жылдан «KGE LTD» ЖШС коммерциялық директоры лауазымында қызмет атқарды. 2005 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін «Инвестстрой-А» ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарды, 2006 жылы директор лауымына ауыстырылды. 2007 жылдан 2009 жылға дейін «Автопассажиртранс» ЖШС атқарушы директоры лауазымында жұмыс істеді. 2009 жылдың ақпан айынан қараша айына дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» КСК» МКК ЕҚ және ҚТ бойынша бас техникалық басшы – жалпы мәселелер бойынша директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап 2015 жылдың 22 қарашасына дейін «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2015 жылдың 23 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істейді.

Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:
- қаланың тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
- коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. 
- су құбырларының, тазарту имаратының, жылу және электр желілерінің және қаланың басқа көліктік және инженерлік инфрақұрылымдары объектілерінің құрылысын және пайдалануды ұйымдастыру;
- қала жолдарын салу, пайдалану және күтіп ұстау
- қала аумағын көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- заңнамамен берілген өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;
- көлік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
- қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қабылдау уақыты әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Асқар Мекешұлы Жақсылықов, жеке сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғаларды ай сайын – әр айдың үшінші сәрсенбісінде сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.

«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары Әсет Құмарханұлы Курумбаев, тұрғын үй-коммуналдық сипаттағы жеке сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғаларды ай сайын - әр айдың бірінші және үшінші бейсенбі күндері сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.

«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары Азамат Ныгматұлы Ныгматов, қаланы көріктендіру, жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдарына қатысты жеке сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғаларды ай сайын - әр айдың екінші және төртінші бейсенбі күндері сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.

Мекен-жайы 492024, Қазақстан көшесі, 27, қабылдау бөлімінің телефоны 26-40-58 
«Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сенім телефоны  26-40-58 жұмыс істейді.

Мекеменің құрылымы

Әкімдіктің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 10002 «Өскемен қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы*.doc 185 kB

Бет өзгертілді: 15-05-2017