Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


- Өскемен қаласының әкімі

Ішкі саясат

«ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС

Чернышов Олег Владимирович «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС директоры - Чернышов Олег Владимирович

1960 жылғы 18 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келді. Ұлты орыс. Жоғары білімді. 1982жылы Өскемен құрылыс-жол институтының көпірлер мен туннельдер факультетін инженер құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылдың сәуір айынан бастап «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС директоры.

2010 жылы Халықаралық бизнес университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тамамдады.
Қазақстан Республикасында болып жатқан демократияның үзіліссіз процессі билік алдында да, қоғам алдында да қоғамдық-саяси жағдайлардың ашықтығының, тұнықтығының үнемі жаңа талаптарын қалыптастырып отырады. Талдау және болжау институты билік органдары мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесу қиылысында тұрғандықтан, мемлекет дамуының өзекті беталысын тани білетін икемді құрылым болып табылады.

Аймақтағы қоғамдық саяси жағдайлардан хабардар болып отыру үшін талдау және болжау институтының қызметкерлері жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыруға және туындап отырған мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін шаралар жүйесін әзірлеуде. Өзінің жұмысы барысында Талдау және болжау институты үлкен қарымды құрылымға айналды. ШҚО ішкі саясат Басқармасы жұмысының тиімділігінің тікелей индикаторы және оның басшыларының мемлекеттік басқарудың оптимистік және демократиялық бағыттағы дұрыс таңдау жасағандығының көрсеткіші іспеттес.

Бүгінгі таңда Талдау және болжау институты келесі салаларда өзінің қызметін жемісті атқаруда:

  1. Жергілікті билік органдарының ШҚО тұрғындарымен ақпараттық-талдау, болжау, қоғамдық-саяси және әлеуметтік жұмысының жүйелі сапасы мен тәжірибелік бағыт-бағдарын арттыру;
  2. әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да ғылыми зерттеулер жүргізіп, тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу;
  3. Билік пен азаматтық қоғамның (ҮЕҰ, БАҚ, білім беру мекемелері, бизнес-құрылымдар) өзара әрекетесудің нақты механизмдері мен қолайлы жағдайларын жасау;
  4. Шығыс Қазақстанда ақпараттық-ағарту, мәдени, әлеуметтік және қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастырушыларға әдістемелік көрсету;
  5. семинарлар, тренингтер, имидждік акциялар, сайлау кампанияларын әзірлеу және ұйымдастыру (PR қызметін ұсну);
  6. БАҚ және жарнама салаларындағы қызмет;
  7. баспа қызметі.

Өз міндеттерін сапалы түрде жүзеге асыру үшін Талдау және болжау институты қазіргі заманға сай техникамен жабдықталған. Баспасөз конференциялары мен тренингтер өткізуге арналған ілеспелі аударамасы бар үлкен зал жабдықталған, онда конференц-жүйе, тұсаукесер өткізуге арналған орталық экранға шығатын 10 ілеспелі монитор орнатылған.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, индекс 070019, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі 7/1.
Қабылдау бөлмесінің телефоны:57-89-56
Директордың телефоны:57-89-70
E-mail: chernyshov@centr.kz
E-mail: analitikvko@rambler.ru

Бет өзгертілді: 16-07-2015