Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Ішкі саясат

Ұлттық-мәдени орталықтар (ҰМО)

Өскемен қаласындағы этномәдени бірлестіктердің тізімі *.doc 1.8 Mb

Өскемен қаласында қазақ, кәріс, шешен, ингуш, неміс, орыс, украин,  белорус, татар, және басқа ұлттардың өкілдері кіретін 19 этномәдени бірлестіктер құрылды және жұмыс істейді.

Этномәдени бірлестік қызметтерінің мақсаты мәдениет, өнер, дәстүр, ата-бабаларының тілдерін, ұлттық мәдениеттің тарихын құрметтеу, өз тамырлары туралы білімді   дамыту болып табылады.

ЭМБ кейбір өкілдері  - кәріс, неміс, шешен-ингуш репрессияға ұшыраған халықтардық ұрпақтары болып табылады, Саяси репрессиялардың құрбандары күні іс-шаралар ды дайындайды және қатысады, кінәсіз қаза тапқандарды еске алады.

Татарлардың «Сабантой» мерекесі жалпы ұлттық болып қалыптасты, оның барысында басқа ұлттардың өкілдері ойындарға, билерге қатысады.
Қазақстан Республикасы халықтарының бірлік күніне арналған «Мен Қазақстан патриотымын!» шеруге, ҚР Конституция күніне арналған «Конституцияға берікпіз!» шеруіне қалалық іс-шараларға ЭМБ өкілдерінің бірлесіп дайындалу және қатысу дәстүрге айналды.

Алғашқы рет қалада ҚР Конституция Күнін мерекелеу аясында этносаябақта түрлі ұлттардың дәстүрлі той салттарының көрінісі өтті.
Этномәдени бірлестіктердің қызметінде ең маңыздысы Қазақстанда тұратын ұлттардың дәстүрлерімен, тұрмысымен әрбір қала тұрғыны таныса алатын мүмкіндігі бар этноауылдың құрылысы және ашылуы болып табылады.  Бұл жерде «Троица» - православты шіркеу, «Вартавар» - армяндардың жаз мерекесі, ұйғырлардың «Ертегілер әлемі», әзірбайжандық  «Азери», қазақтың «Ата мұра», «Ляйлят аль-Кадр» - мұсылман діни мерекесі, кәрістік «Хэдоди», белорусс және поляк ұлттарының – «Дажинки»,  «Рош а-шана» - еврей жаңа жылдық мерекелері және т.б.

Қазақстан Республикасының 20-жылдық Тәуелсіздігін мерекелеу аясында 2011 жылдың 26 қазанында Облыстық халықтар достығы үйінің, этномәдени бірлестіктердің  қызметі туралы материалдарды  таныстыратын «Бір шаңырақ астында» журналының тұсау кесері мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті.   

Бет өзгертілді: 16-07-2015