Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Ішкі саясат

Дін

Салафизмнің мағынасы мен қаупін түсіндіру бойынша ақпараттық материалдар жинағы *.doc 1.1 MB
Теріс діни ағымдардың ортақ белгілері *.doc 62.5 KB
Жастардың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру мәселелері *.doc 31.7 KB
«Abai.kz» ақпараттық порталы. Дін істері агенттігі ислам діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқарма басшысы Б.Мекежановтің «Жихадқа» шақырып жүргендер - такфиршілдер» атты мақаласы *.doc 47.1 KB
Рухани жақындасу жолындағы нық қадам *.doc 39.9 KB
Қазақстандағы ислам: мәселелер және шешу жолдары *.doc 38.4 KB
Орта ғасырларда кептеліп қалған пендsелер *.doc 74.0 KB
Ислам терроризмге қарсы *.doc101.0 KB
Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңы *.doc 97.5 KB
Өскемен қаласы бойынша діни бірлестіктер тізімі *.doc 62.5 KB
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз
ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Қайрат Лама Шарифтың «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» атты мақаласы *.doc 91.5 KB

Қалада 17 діни ұйым қызметтерін атқаруда, оның ішінде: 7 православты (о.і 2 ескі дәстүрлі), 10 протестантты(о.і 1 филиал), 1 дәстүрлі емес және ҚМДБ діни ұйымының 5 филиалы.

Олардың өкілдері қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады, жергілікті атқарушы органдармен тығыз қызмет әрекет етеді.
Өскемен қаласының аумағында орналасқан діни бірлестіктердің және культтық ғимараттардың қызметінің мониторингі жүргізіледі. Діни экстремизмді алдын алу мәселелерінде «Единство» қоғамдық бірлестігінің мүмкіндіктері белсенді қолданылады.

Өскемен қаласындағы діни жағдай тұрақты болып сипатталады. Конфессияаралық қақтығыс, Қазақстан Республикасының «Дін тұту еркіндігі және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормаларын бұзу жағдайлары жоқ. Әр түрлі діни конфессияның өкілдері дінге еріктілік білдіре отырып бір-біріне түсіністікпен қарайды.

Дінге сенуші халықтың негізгі бөлігін Ислам және Орыс Православты Шіркеуінің ізбасарлары құрайды. Дінге сенетіндердің және дін қызметкерлерінің басым көпшілігі саяси адалдық танытады. Культтық салттар және құдайға құлшылық ету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын бұзу жағдайларына жол берілмеген. 

Өскемен қаласындағы дәстүрлі діни бірлестіктердің абыройы және оларға деген сенімділіктің деңгейі біртіндеп өсіп келеді. Ұмытылмас күндерге арналған мерекелерді мемлекеттік органдармен және діни бірлестіктермен бірге өткізу дәстүр болып кетті.
Жыл сайын Республика алаңында Рождество Христовоға арналған көпшілік көңіл көтерулері өткізіледі, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Облыс және қала басшылары мерекенің құрметіне құдайға құлшылық етулер өткізіліп жатқан православты ғибадатханаларға барып, діни бірлестіктердің өкілдерін құттықтайды.
Діни бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен Құрбан айтты тойлау өткізіледі, бұл күні «Бауырсақ» фестивалін өткізу дәстүрге айналды. Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының Бірлігі күні, Сабантуй, Рухани келісім күні  барлық конфессия өкілдері үшін жақын болды. Рухани келісім күні қарсаңында бағыт-бағдар беру өткізіліп, ақпараттық-насихаттау топтар мүшелері үшін әдістемелік құралдар дайындалды.

Сәуірдің соңында қаланың діни бірлестіктерінде Чернобыль атом станциясындағы апат құрбандарын және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу өтеді.
Қаланың кітапханаларында тарихи-мәдени, діни және адамгершілік тақырыптарындағы кітап және фото көрмелері, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында алдағы қатарлы діндердің (ислам, христиан, буддизм, иудаизм) атрибуттарының (сирек кездесетін шіркеу кітаптар, иконалар) көрмесі дайындалып, жаңартылып отырады. 

Барлық діни бірлестіктер Қазақстан Республикасының «Дін тұту еркіндігі және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес тіркеледі.
Діни экстремизмге қарсы тұру және алдын алуды бірлесіп жүзеге асыратын діни бірлестіктерінің арасында бір бірімен түсіністікті және төзімділікті нығайту мақсатында 10 жылдай бұрын діни бірлестіктермен байланыс бойынша Өскемен қаласы әкімінің жанында Кеңес құрылды. 

Діни конфессиялармен бейбітшілікті, келісімді және тату көршілікті нығайту; салауатты өмір салтын қалыптастыру; адамгершілікке тәрбиелеуді, өнегелікті және отбасылық құндылықтарды нығайту, мейірімділік пен қайырымдылық, деструктивтік діни   ағымдарға және діни экстремизмге қарсы шығу бағыттарымен жүргізіледі.

Жыл сайын Кеңес туралы ережеге сәйкес жұмыс жоспары бекітіледі, ережеге сәйкес тоқсан сайын отырыстар өткізіледі. Кеңес қаладағы діни жағдайға жан-жақты сараптама және қорытындылау жасап, діни бірлестіктер туралы мәліметтер жинағын құрып, жаңартып отырады, азаматтардың дін тұту еркіндігі құқығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Кеңестің шешімі ұсынымдылық сипатында пайдаланылады.

Елбасымен жүргізілетін саясатты қолдау бойынша діни бірлестіктермен үлкен жұмыс атқарылуда. Дін қызметкерлері өздерінің уағыздарында бейбітшілікке және өзара түсінісушілікке, адамдар арасындағы рухани келісімге, дінге сенушілерді жақын адамдарына махаббат сезіммен қарауға, толеранттыққа шақырады. Діни бірлестіктер қайырымдылық көмекті жүзеге асырады.
Аталмыш бағыт бойынша жұмыс бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы және визуалды түрде жарияланады.

Құрметті форумға қатысушылар мен қонақтар!
Күнделікті өмір діни бірлестіктердің құқықтық мәдениетін және қызметінің айқындылығын арттыру қажеттілігін көрсетті. Діни бірлестіктердің бәрі «мақсатымыз – дінге сенушілердің діни қажеттіліктерін қанағаттандыру, тұлға мен қоғамды рухани-адамгершілік тұрғыдан жетілдіру» деп мәлімдеуде.
Мемлекет пен қоғамның да діни бірлестіктерге жоғары талаптар қоюға толық құқысы бар деген сенімдемін. Физиканың атасы Альберт Эйнштейннің: «Ешқандай мақсат, оған қол жеткізу үшін лайықсыз қаражатты ақтайтындай, соншама қол жетімсіз емес» деген сөзін еске салғым келіп отыр.

Діни жетекшілер адамгершіліктің және жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін шынайы қызмет етудің үлгісі болуға тиісті. Бірақ біз діни бірлестік өкілдерінің күдікті, тіпті қылмыстық істерге қатысты болғанын да білеміз. Мәселен, 2010 жылдың қыркүйек айында Алматы әуежайында «Благодать» шіркеуінің пасторы Ким Сам Сон тәртіп сақшыларының қолына түскен. Тексеру кезінде одан декларацияланбаған ірі көлемде ақша қаражаты табылды. Шетелдік миссионер ел аумағынан Оңтүстік Кореяға заңсыз түрде 130 мың АҚШ долларын алып шықпақшы болған. Ол Қазақстанның кеден қызметкерлерімен ұсталып, Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық сотымен ақшасы тәркіленіп, шартты түрде екі жылға сотталды. 

Басқа да діни бірлестіктердің қаржылық қызметінің айқындылығы күмән тудырады. Сондықтан діни бірлестіктердің қаржы-шаруашылық қызметі саласын заң талаптарына сай ретке келтіру қажет.

Бұл мәселенің шығу төркініне көз жүгіртсек, тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдары Қазақстанға жат елдерден қалтасы қалың дінтаратушылардың ағылып келуінен бастау алғанын байқауға болады. 

Көлемді қаражатты қолданатын шетелдік миссионерлердің басты мақсаты – өз қатарына қарапайым адамдарды, әсіресе жастарды тарту болды. Жастардың білім-ғылымға деген құштарлығын пайдалана отырып, діни жетекшілер әртүрлі білім беру курстары мен материалдық игіліктерді ұсынған, осылайша оларды өз торларына түсірген.

Ендігі уақытта шетелдік миссионерлердің мұндай әрекеті 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының бұзғандығын білдіреді. Жаңа Заңымызға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын қайырымдылық амалдар арқылы өз мүшелігіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

Осы орайда діни бірлестіктің қаржы-шаруашылық қызметі елімізде 2001 жылдың 16 қаңтарынан бастап қолданылатын «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңмен реттелетінін еске салған жөн. Аталған заңға сәйкес барлық діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Сондықтан коммерциялық емес ұйым кiрiстерiнiң мөлшерi мен құрылымы, сондай-ақ коммерциялық емес ұйым мүлкiнiң мөлшерi мен құрамы туралы, оның шығыстары, қызметкерлерiнiң саны мен құрамы туралы, олардың еңбегiне ақы төлеу, коммерциялық емес ұйымның қызметiнде азаматтардың өтеусіз еңбегiн пайдалану туралы мәліметтер коммерциялық құпияның нысаны бола алмайды.

Одан басқа, өз қызметін халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтеусіз беретін қаражаты есебінен жүзеге асыратын діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық органдарына осы қаражатты пайдаланғаны туралы есеп беруі тиіс.
Діни бірлестіктердің басшылары қайыр-садақадан түсетін қаражатты мақсатсыз жұмсайтынын да көңіл аудару керек. Өкінішке орай, кейбір дін адамдары үшін діни қызмет ету көп табыс әкелетін бизнес түріне айналып кеткен.

Сондықтан да ресми тіркелген діни бірлестіктер қаржылық қызметтерін нақты айқын көрсеткені абзал. Осылайша діни бірлестіктер өздерінің қаржы көздері туралы ақпаратты жариялау арқылы ашық қызметін жүргізе алады, ал бұл жағдай жергілікті тұрғындардың оларға деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бұл мәселе бойынша шетелдік тәжірибелерді де зерттегенімізді атап өтеміз. Халықаралық практика да діни бірлестіктердің қаржылық қызметінің айқын болғанын көздейді.

Мәселен, АҚШ-та діни қауымдар шығын болатын немесе кіріс түсетін іс-шаралар бойынша салық есебін беріп тұрады. Францияда діни ұйымдар жыл сайын өткен кезеңге қаржы есебін беруге және мүлікті түгендеуге міндетті. Жапонияда Токио метросында болған қанды оқиғалардан кейін заңнама күшейтіліп, енді діни жетекшілер жыл сайын қаржылық құжаттарын тексеруге ұсынады.

Түркияда діни қатынастар саласын мемлекет қатаң бақылап, реттеп отырады. Сөйтіп, Түркияның Діни істер басқармасы (Дианет) 100 мыңға жуық имамдар жұмыс істейтін 85 мың мешіт төңірегіндегі ахуалды зер салып, қадағалап отырады. 2011 жылы Түркия азаматтарының ерікті қайыр көрсету түсімдері 3,2 млрд. астам түрік лирасын немесе 1,8 млрд-қа жуық АҚШ долларын құраған.

Құрметті әріптестер!
Форумға қатысушылардың назарын дін атын жамылған экстремизм көріністерінің алдын алу сияқты маңызды мәселені шешуге аударғым келіп отыр.
Бұл жерде сарапшы қоғамдастықтың, ғылыми және шығармашылық зиялылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысқаны әсіресе маңызды. Біз экстремистік идеялардың таралуына зияткерлік тұрғыда тойтарыс беруіміз қажет. Гуманитарлық саладағы ғалымдардың күш-жігерімен фанатизм мен радикализмнің адамгершілікке қарсы идеологиясын, бұл идеяны қолданушылардың діни ілімнің шынайы мән-мағынасын бұрмалайтынын әшкерелеу қажет.
Қазақстан қоғамын, әсіресе жастарды экстремистік күштердің теріс пиғылды ықпалынан қорғау үшін насихат, ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиімді тәсілдер жасап шығару қажет.

Бұл бағыттағы маңызды міндеттердің бірі – ақпараттық саладағы діни экстремизмге қарсы әрекет ету болып табылады.
Баспасөз беттеріндегі алыпқашпа әңгіме, сенімсіз ақпаратты таратудың, радикализм идеяларын ерікті-еріксіз насихаттаудың арнасына айналу көріністері байқалуда. Осындай үрдістерді тоқтату мақсатында мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары тығыз өзара іс-қимыл орнатуы қажет. БАҚ арқылы жүргізілетін белсенді идеологиялық, ақпараттық-насихат жұмыстарына танымал дінтанушы ғалымдарды тарту маңызды.

Бүгінгі таңдағы ең басты әрі өзекті мәселелердің бірі – өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу. Жастыққа тән максимализм мен бойұрушылықтың салдарынан жастар дінді аңғармай теріс қабылдау жолына түсуі мүмкін. «Дінді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деген ұлағатты сөз осыдан шығады. Біз экстремизмнің тигізетін залалын көрсететін ғана емес, сондай-ақ жастардың күш-жігерін жасампаз арнаға бағыттайтын тәрбиелеу мен білім берудің озық жүйесін әзірлеуіміз керек.

Біздің пайымдауымызша, дінтанушы ғалымдар радикалды діни ағымдарға тойтарыс бере алатын ақпараттық және түсіндіру жұмыстарына, рухани мұра мен ұлттық мәдениетті насихаттауға бұдан да белсендірек қатысуы керек.

Қоғамды рухтандыруды арттырудың маңызды міндеті – адамгершілікке баулитын, адалдық пен әділдікті насихаттайтын, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятатын, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға құрмет көрсетуге тәрбиелейтін ислам дінінің шынайы құндылықтарын түсіндіру болып табылады. Бұл орайда исламдағы ханафи мектебінің діни ғұламаларының, сондай-ақ XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларының еңбектерін зерттеу мен басып шығару мәселесі маңызды болып отыр.

Қазақстанның барлық аймақтарында ақпараттық-насихат топтары жұмыс істейді. Олардың басты мақсаты – дінаралық келісімді насихаттау және діни экстремизмнің алдын алу. Аталмыш топтар өз жұмысында қоғамның барлық әлеуметтік топтарын, бірінші кезекте жастарды қамту керек. Мұндай топтардың жұмысында дінтанушылар мен имамдар аса маңызды рөл атқаруы тиіс.

Құрметті Форумға қатысушылар!
Сарапшы қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимыл орнату мәселесі біз үшін маңызды болып қала бермек.
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қажетті ғылыми әлеуеті бар. Агенттіктің құрамында Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар тек қана өз қызметкерлерінің күшін үйлестіріп қана қоймай, Қазақстанның барлық өңірінен ғалымдарды зерттеу жобаларына, сараптамалық жұмыстарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту қажет.

Аталмыш мекемелерінің қабырғасында мемлекеттік орган қызметкерлерінің, оқытушылар мен зерттеушілердің біліктілігін арттыру қажет. Қазірдің өзінде бұл орталықтар жетекші жоғары оқу орындарының «Дінтану» мамандығы бойынша бакалавр мен магистрлардың ғылыми тәжірибе лабораториясына айналды.

Алайда жалпы дінтану жағдайына, ғылыми зерттеулердің сапасы мен деңгейіне әзірше көңіл толмайды. Зерттеулер әдіснамасын жетілдірудің қажеттілігі туындап отыр. Ғылыми жұмыс қорытындысының теориялық және қоғамға пайдалы тәжірибелік мәні болу керек. Өкінішке орай, біраз монографиялар, диссертациялар мен әлеуметтанушылық зерттеулер жазылғанымен, олардың мазмұны уақыт талабына сай болмай отыр.

Осыған орай, танымал ғалым, Сенат депутаты Ғарифолла Есім төрағалық ететін Дінтанушылар конгресі жұмысынан үлкен үміт артамыз.
Конгресс сарапшылар кездесетін алаңға айналу қажет, онда дінтану, философия, мәдениеттану, тарих және саясаттану саласындағы тәжірибелі мамандар діни ахуалға ғылыми тұрғыдан баға беріп, мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар әзірлеуі керек.

Конгресс шеңберінде республикалық және өңірлік деңгейде діни ахуалдың болуы мүмкін қарама-қайшылық көріністерін алдын-ала айқындау және ескерту жөнінде жобаларды жүзеге асыру қажет.

Ғалымдар өз күш-жігерін «Дінтану негіздері» курсын оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін қалыптастыруға және жалпы дінтану зерттеулерінің деңгейін жоғарылатуға бағыттауы маңызды. Дінтану пәнін орта және жоғары оқу орындарында оқытудың тәжірибесін талқылап, бір жүйеге келтіру игілікті іс болар еді.

Құрметті әріптестер!
Конфессияаралық келісім – қоғамдағы тұрақтылықтың басты элементтерінің бірі болып табылады. Біз мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазақстандық үлгісін жетілдіру ісінде дінтанушы ғалымдармен, діни бірлестік өкілдерімен бірлесіп, одан әрі жасампаз жұмыс жасаймыз деген ойдамыз.
Біздің бәріміздің мақсатымыз бір: қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен ар-ождан еркіндігін қорғау, дінді теріс пиғылды және экстремистік мақсаттарда пайдалануға жол бермеу. Тек осы жолда ғана біз ең маңызды нәрсе – біздің ортақ шаңырағымызда бейбітшілік пен келісімнің сақталуына қол жеткізе аламыз.

Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Дінде экстремизм жоқ

Бүгінде Қазақстан Республикасы конфессияаралық және этносаралық келісім салтанат құрған ынтымақты елдің үлгісіне айналып отыр. Кеңес Одағының және атеистік жүйенің ыдырауы рухани кеңістік бос қалған жылдарда ұмытылып кеткен қазақстандық қоғамның ұлттық және діни дәстүрлерінің қайта жаңғыруына серпін берді.Қазіргі таңда дін қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан мемлекет Қазақстандағы діни қатынастарды дамытуға әрқашан ерекше көңіл бөлуде.

Біз діни экстремизмнің алдын алу бағыттарының бірі ретінде Қазақстан қоғамын рухани ағартуға ерекше көңіл бөлеміз. Қазақстандықтар діни көзқарасының әркелкілігіне қарамастан, зайырлы елімізде имансыздық, діни ой-пікірлердің радикалдануы секілді шектен шығушылықтардың таралуына жол бермеу жолында бірігуі керек.
Республикадағы діни ахуал жалпы алғанда тұрақты екенін атап өткен жөн. Дей тұрғанмен, еліміздің жекелеген аймақтарында діни экстремизм ошақтарының шоғырлануы байқалады.

Еліміздің батыс өңірлеріндегі бірқатар лаңкестікті ұйымдастыру әрекеттері, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің астыртын экстремистік топтарды әшкерелеуі, осындай топтардың мүшелерімен жүргізіліп жатқан сот процестері осы үдерістердің көріністері болып отыр.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың 10 айында экстремизм мен терроризмге қатысты 112 қылмыс анықталған. Ұлттық қауіпсіздік Комитеті биылдың өзінде 24 лаңкестік әрекетке тосқауыл қойды. Соңғы бес жылдың ішінде басқа мемлекеттер аумағында лаңкестік ұйымдардың іс-әрекеттеріне қатысы бар Қазақстанның 40 азаматы ұсталды.Олардың заңсыз қарулы құрылымдардың лаңкестік іс-әрекетіне қатысқаны да анықталды. Қазақстанда халықаралық террористік және экстремистік ұйымдардың 68 мүшесі ұсталды.

Сондықтан біздің бүгінгі кездесуіміз мемлекет пен бүкіл қоғамның діни экстремизм мен терроризм қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет етуге бағытталған белсенді жұмыстарымен астастырыла өтуде. Қазақстанның барлық аумағында дінтанушылар, мешіт имамдары, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қайраткерлерден құралған ақпараттық-насихат топтары ұйымдасқан түрде жұмыс жүргізуде. Басты міндет – дін атын жамылатын экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу.

Барлық әлемдік діндердің биік адамгершілік және гуманистік құндылықтар мен идеяларды насихаттайтыны баршаға белгілі. Бұған Қазақстанда төрт дүркін өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері куә бола алады. 2013 жылы Съездің 10 жылдық мерейтойын атап өту жоспарлануда.

Міне, сондықтан да біз «дінде экстремизм жоқ» деп нық сеніммен айта аламыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылы жазған «Сындарлы он жыл» кітабының екінші бөлімі дәл осылай аталады.

Көптеген мемлекеттер зайырлы сипатқа ие, дей тұрғанмен діннің қоғамда дербес күйде, яғни өзімен-өзі әрекет етуіне жол берілмейді.
Шынайы дін адамзатқа тура жол нұсқаушы ретінде адамды, азаматты адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуі, отансүйгіштікті, гендерлік теңдікті арттыруы, өшпенділік пен басқыншылықты былай қойғанда, адамдарды теріс іс-әрекет атаулыдан сақтауы керек.
Дін қоғамда өзінің сындарлы рөлін атқаруы тиіс, келіспеушіліктердің алдын алуға көмектесіп, әлеуметті біріктіруі қажет. Басымдықтарды айқын және нақты белгілеп, діни білім берудің тәсілдері мен стратегиясын жасап шығару қажет. Бұл аса маңызды іс, өйткені біз қоғамдағы жастардың рөлі туралы айтып отырмыз. Зайырлы білім де, діни білім де адамды тәрбиелеп қана қоймай, оны дұрыс жолға бағыттап, оның ойдан шығарылған бұрмалаушылық нанымдардан айығуына септесуі қажет. Адамдардың діни білімі тек халық игілігі үшін жұмсалуы керек.

Біз үшін XXI ғасырдың артықшылығы – қазақстандықтардың сана-сезімінің, білім деңгейінің жоғары болуында. Біздің әрқайсымыз Қасиетті Құран, Библия және Талмуд секілді діни түпдеректерді алып оқуға және әлемдегі бірде-бір діннің зорлық-зомбылық жасауға, соғысқа немесе өшпенділікке шақырмайтынын түсінуге қабілеттіміз. Ал көзі ашық, көкірегі ояутұлғаның теріс пиғылды араңдатушылықтарға елігу ықтималдылығы өте төмен болатыны айдай анық.
Экстремизм қатерлі ісік дерті іспеттес. Егер уақтылы алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, уақыт өте келе тамырын тереңге жіберуі мүмкін. Сондықтан қарапайым халықтың діни сауатты болуы өте маңызды әрі қажетті болып табылады. Ал діни сауаттылық – бұл оқыту, ағарту және әдебиеттер арқылы алынатын білім.

Бүгінгі таңда елдегі ахуалды сыни тұрғыдан бағалау негізінде тұрғындардың дін атын жамылған жат идеологиялық екпелерге қарсы берік діни иммунитетін күшейтетін дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыру мәселесі аса өзекті болып отыр.

Өкінішке қарай, белгілі бір күштердің адамдардың діни сауатсыздығын, орнықпағанын, қарсылық райындағы көңіл-күйлерін, жекелеген әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тап болып отырғанын пайдалана отырып, сенушілердің діни сезімдерін алдап, ой-санасын жаулап, экстремистік әрекеттер арқылы өмірдің барлық қиындықтарын бір мезетте шешуге болатыны туралы жалған идеяларды алға тартатын фактілерімен ұшырасып отырмыз.
Талдаулар нәтижесі көрсеткендей, әлемде экстремистердің бүлдірушілік әрекеттерінің Ауғанстанда, Кавказда, Ливияда, Сирияда және ғаламшардың басқа да қауіпті жерлерінде бірдей қолданылатын әмбебапстратегиясы мен тәсілдері қалыптасқан.

Біздің еліміз тәуелсіздіктің 20 жылдан астам кезеңінде көптеген қауіп-қатерлерге тап болды, алайда өзінің бірегей қазақстандық жолымен жүре отырып, олардың бәрін жеңе алды. Радикализм мен экстремизм мәселелерінде де бізге дайын нұсқаулықты ешкім ұсынбайтындығына сенімдіміз. Оны біз өзіміз қалыптастырамыз.

Анти-экстремистік нұсқаулықтың ұстанымдары ретінде қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың конституциялық артықшылықтарын сақтау, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын жүзеге асыру, «дінде экстремизм жоқ» деген айғақты қабылдау болып табылады.  

Елбасы «Сындарлы он жыл» атты кітабында былай деп атап өтеді: «Фундаменталистер тарапынан болатын шетін агрессиядан немесе тұрақсыздықтан қауіптеніп, діннің өзіне, Ислам дініне қатысты қатал саясат ұстану, менің пайымдауымда мәнсіз де мағынасыз тірлік. Олай болатыны, мәселе дін мен оның бұрмалану мүмкіндігінің қисынсыз қосақталуында емес, бұл жерде тек қана теологиялық көзқарастарын қорғағансып емес, сонымен бірге Сенімнің өзін де қорғағанситын діни тыйым режимдеріне қарсы шетін діни радикалдардың шетін күрес тәсілдеріне барулары да елеулі себеп болып отыр». Бұл орайда Елбасымыз былай ескертеді: «Бұл жағдайда да қауіп-қатердің зоры, Сенімді жору мен Сенімнің өзінің арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың ескерілмеуінде болса керек».

Бұл мәселеде Мемлекет Басшысы діни экстремизм құбылысына алдын алу саясаты мен алдын алу әрекеттерінің түрлі нұсқалы әдістемесі тұрғысынан мұқият қарауға шақырады.

Бүгінгі күні дін қызметкерлері мен мешіт имамдарына қатысты көптеген сындар айтылуда, ол бірінші кезекте олардың діни экстремистер мен қандай да бір радикалды діни көзқарастардың жақтастарына тең дәрежеде және уақтылы қарсылық көрсете алмауымен байланысты болып отыр. Бір жағынан, қоғам дін атын жамылған экстремизмнің айқын қауіп-қатерімен бетпе-бет келіп отырғанда мұндай наразылықтардың болуы заңдылық. Қазір ислами дін қызметкерлері сенушілердің діни мұқтаждықтарын қанағаттандыру жөніндегі жұмыстарды өздерінің діни білімі шеңберінде жүзеге асыруда. Түрлі деңгейдегі діни оқу орындарында оларға бірінші кезекте діни рәсімдерді өткізу, діни құлшылықтардың әртүрлі түрлерін жүргізу және ұйымдастыру бойынша білім береді. Сондықтан, университет дипломы немесе медресе куәлігі бар имамды діни экстремизмге қарсы күрестің дайын маманы ретінде қабылдай алмаймыз.
Алайда, аталған жағымсыз құбылыстың айқын қауіп тудырып отырған жағдайында барлық дін қызметкерлерінің осы бағыттағы біліктілігін жоғарылата отырып, ортақ іске жұмылдыру қажет. Уақыт өз талабын қояды. Сондықтан, мешіт имамдарына ислам ілімдері, шариғат және фикх қағидасында, сондай-ақ, әлеуметтану, конфликтология мен психология тәрізді зайырлы ғылымдар тұрғысында радикализм мен экстремизмге діни-идеялық тұрғыдан қарсы тұру әліппесін, яғни негіздерін оқытудың жүйелі бағдарламаларын қалыптастырып, іске қосу қажет деп есептейміз.

Біз Ислам дініне деген фанаттық пен немқұрайды қарым-қатынастан жоғары тұратын парасатты мұсылман тұлғасын тәрбиелеуге мүдделіміз.
Қазіргі қазақтардың дәстүрлі діні біздің ата-бабамыздың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп ұстанған қазақтардың дәстүрлі мұсылмандығында басты негіз ретінде соқыр сенім емес, ақыл-парасат алынған. Ұстамдылық және қоғам бірлігін қорғау идеялары көптеген қазақ ойшылдарының философиялық еңбектерінде көрініс тапқан және бүгінгі қазақстандық қоғам арасында да кеңінен таратуға лайықты. Қазақ даласының әл-Фарабидан бастап Абайға дейін жалғасқан 1100 жылдық рухани тарихы бар.

Біз Ислам дінінің де, қазақ халқының да терең рухани дәстүрлері мен құндылықтарының ұлы тарихи тәжірибесі үйлесімді түрде кіріктірілген қуатты дүниетанымдық парадигма қажеттігін атап айтуға тиіспіз.

Бүгінгі таңда Дін істері агенттігінің қызметі рухани және идеологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Еліміз үшін жат діни ілімдердің жаппай таралу қаупі бар екенін ескере отырып, осы мақсатқа азаматтық қоғамның барлық салауатты күшін жұмылдыру қажет. Халықтың жалпы рухани тұтастығының құрамдас бөлігі ретіндегі діни сауаттылықтың жеке ведомстволық емес, жалпы мемлекеттік мақсат болып табылатынын барша қоғамның түсінуі қажет.

Агенттік тарапынан жүргізіліп отырған кең ауқымды шаралар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жаңа өркениетті деңгейге көтеруге, діни ахуалды оңалтуға, Қазақстанда дінге сенушілердің құқықтары мен бостандықтарын тиімді түрде қорғауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.


Хабарлама