Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Аймұқашев Ерлан Қапарұлы - Өскемен қаласының әкімі

Ішкі саясат

Жастар

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ *.doc 3.9 Mb
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Жоба *.doc 30.6 kB
Өскемен қаласы бойынша жастар үкіметтік емес ұйымдарының тізімі *.doc 108.0 kB
Кадровое агентство «Демеу»

«Жасыл Ел» жасақтары қатарына қабылдау жүргізілуде!

Жазғы демалысты пайдалы өткізгің келе ме?

Шешім бар! «Жасыл Ел» мемлекеттік бағдарламасына қатыс! «Жасыл Ел» қозғалысының  Өскемен қаласында жүзеге асырылып жатқанына, міне, 10 жыл болды! Жастар жасақта әртүрлі бағдарлар бойынша қызмет етеді: елді-мекендерді көгалдандыру (ағаш отырғызу, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазарту және т.б.), өз қаласын көріктендіру.
Бізге кел де, еңбек жасақтарына қосыл!

Біздің мекен-жайымыз: Әуезов даңғ.,5, Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ. Байланыс телефондары: 250-170, 250-190

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» жаңа заң -  жастар үшін жаңа мүмкіндіктер

Бүгінгі күні Өскемен қаласында мемлекеттік жастар саясаты жүйелі  түрде жүзеге асырылып келеді: жастар саясатының сәтті жүзеге асырудағы  басты құралының бірі 2015 жылы қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы» болып табылады.
Жаңа Заң жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуда. Бұл, ең алдымен, жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру үшін нағыз қолдау. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында Еңбек жөніндегі уәкілетті органның «Жастар еңбек биржасы» атты бірыңғай ақпараттық порталдың жұмыс істеуі туралы норма қарастырылған.

Заңда жас кәсіпкерлерге қарастырылған үлкен мүмкіндіктер  айтарлықтай маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, жастардың сұрақтарының оңтайлы шешімі республикалық және аймақтық форумдар; жастар қызығушылығының барлық мемлекеттік органдарда  ескерілуі; мемлекеттік жастар саясатын қарқынды ғылыми қолдау; жастардың азаматтық қызығушылығын жоғарлату.

Заңның негізгі мақсаты болып жастардың табысты әлеуметтену және елімізді одан әрі дамыту үшін олардың әлеуетін мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру үшін заңнаманы жетілдіруге бағыттау болып табылады.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» қаланың жастарымен кездесулер өткізуде.

Осы ретте, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қ. Нұрғалиев атындағы колледжінің, Шығыс техникалық-гуманитарлы колледжінің студенттерімен түсіндірме жұмыстар жүргізілген болатын.

2014 жылы «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасын ұйымдастыру

«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасының аясында Өскемен қаласының жұ-мыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жыл сайын оқу орында-рының түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі.

2013-2014 жылдары оқуды бітірген дипломы бар маман түлек болып есепте-леді.
Жастар іс-тәжірибесіне білімі туралы дипломды алу күнінен 12 айдан көп емес уақыт өткен шартында, 29 жастан аспаған түлектер жолданылады.
2014 жылы жұмыс берушілерден түскен өтінімдерге сәйкес, қала кәсіпорын-дарына 1-ден 6 айға дейін қатысу мерзімімен 120 түлекті жолдау жоспарлануда.
Рәсімдеу үшін келесі құжаттар қажет: жеке бас куәлігі, СТТН, ӘЖК, диплом, зейнетақы шарты, Халық немесе БТА банктерінің ағымдағы шот нөмірі.

«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасына қатысушылардың еңбекақысы Өске-мен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бағдар-лама қатысушыларының дербес шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. Еңбек-ақы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бюджетке міндетті төлемдер-ді ұстаумен жұмыстың толық айы үшін 26000 теңгені құрайды.


Біздің мекенжайымыз:Тургенев к., 30, 3 қабат, 304 кабинет, телефон: 22-49-10

Өскемен қаласында жастар саясатын іске асыру туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңды орындауда Өскемен қаласында жастар саясатын іске асыру бойынша жоспар әзірленіп, бекітілді. Осы бағыттағы жұмыстың мақсаты жастарды әлеуметтендіру және қаладағы жастар ұйымының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Өскемен қаласындағы жастар саясатын іске асыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді, айта кететін болсақ: 2013 жылы 21 млн. 790 мың, 2014 жылы 28 млн 700 мың теңге.  

Бекітілген ісшараларға сәйкес келесі бағыттар басымды болып табылады:

1 Жастардың экономикалық дамуы және еңбек саласында жағдай жасау.
Өскемен қаласының тұрғындар саны 321514 мың адам, оның ішінде жастар құрамы 27,5% немесе 88 170 мың адамды құрайды. Жастардың жұмыспен қамтылуына аса көңіл бөлінеді. Жастарды жұмыспен қамту мәселелері «2011-2015 жылдарға арналған Өскемен қаласының аумағын дамыту мәселелері» және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Орташа және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту үшін қаланың оқу орындарында кәсіби бағыттау жұмыстары, жұмыспен қамту бөліміне түскен өтініштер, сондай-ақ түйіндеме деректері бойынша жәрмеңкелер мен шағын жәрмеңкелер өткізіледі. Жұмыспен қамту мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа әлеуметтік қорғау шараларын ұсынады (кәсіби оқу және қайта оқу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі.

2002 жылдан бастап жұмыспен қамту бөлімінде оқу орындарының түлектерін уақытша жұмыспен қамту енгізілген және жүзеге асырылуда. Жастар тәжірибесі әр-түрлі оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту, олардың жұмыс тәжірибесін алуларына мүмкіндік туғызып, еңбек нарығында бәсеке қабілеттіліктерін арттыру.

2014 жылы Қала аумағын дамыту және Жұмыспен қамту-2020 бағдарламаларын іске асыру аясында, оқу орындарының 142 түлегі Жастар тәжірибесіне жіберілген. Оқу орындарының түлектері жолданған мекемелерде өздерінің мамандығы бойынша жұмыс істейді. Жастар тәжірибесіне жіберілген студенттердің 70% тұрақты жұмысқа орналасады. Жұмыссыздықты жою мақсатында әлеуметтік жұмыс орындары құрылуда. Жыл сайын «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақсан Республикасы Заңының 5-банына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес қала әкімдігінің қаулысымен Өскемен қаласы бойынша бағытталған топтар анықталады. Сонымен қатар қала әкімдігінің «Халықтың бағытталған топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша шаралар туралы» қаулылар қабылданды.

Жастардың өмірлік дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар еңбекпен қамту бағдарламаларын дамытуға «Жасыл Ел» және Студенттік құрылыс және жастардың еңбек жасақтарының жұмыстары үлес қосады. Ағымдағы жылдың ақпан айынан Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ және ішкі саясат басқармасы ШҚО СҚЖЕЖ штабымен бірлесіп ЖОО және ООО студенттерін студенттік құрылыс жастар еңбегі жасақтары қатарына тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні үгіт жұмыстары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де, ҚАЕУ-де, ШҚАУ-де және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де өткізіліп барлығы 1500- ден аса студенттер жұмыспен қамтамасыз етілді.

2. Жастар саясатында азаматтықты және қазақстандық патриотизмді дамыту, жастар арасында белсенді өмір позициясын, өнегелік идеялар жүйесін және жалпы адамдық құндылықтарын қалыптастыру. Жастарды патриотизмға, рухани-өнегелік тәрбиеге баулу, мемлекеттік тілді насихаттау, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылдың 3 тоқсаны кезеңінде қала әкімдігі жастармен және жастар ұйымдарымен, бірлестіктер мен қозғалыстармен бірлесіп 500 астам іс-шаралар өткізді, оларға 70 мың адам тартылды.

Мысал ретінде мына акциялар мен ісшараларды атауға болады: «Сен - Ханымсың» акциясы, 2014 жылдың көктемі маусымында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыртылған жас сарбаздарымызды салтанатты түрде шығару, «Домбыра party», «Зажги свечю», «Студенттік көктем» фестивалі, Астана және Жастар күніне, Өскемен қаласы күніне орай қаланың мемлекеттік органдары мен жастары арасында футол матчтары, Конституция күніне орай Боулингтан жарыс сондай-ақ көптеген басқа да іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларға жоғары және орта оқу орындарының өкілдері, спортшылар, қаланың өндіруші кәсіпорындарының жастар ұйымдары, сонымен қатар жастардың қоғамдық бірлестіктері мен қозғалыстары қатысты. 2014 жылдың 18 шілдесінде Өскемен қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді, отырыста Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ және Өскемен қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі Үйлестіру Кеңесі жұмыстарының жоспарлары қарастырылды.

2014 жылдың 18 наурызында «День заботы» атты акциясында  жастар ұйымдары ардагерлердің, тыл еңбекқорларының, сонымен қатар жалғыз басты зейнеткерлердің есік алдын қардан және қоқыстан тазарту сенбіліктерін өткізді.

Жастар саласында азаматтықты және қазақстандық патриотизмді дамыту бойынша «Мен Қазақстанның патриотымын!, «Зажги свечю» атты акциялар, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күнін мерекелеу аясында бірнеше іс-шаралар өткізілді.

Өскемен қаласы әкімдігінің барлық білім мекемелерінде мұражайлар, әскери және жауынгер-интернационалдардың еңбек атағы бұрыштар бар. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің және ауғанстан жауынгерлерінің қатысуымен сабақтар өткізіледі.

3 Жас таланттарды дамыту және қолдау.
Жас таланттарды және жастар бастамасын қолдау мақсатында клубтар мен үйірмелер ашу бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр. ЖОО және ООО бірлесіп «Бірінші курс таланттары» мен «Студенттік көктем» іс-шараларын өткізу барысында жас таланттар анықталады.
Ағымдағы жылы Студенттік көктемнің нәтижесі бойынша қаланың жас таланттарын анықтау мақсатында  іріктеу турлары өткізілді.

politics6

Концертке қатсушылардың барлығына құнды сыйлықтар мен дипломдар берілді. Гран-приді дәстүрлі түрде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің студенттері қанжығаларына ілді, бірінші орынды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ иеленсе, екінші орынды медициналық колледж, а үшінші орынды ШҚМК өкілдері иеленді. 

4. Жастар саясатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу. Жастар арасындағы қылмыс жасау жағдайы  - ең тиімді мәселелердің бірі болып қалуда.  Жастар арасында қылмыс жасау деңгейі өсіп келеді. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан 2012 жылдың 5 айының көрсеткіші бойынша тіркелген қылмыстар саны 39,1 % ( 3000-нан 4174-ге дейін) құрады.

14-тен18 жасқа дейінгі жастар жасаған қылмыстар

Жыл

Барлық қылмыстар
Кәмілеттік жасқа толмаған жастар жасаған қылмыстар Кәмілеттік жасқа толмаған жастар жасаған қылмыстар%
2011 год 7345 263 8,1 %
2012 год 6150 163 1,9 %
За 2013 год за 4 месяца 1620 40 6,2%

Кәмілеттік жасқа толмаған жастар жасаған қылмыстар%

politics6

Жыл Барлық қылмыстар 18-ден 29 жасқа дейінгі жастағы  жастар жасаған қылмыстар Кәмілеттік жасқа толмаған жастар жасаған қылмыстар%
2011 жыл 7345 1677 22,83 %
2012 жыл 10213 3914 21,5 %
2013 жылдың
4 жылында
3944 748 19 %

politics6

Жоғарыда көрсетілген кестеден 18-ден 29-ға дейінгі жастар арасындағы қылмыс азайғанын байқауға болады. Қылмыстын алдын алу аясында келесі жұмыстар атқарылуда.

Полицияға көмек көрсету студенттік жасақтары – бұл жастар және тұрғындар арасында заң бұзушылықтың алудын алу немесе болдырмау органдары.
Жасақтар ІІБ-мен, полиция бөлімшелерімен, учаскелік және әкімшіліктермен тығыз байланыс жасайды. Жыл сайын олар қаланың бұқаралық ісшараларында қоғамдық тәртіпті қорғауға көмектеседі.

Жасақтар ІІБ-мен, полиция бөлімшелерімен, учаскелік және әкімшіліктермен тығыз байланыс жасайды. Жыл сайын олар қаланың бұқаралық ісшараларында қоғамдық тәртіпті қорғауға көмектеседі.

Ағымдағы жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» ішкі саясат бөлімі және қаланың ішкі саясат басқармасымен бірлесіп бірнеше ісшаралар өткізді. Жауынгер жасақтары үшін Спасение», «Выживание», «Снайпер», «Лидер» сияқты кезеңді жарыстар 4 күн бойы ұйымдыстырылды. Жарыс эстафета түрінде өткізілді, жауынгерлер тек оздерінің жеке дене дайындықтарын ғана көрсетіп қоймай командамен жұмыс істей алатындықтарын да байқата білді. Аталмыш жарыста Д. Серікбаев атындағы ШҚСТУ-нің «Қайсар» командасы жеңіп шықты, екінші орынды технологиялық колледждің «Бүркіт», үшінші орынды ШҚГК-нің «Арлан» командалары иеленді.  

5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу, жастар арасындағы маскүнемдікті қалыптастыру.
Өкінішке орай жастар арасындағы ішімдікке және нашақорлыққа деген бейімділік проблемасы ең өзекті мәселе болып қалуда. Өскемен қаласының СПИД ОО-да 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында СПИД диагнозымен тіркелгендер жоқ. ВИЧ-инфекцисымен 44 адамтіркелген, оның 1-уі 14-18 жас аралығында болса, 19-ы  19-29 жас аралығында. Наркодиспансерде 2012 жылдың 1 маусымы жағдайы бойынша 14-29 жастар аралығында 2 228 адам, оның ішінде – 37 бала тіркелген.,

ШҚ ОНД-де тіркелген жастардың саны

Жастар
(14-тен - 29 жасқа дейінгілер)
Балалар
( 0-ден  - 14 жасқа дейінгілер)
1 кв. 2012г. 1 кв. 2013 12 мес. 2012г. 1 кв. 2012г. 1 кв. 2013 12 мес. 2012г.
Барлығы 1168 1160/p> 1074 82 80 64
Алкоголизм

655

626

581

45

26

22

Нашақорлық

433

415

410

10

4

6

Токсикомания

80

119

83

27

50

36

Ескерту: балалар алдын алу үшін тіркеуге тұрғызылды, диспансерлік тіркеуде  балалар жок.

Ағымдағы жылдың 18-22 ақпаны күндері аралығында нашақорлықтың алдын алу саласында жұмыс атқарып жүрген жастар, қоғамдық бірлестіктермен кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Кездесулердің мақсаты жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу мәселесінің проблемларын шешу.
Сондай-ақ алдын алу жұмыстарына қаланың «Жастар парламенті», «Қазақстанның патриоты», «Ауыл жастарының одағы» және жастар қанаты «Нұр Отан» «Жас Отан»ҰДП сияқты жастар бірлестіктері белсенді қатысады. Есепті кезеңде 1,5 мың жастар қатысқан «Жастар салауатты өмір салты үшін!» атты жастар акциясы өткізілді.
Қала аумағында дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін 414 спорт құрылғылары, оның ішінде: 1 - Спорт сарайы,  4 – стадин, 6 – спорт кешені, 10- жүзу бассйендері, 84 – спорт залдары, 2 – есу базалары, 1 – атуға машықтанатын орын, 14 -  жаттығу залдары, 1 – теннис орталығы бар.  
Қалада 44 жалпы білім беру мектептері бар.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың, сонымен қатар шылым шегу, ішімдікпен нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу бойынша 9 көрмелер, 4 әңгімелесу,  10 сынып сағаттары, 8 дөңгелек үстелдер, 2.5.мың адамның қатысуымен 40 ісшара өткізілді.

6. Жастардың үкіметтік емес ұйымдарының жастардың мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша шешім қабылдауға қатысулары.
Қаланың, бүкіл мемлекетті сияқты қоғамдық-политикалық өмірінде демократиялық процесстер жақсы дамуда, азаматтық сектордың рөлі өсуде.
Қалада 300 коммерциялық емес ұйымдар тіркелген, 98 ұйым белсенді жұмыс атқарады.  Олардың ішінде Қаланың жастар парламенті, «Білімпаз жастар лигасы», «Ауыл жастарының бірлестігі», «Қазақстанның патриоттары», жастар бірлестіктері «Джокер Клаб», «Фрик кукумберс», «Қазақстанның азаматтық Альянсы», «Кругозор», «ФЭЙТ» және басқалар.

7. Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ өткізген әлеуметтік зерттеулері.

- Өскемен қаласының жастары үшін спорт объектілерінің қолжетімділігі мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеулер
Өскемен қаласы әкімдігінің жастар орталығы 2013 жылдың сәуір айында Өскемен қаласында жұмыс атқарып тұрған спорт объектілері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізді, зерттеудің тақарыбы: Жастарға спорт объектілерінің қол жетімділігі.

Спорт объектілері бойынша кесте
Қала тұрғындарының жайлығы үшін Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ  жұмыс істеп тұрған 10 салалы спорт түрлері және байланыс деректері көрсетілген спорт объектілерінің тізімін жараиялайды.

Наименование спортивных объектов Адрес/ телефон График работы Стоимость Скидки
1 «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» КМҚК Ворошилов к.1/2
8(7232) 22-42-26
Барлық залдар
9.00-ден - 21.00-ге дейін

Түскі үзіліс
13.00-14.00
Демалыс-сыз

Бассейн:
- балалар 200 тг
- зейнеткерлер 200 тг
- ересектер 500 тг
- студенттер 200 тг
Жаттығу  залы:
- балалар 200тг
- ересектер 400 тг
Залды жалға алу :
- футбол 3500 тг/1сағ
- волейбол 300 тг/1 сағ
- Үстел теннисі:300 тг/1 сағ.
Айлық абонементтік ақы 5400 тг.
(12 келу).
Студент билетін көрсеткенде
- бассейн 200 тг.
- жаттығу залы
200 тг. дейін жеңілдік
2 Өскемен қаласының «Дене шынықтыру – сауықтыру кешені» Стаханов к. 3А
8(7232)52-46-70
8(7232)52-46-71
8.00-23.00
Түскі үзіліс:
13.00-14.00
Футбол 3500тг/сағ
Шағын-футбол 3500тг/сағ
Волейбол залы 3500тг/сағ
Оқу орындары үшін 2500 тг/сағ.
3 Спорт сарайы Абай к. 2
8(7232)76-81-43
8.00-22.00
Түскі үзіліс:
13.00-14.00
Абонемент ақысы
2500 тг/айына
Жаттығу залы-600тг/сағ
Бұқаралық сырғанау –550 тг.
конкиді жалға алу-
700 теңге/билет
4 «Ulba», «ҮМЗ» АҚ Протозанов к. 43
8(72323)57-82-12
Дүйсенбі-Жұма 12.00-24.00
Демалыстар:
10.00-24.0
Ойын автоматтары- 120 тг,
Бильярд: сағ. 18.00-ге дейін 560 - 720 тг. дейін,
18.00-ден кейін: 700 - 950 тг.
Кинотеатр, 5Д –бағалары әр-түрлі
Студенттік билет көрсеткенде киноларға жеңілдік беріледі
5 ШҚО шайбалы хоккейден олимпиадалық резерв БЖСМ Сатпаев к.26/1
Тел: жоқ
8.00-22.00
Түскі үзіліс:
13.00-14.00
Бұқаралық сырғанау жексенбі: 16.30-18.00. Балалар тегін жаттығады
6 ВК областная школа высшего спортивного мастерства по зимним видам спорта Киев к. 166/в

9.00-18.00

Түскі үзіліс:
13.00-14.00

шаңғы Спорт шеберлігіне үміткерлер жаттығады
7 ШҚО жеке күрестен БЖСМ Өтепов к. ½
8(7232)600834
9.00-18.00
Түскі үзіліс:
13.00-14.00

Бокс, тэквондо, кикбоксинг, самбо, қазақша күрес

18 жасқа дейінгі балалар тегін жаттығады
8 ШҚО мамандандырылған БЖСТМ
ДЮСТШ
Ворошилов к.150/1
8(7232)551398
9.00-18.00
Түскі үзіліс:
13.00-14.00
Ату, спорттық бағдарлау,  полеатлон Балалар тегін жаттығады

«Сіздің үйіңіздің маңында қандай спорт нысандары орналасқан? - деген сұраққа  алған жауптың көрсеткіші:

politics6

- Әйелдің зейнеткерлік жасын арттыру мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеу
Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар орталығы» КММ 2013 жылдың 29 наурызынан 1 сәуірі аралығында Әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыру мәселесі тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізді.
Зерттеудің мақсаты: Әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыру мәселесін анықтау.
Бүгінгі күні « Әйелдің зейнеткерлік жасын арттыру» өзекті мәселелердің бірі болып табылып отыр. Аталмыш мәселе отырыстар мен кеңестерде қарастырылып жатыр.
Зерттеу нәтижесінде алған деректерді сараптай отырып мынандай қорытындыға келуге болады: сұралғандардың 80% әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды орынды емес деп санайды. Сұралғандардың көбі әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 55-58 жас болса дұрыс деп санайды.

8. Жастар саясатының ақпараттық қамтылуы.

Жұма сайын «Қахзақстан-Өскемен», «Қалкен ТВ» және «Астана-Өскемен» арнасының «Городские подробности» жаңалықтар бағдарламаларында қаланың жастар саясатына қатысты сюжеттер көрсетіледі. Баспа бұқаралық ақпарат құралдарында есепті кезеңде 78 мақала – 12 рубрика жарық көрді. Сонымен қатар «Өскемен» газетінде «Шествие к единству», «Дембельдік фото», «Сен - Ханымсың!», «Үздіктердің үздігі», «Көктемгі жаз», "Умники и умницы" мақалалары жарияланды. «Өскемен» газетінде – «Студенттер көктемі 2013», «Болашақтын іргесі», «Дін және жастар», «Жаңа толқын 2013», «Серпер» жастар сыйлылығының байқауы, «Жайдарманның жастары Өскеменде», Жастар жосын «Жасарту», жасыл өлкені гулдендіру, жастау жаңа шылдықтын  жаршысы. «Мой город» газетінде – «Әр сенбіде дене шынықтыру», «Дембелдік фото», «Сен - Ханымсың!», «Тимуршылар көмекке асығады», «Бізде шылым шекпейді», «Почти солдат». Сондай-ақ – « Федерация рукопашного боя», «Одноклассница», «Герой нашего времени» айдарлары жарық көрді. Мерекелік ісшаралардың бағдарламасы – жасөспірімдер арасында еркін күрестен қаланың ашық біріншілігі, жоғары оқу орындарының «Өз мамандығыңды тап», «Халықтық денсаулық» марафоны,
Открытое первенство города по вольной борьбе среди юношей, презентация вузов «Наиди свою профессию», Марафон «Народное здоровье», «Дембелдік фото», «Сен - Ханымсың!»

«Бүгінгі жастар – ерекше ұрпақ. Сендер Тәуелсіз Қазақстанда өмірге келіп, жас Қазақстанмен бірге өсіп-дамып келесіңдер. Сендердің жастық шақтарын – біздің еліміздің қарқынды дамуы мен гүлдену кезеңі. Сендердің бүгінгі күндерің  Біздің мемлекетіміздің болашағы», - деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыңсөздері жастардың біздің қоғамда алатын орны зор екенің ерекше айқындайды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

2012 ж. жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс

Бет өзгертілді: 16-07-2015