Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Жастар

Кадровое агентство «Демеу»

Жақында жарияланған Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын іске асыруда Жастар бастамаларын дамыту орталығы өзінің алдына Шығыс Қазақстан облысы жастарын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруді мақсат етіп қойп отыр. Осы сұрақ бойынша жобалардың бірі – жұмыссыз жастарға арналған «Демеу» кадр агенттігі» болып табылады.

«Демеу» кадр агенттігі – жұмысқа тұруға ниет білдірген жастарға арналған ақысыз қызмет. Агенттік жастардың жұмысқа орналасуына ықпалдасады, облыстағы кадр тапшылығы бойынша, бос жұмыс орындары, жұмыссыз жастар туралы мониторинг өткізеді. Негізгі міндеттердің бірі – жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші арасындағы түйінді үйлестіруші, агенттік өз қызметінің нәтижелігі мақсатында «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» атты мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуына ықпалдасады. Кадр агенттігінің мамандары сонымен қатар резюме жазу, жастарды ауылдағы жұмыс орындарына тарту туралы консультациялық кеңес бере алады.

Жобаның қазіргі кезеңінде ақпарат жинау және жұмыссыз жастар мен облыстағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттық база құру жұмыстары жасалып жатыр. Көкекпекті, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан, Глубокое аудандары мен Семей және Риддер қалаларының жастарымен және жұмыс берушілерімен кездесулер өтті. Кездесу барысында Орталықтың мамандары кәсіпорындар мен мекемелердегі бос жұмыс орындары мен жұмыссыз жастар туралы ақпарат жинақтап, жастардың жұмысқа тұру мәселелері бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Мысалға, Зайсан ауданында құрылыс саласының мамандары қажет болса, бір ғана Глубокое ауданында 22 медбике мен 17 дәрігер жетіспейді екен. Ең көп бос жұмыс орындары Риддер қаласынан жинаұталды – 376 маман қажет. Ақпараттарды жинақтау сонымен қатар жергілікті әкімшіліктерінің қолдауы мен солардың берген ақпараттарына байланысты болады. Кей аудандар жұмыссыз жастар туралы ақпаратты бергенімен, бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз етпейді, солардың бір мысалы – Абай (150 жұмыссыз жастар, 0 бос орын) мен Бесқарағай (888 жұмыссыз жастар, 0 бос орын) аудандары. Бұл өз кезегінде жобаның іске асырылуына кері әсер етеді. Нақты әрі толық ақпаратты Бородулиха ауданы берген болатын, жұмыссыздар мен жұмыс орындары бойынша ақпараттан тыс жергілікті орындаушы органдары жастар туралы жыныстық, жастық, этникалық, кәсіби бөлінісіне қарай ақпарат берді. «Демеу» жастар кадр агенттігінде тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 1635 адам, бос жұмыс орындар саны – 576.

Жұмыс іздеушіге лайықты жұмыс қарастыру кезінде Орталықтың мамандары географиялық ерекшеліктерді ескереді. Жастардың жұмысқа орналаса алмауының себептерінің бірі – жұмыс іздеушіде стаждың болмауы, өзге аудандардағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттың жеткіліксіздігі. Сонымен қатар, жұмыссыз жастардың көбінің мамандықтары «экономика», «құқық» саласынан болып табылады. Осыған орай, Орталық болашақ 2 жылда жастардың өз мамандығы бойынша орналасуы туралы зерттеу жұмыстарын жоспарлап отыр. Аталмыш зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша кейін әр мамандық бойынша сұраныстың өсуі не түсуі туралы кесте құруға болады, бұл өз кезегінде мектеп бітірушілерге немесе түлектерге өз мамандығын дұрыс таңдауға көмек болмақ.
Жұмыс берушілер жастарды тәжірибесі мен қызмет жылдарының жоқтығына қарамастан алуға, сонымен қатар оқытуға дайын. Орталықтың мамандары көптеген жұмыс берушілермен «Демеу» кадр агенттігі бойынша бірлесе қызмет атқаруға келісімге келді. Бірлесе жұмыс істеуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік жобалар бөлімдері де келісті.

Орталықтың аталмыш жобаны іске асырудағы тағы бір жетістігі Оңтүстік Қазақстан облысының Жастар орталығымен жастарды жұмыспен қамту мәселелерін бірлесе шешу туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі кезде жұмыспен қамту салалары анықталды – медицина, агроөнеркәсіп және құрылыс.


ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар бастамаларын дамсыту орталығы» КММ
Қосымша ақпарат үшін: +7 /7232/ 20 88 94
+7 /775/ 172 99 07
E-mail: shygys_zhastary@mail.ru

Бет өзгертілді: 16-07-2015