oskemen.vko.gov.kz / Ішкі саясат
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Ішкі саясат

YEҰ

ҮЕҰ Деректер қоры туралы

Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыру ұсынылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген

 

Құрметті әріптестер!

Ағымдағы жылдағы еңбек қызметіңізді аяқтай келе, алдағы жылға жоспар құрып, мақсат қоя отырып, өзіңіздің қоғамдық ұйымыңыз туралы мәліметтерді  ҮЕҰ мәліметтер базасына енгізуге даярлықты ұмытпаңыздар (infonpo.kz).
Бұл мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейінгі уақытта арнаулы формаларды толтыру арқылы ұсынылады (қазақ және орыс тілдерінде). Мәліметтерді  ұсыну деректерді тікелей электрондық порталға енгізу жолымен, сондай-ақ пошта арқылы не тікелей Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне қолма-қол жеткізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

ШҚО Азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту ресурстық орталығының кеңесшілері ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді дайындау және ұсыну бойынша жадынама-алгоритм әзірледі, онда барлық дайындық рәсімдері (ақпарат жинау) және нысандарды толтыру және порталға деректерді беру бойынша қадамдық нұсқаулықтар жазылған. Оны бүгінгі күннің өзінде пайдалана аласыз.

Сондай-ақ, Ресурс орталығының кеңесшілері Сіздерге  порталмен жұмыс істеуде және мәліметтерді даярлауға көмектесуге әзір. Кеңес алу үшін мына телефон арқылы 8 (7232) 51-33-88 немесе  zubr-kz@mail.ru электрондық поштасы  бойынша хабарласа аласыздар.  Сонымен қатар http://www.zubr-consulting.kz/ сайтына «онлайн-кеңесші» арқылы хабарлама жіберуге болады. (Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде)

Памятка-алгоритм *.pdf 472 KB

ҚР ҚДМ үкіметтік емес ұйымдарды ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабардар етеді

Өскемен қаласының ақсақалдар кеңесі мүшелерінің тізімі 2018 жыл *.doc 150 KB
ТВ арналған «жүгіртпе жолдың» жобасы *.doc 27 KB
  ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер жолдау мерзімі туралы ақпарат *.doc 46 KB
  Whatsapp мессенджері арқылы тарату жобасы *.doc 35 KB
  Әлеуметтік желілерде таратуға арналған ақпараттық беннерлер үшін тезистер *.doc 67 KB
  ҮЕҰ дерекқоры туралы жиі қойылартын сұрақтар және олардың жауабы *.doc 99 KB
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөніндегі мәліметтер *.doc 107 KB
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар *.doc 75 KB
Сведения о НПО города/района *.doc 117 KB

ҮЕҰ Дерекқоры жөніндегі мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілер:

  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 мәдениет және спорт министрінің бұйрығы.

Бет өзгертілді: 21-01-2019