oskemen.vko.gov.kz / Билік
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

ШҚО ІІД Өскемен қаласының ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметі

- ШҚО ІІД Өскемен қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы


Қабылдау сағаттары: сейсенбі, бейсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
телефон: 8 (7232) 23-26-14.
мекен-жайы: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 37а.

ЖПҚ құрылымы:

Омаров Бауржан Сакенович Омаров Бауржан Сакенович - бастықтың орынбасары
Қабылдау сағаттары: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
телефон: 8 (7232) 23-28-93.
   
Бытебаев Нурболат Айткалиевич Бытебаев Нурболат Айткалиевич - бастықтың орынбасары
Қабылдау сағаттары: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
телефон: 8 (7232) 23-28-94

Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

ЖПҚ
учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.

ЖПҚ міндеттері:
1. құқық бұзушылықтар профилактикасы;
2. қоғамдық тәртіпті сақтау;
3. жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4. әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;
5. қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
6. қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
7. ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу және арнайы қабылдау орындарында адамдарды ұстау;
8. ЖПҚ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері алдында қоятын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де міндеттер.

ЖПҚ функциялары:
1. құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
2. қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады;
3. жол қозғалысын және оның қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4. әкімшілік құқық бұзушылықиар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
5. қылмыстық теріс қылықтарды тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
6. әкімшілік қамауға алынған және белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдауды және ұстау жағдайын қамтамасыз етеді;
7. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Бет өзгертілді: 24-07-2018