Билiк кұрылымы

Өскемен қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі

ШҚО ПД Өскемен қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Омаров Бауржан Сакенұлы

тел. 8 (7232) 23-26-14
мекен-жайы: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 37а.

ЖПҚ құрылымы:

Омаров Бауржан Сакенович Омаров Бауржан Сакенович - бастықтың орынбасары
Қабылдау сағаттары: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, жұма сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
телефон: 8 (7232) 23-28-93.

Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.

ЖПҚ міндеттері:
1. құқық бұзушылықтар профилактикасы;
2. қоғамдық тәртіпті сақтау;
3. жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4. әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;
5. қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
6. қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
7. ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу және арнайы қабылдау орындарында адамдарды ұстау;
8. ЖПҚ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері алдында қоятын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де міндеттер.

ЖПҚ функциялары:
1. құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;
2. қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады;
3. жол қозғалысын және оның қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
4. әкімшілік құқық бұзушылықиар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
5. қылмыстық теріс қылықтарды тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
6. әкімшілік қамауға алынған және белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдауды және ұстау жағдайын қамтамасыз етеді;
7. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Бет өзгертілді: 20-02-2019