Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Билік

Мемлекеттік қызмет

Әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу*.doc 111.0 Kb

Әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу

Әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін мемлекеттк мекемелерде өтетін бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысу қажет.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:
1) жасы он сегiзден төмен емес;
2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.

Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарда конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады (Егемен Қазақстан, Казахстанская Правда). Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады (Дидар, Рудный Алтай, аудандық газеттер).

Конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс: мекен-жайы көрсетілген мемлекеттiк органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi; негiзгi функциональдық мiндеттерi, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы; мемлекеттiк орган анықтаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар.

Конкурсқа қатысушылар хабарландырудың соңғы шыққан күнінен бастап 15 күнтізбелік күнде, конкурс жариялаған мемлекеттік мекемеге келесі кұжаттарды тапсырады:
1)өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш;
2)кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс);
3)өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета;
4)бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;
5)еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
6)денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;
7)3х4 үлгідегi 1 фотосурет.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Конкурстық комиссия конкурсқа қатусышылырдың құжаттарын қарастырудаң кейін оларды тестілеуге жіберу тұралы шешім шығырады.
Конкурсқа қатысушылардың тестілеуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің ШҚО бойынша басқармасының тестілеу орталығында өтеді. Мекен жайы: Өскемен қаласы, К.Либкнехта көшесі 19.

Тестілеу бойынша жағымды нәтижелер алған жағдайда конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссия мен әңгімелесуге жіберіледі. Конкурстық комиссия әңгімелесу және тестілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеменің басшысына үміткерлердің бірін бос лауазымға тағайындауға ұсынады.

Конкурстық комиссияның уәкiлеттi органға конкурсқа қатысушыларды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне алуға, бiрақ әрбiр бос лауазым үшiн бiр кандидаттан артық болмайтындай, ұсыным жасауға құқығы бар. Бос лауазымға тағайындалмаған үміткерлер басқа конкурстарға қатысуға болады.

Бос орындар лауазымдарын орналастыру жөніндегі мәселелер бойынша кеңес беруге құзіретті тұлғалардың аты-жөні, телефон нөмірлері және электрондық пошталарының мекенжайлары  

телефон / факс:8 – (7232) – 26 - 90 -79
электрондық пошта мекенжайы: АЕtekB aeva@oskemen.kz
Аты-жөні – Етекбаева Әлмира Еркенқызы – Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы

Бет өзгертілді: 16-07-2015