oskemen.vko.gov.kz / Социальная защита населения
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік көмек

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2018 жылғы қаңтардан қыркүйек аралығында жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге 9300 адам өтініш жасады, 9008 адам жұмысқа орналасты.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбек нарығында тіркелген жұмыссыздар саны 1838 адамды құрайды, ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден        650 адамға көп.
4970 жұмыс орнын құру қаралды, а.ж. қаңтарда 4420 құрылды.

Жастар іс-тәжірибесіне 260 адамды жолдау жоспарланып, 300 (115,4%) жолданды, әлеуметтік жұмыс орындарына 126 жоспарланды, 170 (134,9%) жолданды, қоғамдық жұмыстарға 194 жолдау жоспарланды, 270 (139,2%) жолданды, қайта даярлауға 565 адам жолдау жоспарланды, 457 (80,9%) адам жолданды.

2018 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Кешенді жоспарының іс-шараларымен қамту жыл басынан 9533 адамды құрады, соның ішінде 2546 жұмыссыз, 4533 жұмыс іздеуші адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 2446, 8 адам қоныс аударды.
Қалада іске асырылатын жобалар бағдарламасы орналастырылды:

  • Қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы – 1165 адам,
  • «Нұрлы жер – 144,
  • ГП ИИР – 26,
  • ПРР – 3,
  • ДКБ – 5.

 Есеп беру кезеңінде қайырымдылық көмекті қоса алғанда материалдық және қарапайым көмек қаланың көрсетілді, соның ішінде: 838 адам санымен 475 аз қамтылған отбасына жалпы сомасы 10252,0 мың теңге тұрғын үй көмегі, 1374 адам санымен 334 отбасына 47860,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 618 аз қамтылған азаматқа 88165,5 мың теңге сомасында өтініштер бойынша біржолғы әлеуметтік көмек бөлінді, соның ішінде туберкулезбен ауыратын 110 азаматқа 4840,0 мың теңге; облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеуге 3 студентке 1830 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді. 2606 азаматқа 3787,0 мың теңге сомасына қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетілді.
170 адам санымен 55 отбасына 4029,3 мың теңге сомасында шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Атаулы күндер мен мейрам күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек 22469 адамға 542688,0 мың теңге сомасына көрсетілді.
2018 жылдың басынан Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссиямен 13 өтініш қаралды: оның ішінде 9 адамға «тыл еңбеккері» мәртебесі берілді, 4 өтініш бойынша жұмыс жалғасуда (сұраулар, куәгерлерді іздеу).
2018 жылдың басынан жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтардан 1398 қалыптасқан экологиялық іс макеті қабылданып тіркелді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мүгедектерге әлеуметтік көмектің келесі түрлері көрсетілді: 4397,7 мың теңге сомасына 75 мүгедекке біржолғы ақшалай көмек төленді; мүгедектер бар 55 отбасына 1423,9 мың теңге сомасына тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді, есту кемістігі бар 94 мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылды, олардың еңбек ақыларына 17144,0 мың.теңге жұмсалды, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 201 мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері ұсынылды, олардың еңбек ақыларына 36370,0 мың.теңге жұмсалды.

Есеп беру кезеңінде «Уба» және «Усть-Таловка» шипажайларына санаторлық-курорттық емделу үшін 1376 ардагерге және мүгедекке жолдамалар бөлінді.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Үлбі» үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету орталығының 2 балалар бөлімшесінде 163 мүмкіндігі шектеулі мүгедек бала бар, олардан 16 жасқа дейін мүгедекктер – 68, 16 жастан 18 жасқа – 10 (мүгедектігі тобы барлар: 1 т. – 7, 2 т. - 3), 18 жастағы және одан жоғары – 85 (1 т. – 50, 2 т. – 36), олармен бөлімнің әлеуметтік жұмысшылары түзету жұмыстарын жүргізеді және әлеуметтік көмектің әр түрлерін көрсетеді. «Үлбі» үйлерінде қызмет көрсету орталығында 932 қарт зейнеткер мен мүгедек бар, олардың 19-і ҰОС қатысушы-мүгедегі, 160 – жалпы сырқат мүгедегі, 487 – тыл еңбеккері. «Дағдарыс» бөлімінің қызметкерлері 2793 азаматқа көмек көрсетті, соның ішінде: 81 – уақытша тұрақта, 425 – кеңес беру пунктінде, 12 – күндізгі бөлімде, 2275 – сенім телефоны арқылы.

2018 жылдың басынан жұмысқа, медициналық мекемелерге, қалалық органдарға және әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы басқа мекемелерге жеткізу үшін «әлеуметтік» таксимен мүгедектерден келіп түскен 2214 шақыртуға 240 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде «Әлеуметтік такси» Қызметі бойынша 1458 сұраныс (61 адам); қиын өмір жағдайларына түскен тұлғалардан 559 сұраныс (179 адам).

Мүгедектерді кәсіптік оңалту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есеп беру кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ-дарламалар бөліміне 255 жұмыссыз мүгедек жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасады. 242 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді, олардан: 144 – жұмысқа орналасты, 71 – қоғамдық жұмыстарға, 6 – әлеуметтік жұмыс орындарына, 6 – жастар іс-тәжірибесіне, оқу курстарына 14 адам жолданды, 1 адам шағынкредит алды.
Есеп беру кезеңінде белгілі тұрағы жоқ азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орталығында 300 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды, соның ішінде: 112 – құжаттандырылды, 43 – тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастырылды.

 

 

Бет өзгертілді: 12-10-2018