oskemen.vko.gov.kz / Социальная защита населения
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Әлеуметтік сала

Жастар тәжірибесі

Жастар – мемлекет тірегі

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа жол» жаңа жолдауында мемлекеттің сүйеніші деп жастарға үлкен сенім білдірді. Осы үшін жастарда барлығы бар: тұрақтылық, соғыс жоқ елде білім алу мүмкіндігі бар және тұлғаның жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалды.
Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен жас мамандарға еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және белгілі жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы оқу орталықтарының түлектері үшін арнайы әзірленді.
2019 жылы Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасына 29 жастан аспаған және 3 жыл ішінде оқытуды аяқтаған диплом алған мамандар қатыса алады.
Бағдарламаға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну және құжаттар пакетін ұсыну қажет: жеке бас куәлігі, қосымшасымен диплом, зейнетақы шарты, «Сбербанк» АҚ ЕБ-нен карточканың нөмірі.
Еңбекақы төлемі Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен бағдарлама қатысушыларының дербес шотына аудару арқылы 54 634 теңге есебінде жүргізіледі. Жұмыс берушілер Бағдарлама қатысушысына өз қаражатынан қосымша төлем жасай алады.
2017-2019 жылдардың түлектерін 2019 жылы Жастар іс-тәжірибесіне қатысу үшін шақырамыз.
Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, 305 кабинетке жүгіну қажет, анықтама телефоны: 29-33-74.
Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ЖОО-дарының, колледждердің диплом алған түлектерін «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша бос орындарға жұмысқа орналастыру үшін шақырады.
Хабарласу: Тургенев көшесі, 30, кабинет 305.

 

Бет өзгертілді: 12-10-2018