Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік орталықтар

«Зейнеткерлердің қалалық аумақтық медициналық әлеуметтік «Үлбі» орталығы» мемлекеттік мекемесі

Мекенжайы:г.Усть-Каменогорск, ул. Карла Маркса, 28/1;
Телефон 8 (7232) 771922
Электрондық мекенжайы:sentrulba@mail.ru
«Үлбі» орталығының директоры - Аубакирова Сания Магауовна

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесі бұрынғы «ВНИИ цветмет» балабақшасының екі ғимаратында орналасқан, пайдалануға берілген мерзімі - 1960 ж.
«Үлбі» орталығы 10.07.1992 жылдан бастап Үлбі ауданы әкімшілігінің шешімімен жұмыс істейді.
«Үлбі» орталығы жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетудің кешенді тәсілдемесін жүзеге асыру, өмірдің қиын жағдаятына тап болған зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік бейімдеуден және оңалтудан өткізуге, мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді оңалтудан және ықпал жасауға, зорлық-зомбылық құрбандары - әйелдерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге жәрдемдесу үшін құрылған.
«Үлбі» орталығының қарт адамдарға қызмет көрсету нысандары болып үйде және толық емес күнге жатып емделуге қызмет көрсету болып табылады. Үйде қызмет көрсету желісінің дамуы кездейсоқ емес, себебі осы қызмет түрі қарт азаматтарға үйреншікті үй жағдайында және әлеуметтік ортада анағұрлым көп өмір сүруге мүмкіндік береді.
КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска Әлеуметтік қызметкерлер үйде қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, үнемі қажетті көмекті көсетеді: азық-түлік әкелуге, дәрі-дәрмек, аса қажетті өнеркәсіптік тауарларды сатып әкелуге, коммуналдық қызметтерге төлем жасауға, тұратын үй-жайларын жинастыруға көмек көрсетеді, жөндеуді ұйымдастыруға жәрдемдеседі, МЭС-ге, интернат үйлеріне ресімдеуге құжаттар жинауға көмектеседі. Әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарында көрсетілген әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түріне сәйкес қызмет көрсетеді. Әлеуметтік қызмет көрсетуде қызмет көрсетілетін тұлғаның жасы және денсаулығы, жеке оңалту бағдарламасының мазмұны, қозғалу белсенділігінің азаю дәрежесі және басқа да объективті жағдайлар ескеріледі.
Бүгінгі аға буын – бұл жеңіске қол жеткізген ұрпақ және батырлықтың, ұлтжандылықтың, қайсарлықтың үлгісі. Осы адамдар біздің қамқорлығымыз бен сүйіспеншілігімізге лайық екені даусыз.
«Үлбі» орталығында қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету бойынша 8 әлеуметтік көмек бөлімі бар, әрбір бөлімге бөлім меңгерушісі басшылық етеді, бөлімде 77 маман мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. 770 жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетіледі.
КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска «Үлбі» орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету бойынша 2 бөлім бар, мүмкіндігі шектеулі 160 балаға қызмет көрсетіледі. Бөлімдерде: 2 бөлім меңгерушісі, массаж жасаушы, 27 әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман мен әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету ПМПК-нің қорытындысы бойынша басқа адамның күтіміне мұқтаж мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіледі. Қызмет көрсетілетін балалардың аңғарымдары сан алуан, оның ішінде ақыл-есі төмен, БЦСА (барлық түрлері, оның ішінде ауыр түрі) көп кездеседі. 


Дағдарыс жағдайларды шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі баспанасыз қалған, жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басынан өткізген, зорлық-зомбылықтың құрбандары - әйелдерге психологиялық, әлеуметтік оңалту және заңгерлік кеңес алуға көмек көрсету үшін құрылған. Бөлімде тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді және әйелдер мен балаларға арналған пана, кеңес беру пунктімен қоса, әйелдер мен балаларға арналған пана жұмыс істейді.
КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска Күндізгі бөлім зейнекерлер мен мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуге, олардың тамақтануын және демалуын ұйымдастыруға, белсенді өмір сүруін қолдауға арналған. Әрбір демалу кезеңінде сауықтыру - оңалту іс-шаралары өткізіледі.
- дәрі-дәрмекпен емдеу, қосымша емшаралармен емдеу – массаж, циркулярлық душ, физиоемдеу, фиточай;
- психологиялық түзету мәртебесін қолдау кеңес беру, психодиагностика, әңгімелесу, тест өткізу, бақылау және т.б;
- бос уақытты ұйымдастыру – бейне жазбаларды көру, әңгімелесу, концерттік бағдарламалар.
3 мезгіл тамақтандыру ұйымдастырылған.
«Үлбі» орталығында 165 адам жұмыс істейді, оның 78-і жоғары білімді, 50 адам арнаулы орта білімді. Барлық қызметкерлер кәсіподақ мүшелері, 105 адам «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері, «Нұр Отан» ХДП-сы өткізетін қалалық, облыстық іс-шараларға белсенді қатысады, біздің Республикамыздың елбасының саясатын белсенді қолдайды. 
КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

Д ағдарыс жағдайларды шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі
Әйелдер мен балаларға тәулік бойы ақысыз көмек көрсету т. 77-19-22 тәулік бойы.
Дағдарыс жағдайларын шешу жөніндегі бөлімі тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбандары әйелдер мен балаларға психологиялық қолдау көрсету,әлеуметтік  кеңес беру, заңгерлік көмек көрсету.
ДЖШ бөліміне арыздану мынандай тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық, трафик,балалардың ата-аналарымен қарым-қатынасы, өндірістегі тұлғааралық сипаттағы проблемалар, көршілерімен проблемалар және басқа да себептер.
Бөлім үш бағытта жұмыс істейді:
- сенім телефоны;
- кеңес беру пункті;
-әйелдер мен балаларға арналған жетімхана.

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

«Әлеуметтік такси» қызметі
«Үлбі» орталығында 2009 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді, арбадағы мүгедектерге, балдақтың көмегімен қозғалатын, протезді мүгедектерге қызмет көрсетеді (денсаулық сақтау, білім беру, мекемелеріне өкілеттік және атқарушы органдарға, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, құқық қорғау органдарына және басқа да мекемелерге тасымалдауды жүзеге асырады).

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

Ардагерлердің «Рябинушка» хоры
«Үлбі» орталығының музыкалық жетекшісі В.В. Паладьев хор мүшелерімен кең ауқымды репертуар дайындайды, күндізгі бөлімде демалушылардың алдында «Үлбі» орталығының клиенттерінің алдында, қала ардагерлерінің алдында өнерлерін көрсетеді.
«Ровесники» клубы «Үлбі» орталығында 1999 жылы құрылған. Барлық өткізілетін іс-шаралар қарт адамдарды әлеуметтік және рухани оңалтуға бағытталған әрбір дүйсенбі мен бейсенбіде клуб мүшелері «Үлбі» орталығында кездеседі және әр-түрлі іс-шаралар өткізеді. Концерттік бағдарламаларға дайындық жүргізіледі. Клубта 2 секция жұмыс істейді, олар: өлең мен поэзия әуесқойлары.

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге арналған күндізгі болу бөлімі
Күндізгі болу бөлімі 15 балаға есептелінген. Жеке қажеттіліктерін ескеріп, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі, сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шаралары өткізіледі.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге  арналған иппотерапия.
Иппотерапия әдісімен оңалту  Глубокое ауданы, Винное ауылындағы ат-спорты жабық манежінде өткізіледі. Жаттығулардың басты мақсаты- мүмкіндігі шектеулі адамдарды физикалық, психо-әлеуметтік, жеке  оңалту және бейімдеу.

 

Бет өзгертілді: 16-07-2015