oskemen.vko.gov.kz / Социальная защита населения
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік орталықтар

«Зейнеткерлердің қалалық аумақтық медициналық әлеуметтік «Үлбі» орталығы» мемлекеттік мекемесі

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-КаменогорскаМекенжайы: 070018, Өскемен қаласы, Добролюбов көшесі 44;  тел.:8 (7232) 777354, тел. (факс) 8 (7232) 772659
электрондық мекенжайы: sentr_ulba@mail.ru
Директоры - Аубакирова Сания Магауовна

«Үлбі» орталығы халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді: үйде қызмет көрсету жағдайында (бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедектерге); жартылай стационар жағдайында (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша қарттар мен мүгедектерге, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге); дағдарыс жағдайларды шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға қызмет көрсетеді; мүгедектерді, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар мен өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарды тасымалдау («Әлеуметтік такси» қызметі)

Үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Өскемен қаласындаүйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері 942 жалғызбасты мүгедектер мен қарт адамдарды қамтиды.
Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері:
үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру; азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік емес тауарларды сатып алу; ас әзірлеуге көмектесу; пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу; киімдерді жууға көмектесу; тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу; тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу және т.б.

Үйде әлеуметтік қызмет көрсету. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдері 166 психоневрологиялық аурулары бар мүгедек бала мен он сегіз жастан асқан мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері:
балаларға өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, қозғалыстық, сенсорлық және когнитивтік (танымдық) дағдыларды қалыптастыру бойынша іс жүзінде көмек көрсету; тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени, педагогикалық, медициналық, психологиялық, экономикалық, еңбек және құқықтық жәрдемдесу.
Интеллектінің қандай дәрежеде бұзылғандығына, жеке ерекшеліктеріне, балалардың жастарына байланысты міндеттер қойылады, әдістері, түрлері анықталады, сондай-ақ оңалтудың жеке бағдарламасы ескеріледі.

Қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету жөніндегі күндіз болу бөлімі
60 зейнеткер мен мүгедекке қызмет көрсету үшін құрылған, болу ұзақтығы: әрбір демалу кезеңі 13 жұмыс күнінен тұрады. Қабылдау «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің тізімі мен жолдамасының негізінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері: әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету(физиотерапия, массаж, циркулярлық душ), 3 рет тамақтануды ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени, педагогикалық, медициналық, психологиялық, экономикалық, еңбек және құқықтық жәрдемдесу.

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге қызмет көрсету жөніндегі күндіз болу бөлімі.
Бөлім 15 адамға есептелінген.

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері: жеке қажеттіліктерін ескерумен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі, оңалту және әлеуметтік–сауықтыру іс–шараларын өткізу, 2 рет тамақтануды ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік- педагогикалық үйрету, ҮЕҰ-ды, оқу орындарын және т.б. жұмылдырумен мәдени, спорттық және дамыту сабақтарын ұйымдастыру жолымен қоғамға кірігу және әлеуметтену.

Дағдарыс жағдайларды шешу жөніндегі әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі. Бөлімүш бағытта жұмыс істейді: -сенім телефоны, - консультация беру пункті, -тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған пана. Тел. (7232)77-19-22 тәулік бойы. ДЖШ бөліміне өтініш білдіру себептері тұрмыстық зорлық-зомбылық, трафик, бала мен ата-ананың қарым –қатынасындағы және тұлғааралық сипаттағы мәселелер, көршілерімен мәселелер және басқа да болуы мүмкін.

Көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері: тәулік бойы психологиялық көмек көрсету, тамақ берумен 6 төсектік орынды пананы ұйымдастыру, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық көмек беру және заңгерлік консультацияның берілуіне жәрдемдесу.

«Әлеуметтік такси» қызметі 2009жылдың ақпанынанбастапжұмыс істейді, мүгедектерге, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, балдақтың, протездің көмегімен қозғалатын мүгедектерге (МӘС тізімі бойынша, компьютерлік деректер бар) қызмет көрсетеді, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарды қаланың денсаулық сақтау, білім беру мекемелеріне, өкілдік пен атқарушы органдарға және басқа мекемелерге жеткізуді жүзеге асырады.

Ардагерлердің «Рябинушка» хоры
«Үлбі» орталығы музыкалық жетекшісінің басшылығымен хор әншілері күндізгі бөлім демалушыларының алдыңда, қаланың мерекелік іс-шараларында концерттік бағдарламалармен өнер көрсетеді.
1999 жылы «Үлбі» орталығы негізінде «Ровесники» ардагерлер клубы құрылды. Барлық өткізілетін іс-шаралар қарт адамдарды әлеуметтік және рухани сауықтыруға бағытталған.

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

КГУ «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» акимата города Усть-Каменогорска

 

Бет өзгертілді: 23-01-2019