Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз


Сыбайла жемқорлыққа қарсы стандарттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы 2017 ж.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингінің қорытындысы 2016 ж.

 

  • Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
  • Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
  • Мы против коррупции!
  • Мы против коррупции!
  • Мы против коррупции!
  • Мы против коррупции!

 

 

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығының азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі

1. Департамент басшысының, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының м.у.а. Ж. Қабдолдақызы Сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
2. Департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ. Сапарғалиев Сәрсенбі мен жұма күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
3. Алыс тұрғылықты жерлерден келген азаматтар және заңды тұлғалардың өкілдері келген күні қабылданады

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың маңыздылығы

Әлеуметтік-бағыттағы қоғамда немесе мемлекетте, мемлекеттік органның әрбір қызметі мен функциясы - халықтың жағдайын жасауға, халықтың мүддесіне қарай бағытталған. Сондықтан, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру – әлеуметтік-бағыттағы мемлекет құру мен әлеуметтік-экомикалық модернизациалаудың кепілдігі.

2013 жылы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды. Көрсетілетін қызметті алушылардың қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі, сапасы мен қолжетімділігі, есеп берушілік пен ашықтық, үнемділік пен тиімділік осы заңның негізгі қағидаттары болып табылады. Бұрын соңды болмаған «мемлекеттік көрсетілетін қызмет», «стандарттар мен регламенттер», «мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау», «мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау» атты жаңадан ұғымдар енгізілді. Бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 739 қызмет түрі бар. Әрқайсысы стандартталған және регламенттелген. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің аумақтық департаменттері жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтап, тізілімге енгізу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді. Аталған Заңның қабылданғанына үш жылдан аса уақыт өткенімен, азаматтардың көбі әлі де стандарт пен регламент атты ұғымдарды түсіне бермейді. Сондықтан, мемлекеттік мекемеге қандайда бір қызмет алу үшін келген азаматқа мемлекеттік қызмет алу кезіндегі құқықтары мен міндеттері стандарттарда толық көрсетілгендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мемлекеттік қызметшілердің тікелей міндеті.

Қазіргі жоғарғы технологиялар кезеңінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпараттың болуына баса назар аударылуда. Атап айтсақ, мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналастырылуы және жаңартылып отырылуы, мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты жыл сайынғы есеп орналастырлуы қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасының бірден-бір бөлігі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалай отырып, халық мемлекеттік аппарат пен үкімет жұмысына баға береді. Сондықтан, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі аса маңызды.

Сләмхан Р.,
М. ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің бас маманы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарасы

2015 жылы 18 қарашада № 410-V  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа)  қолданысқа енгізілді. Бұл  заңның ерекшілігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесінің кеңейуі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесіне төмендегідей іс шаралар жатқызылған:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтау;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;
6) қаржылық бақылау;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешу;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеру;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау.
Осының ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингке тоқталсақ,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министірінің 2015 жылы 29 желтоқсанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №16 бұйрығы қабылданды.Аталған бұйрық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл субъектілерімен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тәртібін анықтайды. Жоғарыда аталған заң талаптарын орындау мақсатында Үржар ауданы әкімінің өкімімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Арнайы мониторингтік топ нормативтік құқықтық актілер талабы аясында жұмыс атқаратын болады.

Заңгерлік және мемлекеттік
құқықтық бөлімнің бас маманы  А. Турлиева

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

«Нұр Отан» партиясы бірінші Төрағасының тапсырмасы бойынша  елімізде жүргізіліп отырған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» республикалық ақпараттық-насихаттау акциясы аясында мемлекеттік қызметшілер үшін «Өзіңнен баста» акциясы басталды. Оның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және барлық тұрғындар деңгейінде жемқорлыққа төзбеушілік қарым-қатынасты қалыптастыру. Акция шеңберінде мемлекеттік қызметшілер 2014 жылғы жеке табыстарын жария етеді.

Об Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы *.doc 30.5 kB
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ *.doc 29.5 kB
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) *.doc 29.5 kB
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
О реализации антикоррупционной стратегии Республики Казахстан в городе Усть-Каменогорске

"Өзіңнен баста"

2016 ж.
2015 ж.
2014 ж.
2013 ж.

Сыбайлас жемқорлықты барлығымыз бірге жеңе аламыз

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың, сонымен қатар коммерциялық және өзге де мекемелерде басқару функцияларын атқаратын адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы.

Құрметті азаматтар!

Біздің қызметіміз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын туғызуға бағытталған.
Сондықтан біз Сіздермен бірлесе отырып, екіжақты тиімді, ұзақ мерзімді және ашық қызмет етуге аса көңіл бөлеміз.
Егер Сізге лауазымдық адамдардың заңда көзделмеген әркеттері туралы, заң бұзушылықтары мен теріс қылытары туралы белгілі болған жағдайда төменде көрсетілген байланыс телефондарына бірден хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ақпараттарды алу барысында толығымен жасырындылық режімі сақталады.

23.08.2012 жылғы №1077 Үкімет қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес бір реттік ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қолдау көрсеткен жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

Сыбайлас жемқорлық деректері туралы Сіз қалай хабарлай аласыз:
Сall-center – 1494 хабарлау.

(7232) 25-26-77 сенім телефонына немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне хабарлау: Өскемен қаласы, Лихарев, 2 көшесі. Хабарламаны anticorruption@kyzmet.kz электрондық мекенжайына жолдауыңызға болады.

 

Бет өзгертілді: 18-08-2017