oskemen.vko.gov.kz / Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру туралы ақпарат

Жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және кесу мақсатында, Өскемен қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінде мемлекеттік қызметкерлермен Қазақстан Республикасының «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңының негізгі ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерімен жұмыскерлерінің Ар-намыс кодексін, жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзу фактілері туралы шағымдар түскен жоқ.

Бөлімде шағым және ұсыныстар салатын жәшікпен кітабы бар. Заңды және жеке тұлғаларды қабылдау кестесі, бөлімнің сенім телефоны Өскемен қаласының арнайы www.oskemen.vko.gov.kz сайтында салынған. Сенім жәшігінен өтініштерді алуға, сенім телефонына, жемқорлыққа қарсы заңнамалады іске асыруға жауапты тұлғаларды бекіту бойынша бұйрықтар дайындалған.

Жемқорлық әрекеттерінің алдын алу және кесу мақсатындағы қажетті, қызметкерлер жемқорлыққа қарсы заңнамалар тақырыбы бойынша оқиды. Қазақстан Республикасының «Жемқорлықпен күрес туралы» Заңына сәйкес, түсіндірме кеңесулері жүргізіледі.
Ашықтық мен анықтықты қамтамасыз ету үшін, ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес, қызметтер және тауарларды сатып алу бойынша жарияланған барлық конкурстар, қорытынды хаттамалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылады.

Бөлімде 21-13-49 сенім телефоны қызмет жасайды. Бөлім басшысы жүйелі түрде азаматтарды жеке  қабылдауды әр айдың бейсенбісінде сағат 14.30 ден 17.00-ге дейін жүргізіп отырады.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алу, өтініштерді уақтылы қарау бақылауға алынған.

Билік пен қала тұрғындары ақпараттық бірігіп әрекеттесу жүйесін Өскемен қаласының арнайы сайты www.oskemen.vko.gov.kz.  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бөлімнің беттерінде, қала тұрғындары үшін аса маңыздылыққа ие бола бастаған,  кез-келген  адам он-лайн режимінде сұрақтар қою мүмкіндігіне ие электронды қызметтер Орталығының www.е-vko.gov.kz «Виртуалды қабылдаулар»-на сілтемелер орналастырылған.
Мемлекеттік орган басшысы, бөлім қызметкерлері жемқорлық заң бұзушылыққа тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Мемлекеттік орган басшысының атқарған жұмыстары туралы баяндамалар қала әкімдігінің отырыстарында жүйелі түрде тыңдалады.
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру барысы үнемі бөлімнің бақылауында.

2015 жылға Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуы бойынша ақпараты

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде штаттық саны 37 бірлікті құрайды. Бос әкімшілік лауазымдар жоқ.
2015 жылы қала әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімімен өт-кізілетін конкурс бойынша мемлекеттік лауазымға 7 адам түсті, олардан 4 адам – конкурс бойынша, 3 адам – кадрлық резервтен алынды. Барлық мемлекеттік қыз-метшілерге бөлім басшысының бұйрығымен тәлімгер бекітілген.

Жоғары тұрған лауазымға 2 адам ауысты. Барлығы кадрларды қайта даярлаудан өтті.
Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында білікті-лікті арттыру оқуынан 15 мемлекеттік қызметші өтті, 6 – кадрларды қайта даярлау-дан өтті.
2015 жылға 30 еңбек шарт жасалды: жұмысқа қабылдау, мемлекеттік қызметте болу уақытын ұзарту, «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа қа-былдау туралы.
2015 жылы бөлімде облыстың басқа мемлекеттік органдарынан 6 жаңа қабыл-данған мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті.

Ағымдағы жылғы алмасушылық – 5 мемлекеттік қызметші, олардан: 2 – зей-нетке шығумен байланысты, 1 – штатты қысқарту бойынша, 1 – басқа мемлекетітк органға ауысу, 1 – өз ықыласы бойынша.
Бөліммен ай сайын қала әкімінің аппаратына Қазақстан Рсепублика мемлекет-тік қызметшілерінің этикалық кодексін орындау бойынша есеп ұсынылады.
2015 жылға бөлімге 2427 жеке және 12 заңды тұлғалар өтініші түсті, жұмысқа орналастыруға ықпал ету, әлеуметтік және материалдық көмек көрсету, мұрағаттық анықтамалар беру, «Үлбі» ХӘҚКҚАО жолдамалар алу үшін есепке қою, қорғау жә-не қамқорлық рәсімдеу негізгі мәселелері.

2015 жылғы ақпанда бөлімде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бо-йынша Департаментінің қызметкерлерімен өзгертулермен және толықтырулармен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі заңы тақырыбына бейнеролик көрсетумен дәріс өткізді.
2015 жылғы 6 қарашада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы А.Ф. Кукенов өзгертулермен және толықтырулармен «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбына дәріс өткізді. Агенттіктің буклеттері ұсынылды – бөлім келушілері үшін «Өзіңді сыбайлас жемқорлықты қол сұғуынан қалай қорғау керек», «Мемлекетітк қызметтерді алған кездегі менің құқықтарым».

Бөлімнің ғимаратында қол жетімді орында жеке тұлғалардың өтінішітеріне ар-налған жәшік орнатылып, жұмыс істеуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефоны жарияланған.
Әр аппараттық және жедел кеңестерде бірінші басшымен қол астындағы қыз-меткерлерінің жұмысы үшін тиісті бақылауды қамтамасы етуге және мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын және еңбек тәртібін бұлжытпай ұстану қажеттілі-гі туралы қатаң түрде көрсетіледі.

«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту» қаулысын орындау мақсатында,  «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жалпы құқықтық білім беру мекетебі жұмыс істейді, онда бөлім қызметкерлері оқиды, бұл мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруды қамтамасыз етеді. Бөлім басшысымен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық көрінісі фактілеріне тыйым салу бойынша бөлім қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа және басқа құқық бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты шешімдерді қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет саласында заңнама нормасының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормасын қалыптастыру бойынша шаралар қабылданған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен енгізілген «Айқын-Прозрачность» жобасы құралы бойынша азаматтарға қолжетімді жерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізу туралы ақпараттық стенд орналастырылған.   Бөлімде «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істейді және шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік бар, жауапты тұлға – әкімшілік және заңгерлік жұмыстары секторының меңгерушісі. Бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдау кестесі әр сәрсенбіде сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін, бөлім басшысының орынбасарымен әр бейсенбіде сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.  

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, тұрғын үй комиссиясының құрамына қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Өскемен қаласы әкімі аппаратының қалалық бөлімдерінің өкілдері кіреді.

ТҮКШ бөлімінде мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, ол мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді шығындау, әлеуетті ықтимал өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу жүргізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді беру, әлеуетті ықтимал өнім берушілерге әділ бәсекелестікті, мемлекеттік сатып алу рәсімінің жариялылығын және айқындылығын, отандық кәсіпкерлерді қолдау және электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелері қағидаттарына негізделеді. ТҮКШ бөлімінің 2016 ж. арналған мемлекеттік сатып алу жоспары www.qoszakup.qov.kz сайтында жарияланған, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алуды жариялаған кезде әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы қатыса алады. Өткізілетін конкурстар бойынша ақпарат www.qoszakup.qov.kz сайтында жарияланады.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, «Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Өскемен қаласы әкімінің сайтында бөлімнің құрылымы туралы, мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы, сондай-ақ Өскемен қаласында қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу жөніндегі ақпарат үнемі жаңартылып отырады.

Өскемен қаласының ресми сайтында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік және мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер берілген тұлғалардың тізімі туралы ақпарат жаңартылып, орналастырылады.

«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жұмысы туралы ақпарат

«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2015 жылдың қаңтар-қараша айларында сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызметшілер этикасы жөнінде сенім телефоны – 26-41-22 бойынша шағымдар түскен жоқ.
Бұзушылықтың алдан алу мақсатында мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiн немесе жер учаскелерiн жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.
Жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына қалалық мәслихаттың депутаттары мен Кәсіпкерлер палатасының өкілі енгізілген.
2015 жылғы 23 шілдеде «Мой город» газетінде басшының орынбасары В.А. Барсукованың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұхбаты жарияланды.

2015 жылғы шілдеде 31 каналда басшының орынбасары В.А. Барсукованың құқық бұзушылар үшін бейімделу орталығын салу үшін «Answer» қоғамдық қоры жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жөнінде сұхбаты өтті.
«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексі», «8 этикалық норма», бөліммен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық стендтер жасалған, азаматтарды қабылдау кестесі көрнекті жерде орналасқан. Азаматтардың арыз-шағымдары үшін жәшік ілінген, азаматтардың арыз-шағымдарын шығарып алу бойынша жауапты тұлға бұйрықпен бекітілген. Бөлімде азаматтардың ауызша өтініштерін тіркеу журналы жүргізіледі (бауланған, нөмірленген және мөрмен бекітілген).

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, жер, салық заңнамалары мәселелері бойынша негізгі нормативтік құқықтық актілерді насихаттау бойынша жұмыс үнемі жүргізіледі.

 

Бет өзгертілді: 10-06-2016