oskemen.vko.gov.kz / Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық мониторингінің нәтижесі

I. Кіріспе бөлімі
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің заты: «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі өткізілді: «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыс тобымен, Тургенев к., 30, ozisp_uka@mail.ru, № тел.551321.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін өткізу кезеңі: 2016 жылғы 23 желтоқсанда басталды, 2016 жылғы 26 желтоқсанда аяқталды.
4. Қадағаланатын кезең: 2016 жыл үшін қызметі.
II. Ақпараттық-талдау бөлімі
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрғындарға мемлекеттік қызметтің 19 түрін көрсетеді, олардан 1 – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламасыз негізде, 10 – баламалы негізде, 8 – меморган арқылы баламасыз негізде.
Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша барлығы 31271 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде бөлім арқылы – 11138, «Азаматтарға арналған үкімет» МК – 18816, электронды Үкімет веб-порталы арқылы – 1317.
2016 жылдың 24 желтоқсанына Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2172 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 10, жеке тұлғалардан – 2162.
Әкімінің сайтында басшыға сұрақтар қоюға және электронды түрде жауаптар алуға мүмкіндік беретін «виртуалды қабылдау» рубрикасы ашылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің мәтіні (мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика қағидалары) жеке стендте орналасқан және әкімшілік ғимараттың 1 қабатында фойеде көру үшін ілінген.
Бөлімде сенім телефоны 551233 бар.
Блімнің басшысымен және оның орынбасарларымен жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Қабылдау уақыты қала әкімінің және бөлімнің сайтында жарияланған. Сондай-ақ ғимараттың 1 қабатында фойеде бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері және басшымен және басшының орынбасарларымен азаматтарды қабылдау сағаттары туралы ақпаратпен монитор орналасқан.
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 35 бірлік. Бос әкімшілік лауазымдар жоқ. Ауыспашылық 8 адамды құрады.
2016 жылы Өскемен қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметімен өткізілетін конкурс бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не мемлекеттік қызметке 6 адам түсті, олардан әшкі конкурс бойынша – 2 адам және жалпы конкурс бойынша 4 адам (олардан мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданған – 1 адам).
2016 жылға Өскемен қаласы әкімінің өкімімен бекітілген Шығыс Қазақстан өңірлік қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында Өскемен қаласының әкімі аппаратының және атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес 4 мемлекеттік қызметкер – біліктілікті арттыру курстарынан және 1 мемлекеттік қызметкер – қайта даярлау курстарынан өтті.
Сыбайлас жемқорлық себептері бойынша мемлекеттік қызметкерлерге шағымдар жоқ.
2016 жылға 128 мемлекеттік сатып алу өткізілді, олардан конкурс әдісімен – 1, бағалық ұсыныстарды сұрау – 23, бір көзден әдісімен шартты тікелей жасасу арқылы – 104. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңына, Қазақстан Республикасының                   2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларына қатаң сәйкестікте өткізіледі. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401 «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңына сәйкес «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ашық нормативтік-құқықтық актілер», «Ашық бюджеттер» порталдарында бюджеттік бағдарламалар жобалары, өткен жылға бюджетітк бағдарламаларды іске асыру туралы есеп, республикалық бюджетті орындау туралы жылдық есеп, Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында және қоғамдық кеңестерінде қарауға дейін нормативтік құқықтық актілер жобалары орналастырылады.
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беретін функциялар жоқ.
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бақылау функциялары қарастырылмаған.
III. Қорытынды бөлімі
«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі жұмыс тобының бағалауы:
Көрсетілген мерзімде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары үшін тәртіптік жазаға тартыл-ғандар жоқ.
9 маман лауазымдық міндеттерін тиіссіз орындамағаны үшін ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды.
ШҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясының 2 тексеру қорытындылары бойынша лауазымдық міндеттерін тиіссіз орындағаны үшін 4 қызметкер тартылды: 3 – ескерту түрінде тәртіптік жазаға, 1 – айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұрақты негізде сыбайлас жемқорлықтың пайда болу фактілерінің алдын алу бойынша бөілмнің қызметкерлерімен түсіндіру жұмысы тұрақты негізде өткізіледі. Сол үшін құқықтық жаппай оқыту, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО Департаментінің, прокуратураның, мемлекеттік еңбек инспекциясының, қаржылық бақылаудың лектор-қызметкерлерін шақырумен семинарлар, кездесулер өткізіледі. Мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік әдеп нормаларын қалыптастыру бойынша шаралар қабылданды.
Қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын жақсарту бойынша ұсыныстар.
Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыс тобы:
– ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облы-сының Департаментінің, прокуратураның, мемлекеттік еңбек инспекциясы-ның, қаржылық бақылаудың қызметкерлерін лектор ретінде шақырумен бөлім қызметкерлері арасында құқықтық оқыту өткізу тәжірибесін жалғастыруды;
– мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау бойынша жұмысты белсендіруді;
–Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО Департаментінің қызметкерлерімен өткізілетін дәрістер мен семинарларға белсенді қатысуды ұсынады.
Қорытынды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі нәтижелерінің негізінде «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын өткізу.

Жұмыс тобының төрағасы К. Баубекова
Жұмыс тобының мүшелері Н. Беляева

Л. Красиева
Қ. Бердығожинов
А. Сүлейманова
Р. Жүнісова
Н. Чукуева

2016 жылға «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілетін жұмыс туралы есеп

«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 35 бірлік. Бос әкімшілік лауазымдар жоқ. Ауыспашылық 8 адамды құрады.
2016 жылы Өскемен қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметімен өткізілетін конкурс бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не мемлекеттік қызметке 6 адам түсті, олардан әшкі конкурс бойынша – 2 адам және жалпы конкурс бойынша 4 адам (олардан мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданған – 1 адам).
2016 жылға Өскемен қаласы әкімінің өкімімен бекітілген Шығыс Қазақстан өңірлік қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында Өскемен қаласының әкімі аппаратының және атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес 4 мемлекеттік қызметкер – біліктілікті арттыру курстарынан және 1 мемлекеттік қызметкер – қайта даярлау курстарынан өтті.
Мекеменің фойесінде азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік орналасқан.
2016 жылдың 12 айында (2016 жылғы 28 желтоқсанға) Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 217 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 10, жеке тұлғалардан – 2169. 2015 жылдың ұқсас кезеңінде 2473 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 13, жеке тұлғалардан – 2460.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік қызметтердің 19 түрі көрсетілді, олардан 1 – «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламасыз негізде, 10 – баламалы негізде, 8 – меморган арқылы баламасыз негізде.
Сондай-ақ әкімінің сайтында басшыға сұрақтар қоюға және электронды түрде жауаптар алуға мүмкіндік беретін «виртуалды қабылдау» рубрикасы ашылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің мәтіні (мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика қағидалары) жеке стендте орналасқан және әкімшілік ғимараттың 1 қабатында фойеде көру үшін ілінген.
Бөлімде сенім телефоны 551233 бар.
Блімнің басшысымен және оның орынбасарларымен жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Қабылдау уақыты қала әкімінің және бөлімнің сайтында жарияланған. Сондай-ақ ғимараттың 1 қабатында фойеде бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері және басшымен және басшының орынбасарларымен азаматтарды қабылдау сағаттары туралы ақпаратпен монитор орналасқан.
2016 жылға 128 мемлекеттік сатып алу өткізілді, олардан конкурс әдісімен – 1, бағалық ұсыныстарды сұрау – 23, бір көзден әдісімен шартты тікелей жасасу арқылы – 104. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңына, Қазақстан Республикасының                   2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларына қатаң сәйкестікте өткізіледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401 «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңына сәйкес «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ашық нормативтік-құқықтық актілер», «Ашық бюджеттер» порталдарында бюджеттік бағдарламалар жобалары, өткен жылға бюджетітк бағдарламаларды іске асыру туралы есеп, республикалық бюджетті орындау туралы жылдық есеп, Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларында және қоғамдық кеңестерінде қарауға дейін нормативтік құқықтық актілер жобалары орналастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұрақты негізде сыбайлас жемқорлықтың пайда болу фактілерінің алдын алу бойынша бөілмнің қызметкерлерімен түсіндіру жұмысы тұрақты негізде өткізіледі. Сол үшін құқықтық жаппай оқыту, Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің ШҚО Департаментінің, прокуратураның, мемлекеттік еңбек инспекциясының, қаржылық бақылаудың лектор-қызметкерлерін шақырумен семинарлар, кездесулер өткізіледі. Мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік әдеп нормаларын қалыптастыру бойынша шаралар қабылданды.

 

«Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулының орындалуы бойынша «Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (ары қарай Бөлім) нақты жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылықтарын көтеру мақсатында бөлім басшысы мен орынбасары бөлім қызметкерлерімен тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу  туралы түсіндірме жұмыстарын  жүргізеді. Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған қызметкерлерге қатысты шешімдер қабылдау кезінде заңнама нормаларының мүлткісіз сақталауын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтің жоғарғы статусын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын қалыптастыруын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі әкімшілік ғимаратының дәлізіндегі қабырғада көпшілікке көрнекті жерде орналасқан, сонымен қатар «Айқын» бағдарламасы бойынша ақпарттар да бөлек ілініп тұр. Бөлімде «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істейді, телефон нөмірі  (7232)24-59-12, ол www.oskemen.vko.gov.kz  Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтында көрсетілген және мекеменің дәлізінде азаматтардың өтініш және ұсыныстарына арналған жәшік орналасқан, күнделікті жәшікті ашып, келген өтініштер мен хаттардың бар-жоғы  үнемі тескеріліп тұрады, 12 ай көлемінде оған хаттар мен өтініштер түскен жоқ. Бөлім басшысы (әр бейсенбі 14.30.-дан 16.30.-ға дейін), басшының орынбасары (әр жұма 14.30.-дан 16.30.-ға дейін) азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Азаматтарды қабылдау кестесі бөлім басшысының бұйрығымен бекітіледі. Әкімнің сайтында басшыға сұрақ қойып электронды түрде жауап ала алатын «виртуалды қабылдау» деген айдар ашылған.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қызметшілер қайта даярлау және біліктілігін көтеру  курстарына Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Өңірлік қайта даярлау және біліктіліні көтеру орталығына жіберіледі.
Туысқандардың бірлікте қызмет атқаруы, кәсіпкерлік немесе басқада ақылы қызмет түрлерімен айналысу, мемлекеттік қызметшілердің атқарып отырған лауазымынан жағымсыз себептермен босатылуы, тәртіптік жаза қолданылған  тұлғаларға сыйақы беру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзу фактілері белгіленген жоқ.
Бөлімде мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алу мына қағидалар арқылы жүзеге асады:  мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы, отандық тауар өндірушілергеқолдау көрсету және электронды мемлекеттік сатып алудың ережесі. Бөлімнің 2016 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары www.goszakup.gov.kz.   сайтында орналастырылған,  мемлекеттік сатып алу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру кезінде тауар жеткізуші веб-портал арқылы конкурсқа қатыса алады. Өткізілетін конкурстар бойынша ақпарат www.goszakup.gov.kz.    

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы бойынша 2016 жылы жүргізілген жұмысы туралы ақпарат

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саның 15 бірлік. Бос әкімшілік лауазымдар жоқ.  2016 жылы Өскемен қаласы әкімдігі аппаратының персоналды басқару қызметімен (қадр қызметі) өткізілген  конкурс бойынша  мемлекеттік  лауазымға 5 адам түсті, олардан барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс бойынша – 1, жалпы конкурс бойынша – 4  (оның ішінде алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданғандар 3, олар тәлімгерлік және сынақ мерзімінің кезеңін сүрінбей  өтті).
2016 жылы Өскемен қаласы әкімінің өкімімен бекітілген, Өскемен қаласының атқарушы органдарының және әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспар - кестесіне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының өңірлік қайта даярлау, біліктілікті арттыру орталығында 2 - мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру курсын және 4 - мемлекеттік қызметкер қайта даярлау курсын өтті. 2016 жылы алмасушылық болған жоқ.
Мекеменің фойесінде азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік орналасқан, ол өтініштер мен арыздардың барына күн сайын ашылады және тексеріледі. Ағымдағы жылы жеке тұлғаның 1 өтініші қаралды, оған жазбаша түсініктеме берілді және ол Бірыңғай электрондық құжат айналым жүйесінің барлық талаптарына сәйкес тіркелді, 2016 жылы бөлім қызметкерлеріне азаматтардан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Және де әкімнің сайтында басшыға сұрақтар қоюға және электронды түрде жауаптар алуға мүмкіндік беретін «виртуальдық қабылдау бөлімі» айдары ашылды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мәтіні (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) әкімшілік ғимаратының фойесінде жеке стендте орналастырылды және шолу үшін ілінді. Бөлімде сенім телефоны бар.
Бөлім басшысы және оның орынбасарларымен азаматтардың жеке сұрақтары бойынша апта сайынғы қабылдау жүргізіледі. Кесте қала әкімінің ресми сайтында орналастырылған.
Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.А.Шурмановтың 09.12.2016 жылғы № 37 хатына сәйкес «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметін көрсетеді, көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша барлық қажетті шаралар жүргізілуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2016 жылы 51 конкурс өткізілді, бұзушылықтар жоқ. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жүргізіледі. Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге мемлекеттік сатып алу жүргізілу айқындылығының мақсатында  Әкімнің ресми сайтында  бөлімнің ағымдағы жылға жоспарланған   тауарлар, жұмыстар, қызметтер номенклатурасы туралы ақпарат,  өткізген  тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алуы бойынша әр конкурс орналастырылады, және де мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстандың қорытындысы орналастырылады.
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функционалдық міндеттеріне сәйкес «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысының айқындылығы негізінде Әкімнің ресми сайтында Өскемен қалалық мәслихатының нақтыраулары мен бекітулеріне сәйкес  жоспарланған мерзімге  Өскемен қаласының бюджеті,  негізгі параметрлері бойынша үш жылдық кезеңге жоспарланған қысқаша ақпаратпен Өскемен қаласының азаматтық бюджеті  орналастырылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V «Ақпаратқа қол жеткізу» Заңына сәйкес «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық кеңестің және Өскемен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына дейін НҚА жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер», «Ашық бюджеттер» порталында орналастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулысының «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен орындалуы  Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы орынбасарының үнемі бақылауда, ол бөлім қызметкерлерімен тұрақты негізде  сыбайлас жемқорлық көрінісіндегі фактілерге жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік қызметтің  жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру бойынша шаралар қабылданды.

Өскемен қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі
мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Литвинова

Бет өзгертілді: 03-02-2017