oskemen.vko.gov.kz / Антикоррупционная деятельность
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

О реализации антикоррупционной стратегии Республики Казахстан в городе Усть-Каменогорске за 2017 год

  1. «Әкім аппараты»
  2. «Мәслихат аппараты»
  3. «Кәсіпкерлік бөлімі»
  4. «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
  5. «Білім беру бөлімі»
  6. «Спорт бөлімі»
  7. «Тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі»
  8. «Жұмыспенмқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
  9. «Құрылыс бөлімі»
  10. «ТКШ және АЖ бөлімі»
  11. «Қаржы бөлімі»
  12. «Ішкі саясат бөлімі»
  13. «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі»
  14. «Сәулет және қала құрылысы бөлімі»
  15. «Тұрғын үй қатынастары бөлімі»
  16. «Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
  17. «Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»

2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы  іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жұмысы туралы есеп

Қалалық мемлекеттік атқару органдарымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға бағытталған мақсатты жұмыс өткізіледі.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру жолымен барша қоғамды тарту, сыбайлас жемқорлықтың кез келген құбылыстарына және мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы болу үшін атқарушы органмен қалалықтар арасындағы өз ара ақпараттық іс-әрекетті қала әкімінің ресми сайты қамтамасыз етеді, оның ішінде – «Тоқта, сыбайлас жемқорлық» баннерінің мазмұны Қазақстан Республикасының Зандарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалаларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның орындалуы туралы ақпаратты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі, мемлекеттік мекемесінің қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары, бос қызметтік орындар мен өткізілетін конкурстар және қала мемлекеттік атқару органдарымен көрсететің бизнес-үдерістер, регламенттері, стандарттары орналастырылған. Атқарушы органдардың парақшаларында:
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және көлігі» бөлімінде - 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде «Халықтың барлық санатына арналған баспана» жолдау бағыты бойынша тұрғын-үй алуға өтініш білдірген халықтың әлеуметтік-осал топтары, балалар-жетім және ата-анасының қамқорлықтан айырылған балардың тізімдері; «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының шеңберінде тұрғын-үй алуға өтініш білдірген жас отбасылар және коммуналдық тұрғын үй қорыдан пәтердерді бөлу туралы ақпарат; «Жер мәселесі» бөлімінде - жер учаскелерін алуға өтініш білдірген азаматтар тізімі; білім беру бөлімі сайтының парақшаларында - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен бірлескен «Ашық мемлекеттік орган» жобасы, жобаның басты міндеттерінің бірі жұмыс нәтижелерінің айқығы мен қолжетімділігі болып табылады.
Мемлекеттік құрылымның өзекті мәселелерімен азаматтарды таныстыру үшін «Ашық бюджеттер», «Ашық деректер», «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталдарының жұмысы өз жұмыстарын жалғастыруда.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары Кәсіпкерлік палатасына және Сарапшы кеңесіне қорытынды алу үшін жіберіледі. Құқықтық актінің түпкілікті нұсқасы осы қорытындыларды есепке алумен, қабылданады.Түпкілікті редакцияда нормативтік акті деректерді ескере отырып қорытындылармен қабылданады.
2017 жылы қала әкімдігімен пен 720 акті қабылданды, оның ішінде:  9 нормативтік құқықтық актілері және 711 құқықтық актілері қабылданды.
2015 жылы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қала әкімінің аппаратында 2017 жылында 363 сатып алу өткізілді. Мемлекеттік қызметті қөрсету кезінде шағымдар болған жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы салаларымен айналысатын 8 мемлекеттік қызмет қала әкімінің аппараты арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес өңделіп, кейіннен қызмет көрсетушіге (Өскемен қаласының уәкілетті органдарына) жіберіледі: ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жол бойындағы учаскелерге немесе олардың шекарасынан тыс жерлерде жол қызметтерін орналастыруға жер учаскелерін бөлу туралы шешім қабылдау, оларға қол жеткізу үшін кіру қажет; үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты есепке алу есебін беру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында қала әкімдігімен  қызмет көрсетуші тікелей байланысын барынша азайту мақсатында қала әкімдігі тұрғындармен қызметтерді қалай алуға болатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Атқарылған жұмыстың нәтижесі қала әкімі аппаратының кеңсесі арқылы өтініш білдірушілер санының күрт төмендеуі болып табылады. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 29 желтоқсанға дейін «Мемлекеттік сатып алуды талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (конкурстар, аукциондар)» - 216 қызмет (мемлекеттік қызмет мемлекеттік орган арқылы баламасыз негізде жүзеге асырылады) басқа «Азаматтарға арналған Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы мен электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электронды қызметтердің үлесі 100 %-ды құрады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының  11-бабының 12-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау ережесінің 38-тармағына сәйкес, қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсететін қаланың мемлекеттік мекемелерінде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бақылау шараларын жүзеге асырады.

Қала әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар келіп түскен жоқ. Қала әкімінің ресми сайтында қаланың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары, регламенттері  және бизнес-үрдістері бар «Мемлекеттік қызметтер» бөлім бар.

2017 жылы бөлімі 18 бақылау шараларын өткізді, оның ішінде, 2159 бұзушылық құжаттардың толық пакеті болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің 59 фактісі, талап етілетін құжаттардың - 43, басқа да талаптарды бұзудың - 2057 (есептілік деректеріндегі сәйкессіздік, өтінім стандартты нысанға сәйкес келмейді) анықталды. Бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша 2017 жылы анықталған бұзушылықтар үшін 20 тәртіптік санкциялар қолданылды және 1 сөгіс түрінде және 19 ескерту. 2017 жылы бөлімі 90 ұсынысты ұсын, барлық ұсынымдар орындалды.

2017 жылы Өскемен қаласы әкімі аппараты кеңсесіне жеке және заңды тұлғалардың 5031 арыздары қарауға түсті, оның ішінде 4379 жеке тұлғалардан болса, 652 арыз заңды тұлғалардан. Барлық түскен арыздарға Қазақстан Республикасының қолдансытағы заңнамасына сай мерзімде жауап берілді.
Көрсетілген мерзімде Өскемен қаласы әкімі аппаратына түсен арыздардың жалпы санынан 217 арыз оңды шешілді.
Аталған арыздар келесі бағыттағы сұрақтарды қозғайды: 80 % жер және сәулет мәселелері (бұрынан бар саяжайларды, үйлерді; гараждар және т.б. нысандарды жеке меншікке шығару, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу, нысандарды қайта жоспарлау); 10 % тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері, (тұрғын үй бөлуді жеделдету, қаланың алыс аймақтарындағы жолдарды жөндеу, қарды тазалап шығару, талдарды кесу, аулаларды абаттандыру, ШСФ орнату, ПИК жұмысына шағымдар); 7 % әлеуметтік мәселелер (білім беру, мәдениет, жұмыспен қамту); 3 % тағы басқа сұрақтар.
Қала әкімінің алдындағы есеп беру кезеңінде қала әкімі орынбасарларымен және аппарат басшысымен кестеге сәйкес жеке қабылдауларда 525 жеке және заңды тұлғалар қабылданды.
2017 жылы мүдделер қақтығысын болғызбау, кадрлардың ауысуы себебі, қызметкерлерді босату және басқа да сұрақтары бойынша персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) белгілі бір жұмыстары өткізілді.
қала әкімінің аппаратында және мемлекеттік басқару органдарында 2017 жылында 83 мемлекетті қызметшілер тағайындалды.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес бекітілген жоспар-кестесіне сай Шығыс Қазақстан Өңірлік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктіліктерін көтеру орталығында және Қазақстан Республикасының Президентінің жынындағы мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілердің оқыту жүргізуліде.
2017 жылында 95 мемлекеттік қызметші оқытылды, сонын ішінде:     қайта даярлау - 34, біліктілік арттыру - 61 (олардың ішінде - 3 Қазақстан Республикасының Президентінің жынындағы мемлекеттік басқару академиясында және 10 - басқа білім беру ұйымдарда).
Қала әкімі аппараты персоналды бақару бөлімімен мемлекеттік қызметшілерге колданылған тәртіптік жазалар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша үнемі мониторинг жүргізуде.
2017 жылы 2015 жылдың 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес 49 мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 - мемлекетік қызметтін беделін түсіруген  үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын табысты іске асыру үшін халықтың арасында әлеуметтік мәселелерді шешу ұшін азаматтық қоғамдар қатысады.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асыру қала әкімшілігі жанындағы комиссиялармен және кеңестер арқылы жүргізіледі.
Тұрғын үй комиссиясының құрамына қала маслихатының депутатар,  Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, қоғамдық бірлестіктердің, «Нұр Отан» партисының өкілдері.
Жер қатынастары және қала құрылысы бойынша комиссиясының құрамына – қала маслихатының, Кәсіпкерлер палатасы, «КазКА» Кәсіпкерлер Қауымдастығының өкілдері.
Мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша  БАҚ-та үнемі жұмыстары жүргізіледі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты айдарлар және тақырыптық хабарлары азаматтың шығады. «Мой город»   және «Устинка» газеттерде «Сұрақ - жауаптар» арнайы айдарларға тұрғындар оларға өздерін толғандыратын сұрақтарын қою мүмкіндігін береді. «Алтай» облыстық телеарнасында қалалық атқару органдарының басшылардың: жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ТҮКШ, жолаушыларды тасымалдау  және автокөлік жолдары және «Өскемен Тәртіп» кәсіпорын директорының, «Новое поколение» қоғамдық бірлестігінің төрағасының сөз сөйлеудері ұйымдастырылды. «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде: ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік, экономика және бюджеттік жоспарлау, білім беру, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ветеринария, азаматтық хал актілерін тіркеу, тұрғын үй инспекциясы, құрылыс, ТҮКШ, жолаушыларды тасымалдау және автокөлік жолдары бөлімдері басшыларының авторлық мақалалары жарияланды.
Қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері 2017 жылдың қыркүйекте Қараганды облысының мемлекеттік қызметшілердің бастамасын қолдады - қызметтік автомобильдерге арнайы жапсырмаларды жағылды. «Ыстық желі»: 8-702-000-24-94 және бірыңғай call-орталығы: 55-66-55 - телефондары жұмыс істейді, кез келген азамат қоңырау шалуына болады, мемлекттік көлікті тыс жұмыс уақыты немесе жеке мақсатта пайдалану туралы фото немесе бейне материалдарын беріп. «Мой город» и «Устинка» газеттердің бетінде «Таңбалады» және «Желім желімге» - мемлекеттік көліктерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жапсырмалар пайда болды.
«Есіктен есікке қарай» жобасы іске асыру аясында «Өскемен-Водоканал» МКК «Егер Сізден пара талап етсе, не істеу керек» деген мәтінде азаматтарға арналған 2 тілдегі жадынама шілде айына халыққа арналған 50580 дана хабарлама шоттарында орналастырылған. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың желтоқсан айына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тарату материалдары 2017 жылғы желтоқсан айындағы есептеу шоттарында орналастырылып, 2018 жылы қаңтар айында қаланың сол жағалау ауданында таратылған. Есептеу парақтарының саны - 9200 дананы құрайды. Пара алу және бергені үшін жауапкершілікке тарту туралы ақпараттық парақтары (жаднамалар) қалалық атқару органдарының ақпараттық стендтарында, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорацияның филиалдарында, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында орналастырылған.

Өскемен қаласы әкімі
аппаратының басшысы Е. Шурманов

 

4. 2017 жылға «Өскемен қаласы экономика және бюджетік жоспарлау бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жүргізілген жұмыстары туралы есебі

«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметкерлердің штат саны 15 бірлік. Бос әкімшілік қызмет орны жоқ. 2017 жылы Өскемн қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерді басқару қызметімен (кадрлық қызмет) жүргізілген конкурс бойынша 3 адам мемлекеттік қызметке орналасты, олардан барлық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ішкі конкурс – 2, жалпы конкурс бойынша – 1 (мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданған).
2017 жылы Өскемен қаласы әкімі аппаратының және атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлерінің қайта даярлау, біліктілігін арттыру жоспар-кестеге сай Шығыс Қазақстан аймақтық қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында 2 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті. 2017 жылы кадрларда ауыспалылық болған жоқ.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің мәтіні (мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы Ережесі) бөлек стендте орналасқан және әкімшілік ғимараттың дәлізінде көру үшін ілінген.
Бөлім басшысы және орынбасарларымен жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Азаматтарды қабылдау кестесі тоқсанына бір рет бекітіледі. Кесте қала әкімінің сайтында орналасқан.
2017 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 49 конкурс өткізілді, бұзушылықтар жоқ. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 «Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сай жүргізіледі. Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларын ашық жүргізу мақсатында Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтында бөліммен жүргізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу бойынша ағымдағы жылға жоспарланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізімдемесі туралы ақпарат орналастырылады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстардың қорытындысы жөнінде ақпаратта орналастырылады.
«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыстарының ашықтығы мақсатында Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтында жоспарлы кезенге Өскемен қалалық мәслихатының нақтылауына және бекітуіне сай Өскемен қаласының бюджеті, үш жылдық мерзімге жоспарланған негізгі параметрлері бойынша қысқаша ақпаратпен Өскемен қаласының азаматтық бюджеті орналастырылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық кеңесте және Өскемен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қарауға дейін нормативтік құқықтық актілердің жобалары «Ашық нормативтік-құқықтық актілер», «Ашық бюджеттер» порталдарында орналастырылады.

«Өскемен қаласының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі» ММ басшысы  Е. Литвинова

5. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ-нің 2017 жылғы жұмысы туралы есебі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастырудың мәдениетін арттыру мақсатында, сондай-ақ білім беру бөлімінің бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде білім беру бөлімінде, сондай-ақ ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарында жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.
Білім беру бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған, жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар әзірленіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың рейтинг деңгейін көтеру бойынша шаралар қабылдануда.
ҚР мемлекеттік қызмет ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агентігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп білім беру бөлімі мамандарының және ведомстволық қарасты білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен «Мемлекеттік оқу орындары басшыларының дискрециялық өкілеттіктерін азайту практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы, «Білім беру жүйесінде кадрларды іріктеуді жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою», «Педагогикалық кадрлардың біліктілік санатын арттыру - педагогикалық кадрлардың еңбек ақысын жоғарылатуға негіз іспеттес: сыбайлас жемқорлық тәжірибесін шешу жолдары мен мәселелері және білім беру жүйесі қызметкерлерінің құзыреттілігі» тақырыбында диалогтық алаңдар ұйымдастырылып, өткізілді.   
Сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру және жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім беру бөлімінде «Ашық мемлекеттік орган» жобасы әзірленді. Оның іс-шаралары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру және азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық-насихат жұмыстарына бағытталған. Жобаны жүзеге асыру аясында білім беру бөлімі жанынан ата-аналар қауымдастығы кеңесі және балалар мектеп бірлестіктерінің көшбасшылар кеңесі құрылды. 2017 жылы педагогтар үшін 48 кеңес және 391 ата-аналар жиналысы өткізілді. Оған 2023 педагог, 9663 ата-ана және 15073 оқушы қатысты.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі және оларға ведомстволық қарасты ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау, мемлекеттік сатып алу жоспарларын орналастыру және веб-порталы арқылы есептілікті ұсыну бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Білім беру бөлімі реттемелермен және стандарттармен бекітілген барлық бизнес-үрдістерді сақтай отырып, жеке және заңды тұлғаларға сапалы және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын арттыру үшін, сондай-ақ әдістемелік көмек көрсету мақсатында алдағы мемлекеттік аттестаттауға дайындық, мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде білім беру мониторингін өткізу кезінде білім беру ұйымдарына көшпелі күндер, білім беру бөлімі басшысының жанындағы кеңес білім беру бөлімімен ұйымдастырылып өткізілді. Оған білім беру ұйымдарының директорлары қатысып, электронды түрде көрсетілетін кейбір мемлекеттік қызметтің стандарттары мен реттемелеріндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелер тыңдалды.  
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында білім беру бөлімімен оларды жүзеге асыру іс-шаралары әзірленіп, жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында бағыныстылармен жеке-тәрбие жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың рейтинг деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданады. 2017 жылдың мамыр айында интернет-ресурста білім беру бөлімінің бекітілген жемқорлыққа қарсы стандарты, сондай-ақ ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының жемқорлыққа қарсы стандарттары орналастырылды.  
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес білім беру бөлімінің сайтында сыбайлас жемқорлыққа кедергі келтіретін жағдайлар жасау және оның барлық көріністеріндегі жемқорлықты қабылдамау атмосферасын қалыптастыру жолы арқылы осы құжаттың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша ақпарат орналастырылған. Білім беру бөлімінде сағат 9-18 аралығындағы 24-11-91 «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзу фактілері бойынша тіркеу журналы бар, шағымдар мен ұсыныстар үшін жәшік орнатылды. БАҚ-да мемлекеттік органдар туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру мақсатында білім беру бөлімінің сайтында білім беру бөлімінің басшысы мен орынбасарларының қабылдауы апта сайын сейсенбі, бейсенбі күндері жеке мәселе бойынша кестесі, білім беру бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде атқарылған жұмысы туралы ақпарат орналастырылған. Білім беру бөлімінің басшыларымен жеке және заңды тұлғалардың қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдауы жүргізіледі. Мектептерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік, бауланып, нөмірленген шағымдар мен ұсыныстар кітабы, сенім телефоны бар, қолжетімді жерде сыбайлас жемқорлық жөнінде ақпараттық стендтер орналастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұлжытпай сақтау және дербес жауапкершілік жайында директорларға ескертілді, қатаң бұзған жағдайда, олардың атқаратын лауазымға сәйкестігі туралы мәселе принципті түрде қаралады.
Ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының барлығында жемқорлық фактілерінің алдын алу бойынша семинарлар, тренингтер өткізілуде. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын бұлжытпай сақтау жайында ұйымдардың басшыларына ескертілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру контекстінде қаланың барлық білім беру ұйымдарында  құқықтық жалпыға міндетті стендтер және «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі» стенді безендіріліп, қалалық прокуратураның электронды мекенжайы мен «сенім» телефоны көрсетілген «сенім жәшігі», бауланып, нөмірленген шағымдар мен ұсыныстар кітабы орналастырылған.
Жоғары сынып оқушылары үшін Оқушылар шығармашылық сарайының «Мәңгілік Ел» оқыту-тәрбиелеу орталығы негізінде жоғары сынып оқушыларының «Азамат» қалалық пікір-талас клубы ашылған. Білім беру ұйымдарында «Қазіргі заманғы қоғам сыбайлас жемқорлықсыз мүмкін бе?», «Кімді қатаң жазалау керек – пара алушыны ма әлде пара берушіні ме?» пікір-талас алаңдарын, «Беруші немесе алушы» іскерлік ойынын өткізу барысында балалар жастардың идеологиялық артықшылығы, жемқорлыққа қатысы және оның ел дамуына ықпалы, білім берудегі «жемқорлыққа» қатысы, патриоттық тәрбие мәселелерін қарады. Жыл барысында орталық негізінде 8-11 сынып оқушыларына арналған 100 сабақ, тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.
Барлық жалпы білім беретін 45 мектептерде «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылды, оның қызметі оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп 2017 жылдың қыркүйек айында мектеп оқушыларының шығармашылық сарайы негізінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті ұйымдастырылып, өткізілді.
I облыстық Слет жұмысына Шығыс Қазақстан облысы аудандарының командалары және Өскемен қаласының мектеп клубтары: «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі қалалық комитетінің «Көшбасшы» клубы және «А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ «Қолыңды таза сақта» клубы қатысты.    
2017 жыл кезеңінде барлық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жемқорлықтың сыйы» «Қымбатты ұстаз», «Коррупции Бой!», «Урок суда», «Слоппи – колбасный король»,  «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» және басқа да театрландырылған балалар қойылымдары ұйымдастырылып өткізілді. 7206 оқушыны қамти отырып барлығы 61 театр қойылымдары көрсетілді. 10-11 сынып оқушылары «Сыбайлас жемқорлықтың бірыңғай алдын алу» тақырыбындағы республикалық ақпараттық сағатына қатысты. 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында барлық мектептерде білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдің алдын алу тақырыбын енгізе отырып жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контексіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша барлығы 344 іс-шара өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында білім беру бөлімінің сайтында халық тарапынан сыртқы бағалауға ие болу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру Жоспарының аталған іс-шараларының орындалу барысы туралы есебі жарияланады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері білім беру бөлімінің тұрақты бақылауында.

Өскемен қаласының
білім беру бөлімі басшысының м.а. Д. Ибраимова

6. «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру  

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында, «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын көтеру үшін бөлім басшысымен тұрақты түрде бөлім қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау бойынша түсіндірме жұмыстары өткізіледі.  Заң бұзушылық жасаған қызметшілерге қатысты  шешім қабылдау   кезінде мемлекеттік қызмет саласындағы заң нормаларын қатаң сақтау қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің жоғарғы статусын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған.
«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, бөлімге қарасты мекемелер қызметінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және қызметшілер арасында  жемқорлық құбылыстарына   жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірленді.
Қазақстан Республикасы Әдеп Кодексінің мәтіні бөлім қабырғасында көрнекі жерде орналастырылған.
Бөлімде тұрақты түрде "сенім телефоны" қызметі қамтамасыз етілген (7232)57-69-84, және Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтында www.oskemen.vko.gov.kz орналастырылған, сондай-ақ күнделікті тексерілетін өтініштер мен ұсыныстар жәшігі бар.   
2017 жылы «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 1 өтініш түсті, толық қанағаттандырылды. Әр айдың соңғы жұмасында "Бақылау күндері" өткізіледі, онда бөлімге түскен хаттар, хаттамалық тапсырмалар және өтініштердің саны мен орындалуы жайлы ақпараттар қаралады.
Бөлім басшысымен жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау өткізіледі (әр бейсенбі сағат 14-30 дан 17-00 дейін). Азаматтарды жеке қабылдау кестесі бөлім басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберіледі. Жақын туыстардың бірге қызмет арқару,басқа төленетін немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілері, мемлекеттік қызметшілердің лауазымынан теріс қылықтармен босатылғандар, тәртіптік жазасы алынбаған қызметшілерге сыйақы беру фактілері, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі ережелерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Бөлімде мемлекеттік сатып алулар 2015 жылғы 4 желтоқсандағы№ 434-V "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады, ол мына қағидаларға негізделеді: мемлекеттік сатып алуларға қолданылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, жабдықтаушыларға мемлекеттік сатып алуларды өткізу үрдістеріне қатысу үшін тең мүмкіндік беру, жабдықтаушылар арасында адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алулар үрдістерін өткізудегі шынайылық пен жариялылық, отандық кәсіпкерлерді қолдау және электрондық мемлекеттік сатып алуларды өткізу ережелері. Бөлімнің 2017 жылға мемлекеттік сатып алулар жоспары www.goszakup.gov.kz сайтында орналастырылған, тауарлар, қызмет пен қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алулар жариялау кезінде жабдықтаушылар веб-портал арқылы қатыса алады. Өткізілетін конкурстар бойынша ақпарат www.goszakup.gov.kz  сайтында жарияланады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының 08.03.2017 жылғы № 7-03-17/711 хатына сәйкес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында, сыртқы әлеуметтік жарнама арқылы «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мен бөлімге қарасты мекемелерде ескертпелер мен плакаттарды тарату жұмыстары жүргізілді.  

Өскемен қаласы дене шынықтыру және
спорт бөлімінің басшысы А. Атаев

7. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулының орындалуы бойынша  «Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (ары қарай Бөлім) нақты жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылықтарын көтеру мақсатында бөлім басшысы мен орынбасары бөлім қызметкерлерімен тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу  туралы түсіндірме жұмыстарын  жүргізеді. Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған қызметкерлерге қатысты шешімдер қабылдау кезінде заңнама нормаларының мүлткісіз сақталауын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтің жоғарғы статусын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын қалыптастыруын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі әкімшілік ғимаратының дәлізіндегі қабырғада көпшілікке көрнекті жерде орналасқан. Бөлімде «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істейді, телефон нөмірі  (7232)24-59-12, ол www.oskemen.vko.gov.kz  Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтында көрсетілген және мекеменің дәлізінде азаматтардың өтініш және ұсыныстарына арналған жәшік орналасқан, күнделікті жәшікті ашып, келген өтініштер мен хаттардың бар-жоғы  үнемі тескеріліп тұрады, 12 ай көлемінде оған хаттар мен өтініштер түскен жоқ. Бөлім басшысы (әр бейсенбі 14.30.-дан 16.30.-ға дейін), басшының орынбасары (әр жұма 14.30.-дан 16.30.-ға дейін) азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Азаматтарды қабылдау кестесі бөлім басшысының бұйрығымен бекітіледі. Әкімнің сайтында басшыға сұрақ қойып электронды түрде жауап ала алатын «виртуалды қабылдау» деген айдар ашылған.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес қызметшілер қайта даярлау және біліктілігін көтеру  курстарына Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Өңірлік қайта даярлау және біліктіліні көтеру орталығына жіберіледі.
Туысқандардың бірлікте қызмет атқаруы, кәсіпкерлік немесе басқада ақылы қызмет түрлерімен айналысу, мемлекеттік қызметшілердің атқарып отырған лауазымынан жағымсыз себептермен босатылуы, тәртіптік жаза қолданылған  тұлғаларға сыйақы беру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзу фактілері белгіленген жоқ.
Бөлімде мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, мемлекеттік сатып алу мына қағидалар арқылы жүзеге асады:  мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы, отандық тауар өндірушілергеқолдау көрсету және электронды мемлекеттік сатып алудың ережесі. Бөлімнің 2018 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары www.goszakup.gov.kz.   сайтында орналастырылған,  мемлекеттік сатып алу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру кезінде тауар жеткізуші веб-портал арқылы конкурсқа қатыса алады. Өткізілетін конкурстар бойынша ақпарат www.goszakup.gov.kz.    
Бөлім басшысының тапсырмасымен мекемеге бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастыруға арналған: жыл көлемінде ОКЖ барлық  кітапханаларында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ дейік» (№1 филиалда), «Сенің сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ дегенің маңызды» (№ 5 филиалда), «Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл тураы Заңды оқы» (№ 7 филиалда), «Сыбайлас жемқорлықты жеңуге бол ма?» (№ 11 филиалда)   ақпараттық парақшалар, кітап көрмелері, әдеби көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Жастар арасында Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналған «Жемқорлықты жоюға болады, болмайды» тақырыбында дебаттар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге» тақырыбында интеллектуалды ойындар циклы өткізілді.  Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды насихаттау. Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ШҚО Департаментінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдерді, қаланың жоғарғы және орта білім беру орындарының студенттері мен мектеп оқушылар қатысты, «Сыбалас жемқорлыққа қарсы біздің іс-қимыл» сұрақ жауап сағаты, «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік қауіпті құбылыс», «Адал жол-Честный путь», «Жемқорлық індет, жою міндет» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әлеуметтік міндет»  әңгімелесулер, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» дебаттар, «Борьба с коррупцией – социальная болезнь» тақырыбындағы видеоролик көрсетілімі.
Қазақтсан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының нормаларын сақтау жөнінде жұмыстар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, бөлімге бағынысты мекемелерде тұрақты түрде жүргізу жалғасын табады.

Өскемен қаласы мәдениет
және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы  А. Нургалиев

10. Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен орындалу барысы туралы есеп

Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға, Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықтың кең көлемде туындауына қарсы іс-қимыл саласында механизмдерді дамыту және жағдайды түбегейлі өзгерту үшін, құқықтық, саяси, ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық іс-шараларды кешенді жүзеге асырумен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіру қажет.
Жер-жерлерде ақпаратқа қол жеткізу кеңейтілген, оған электрондық үкіметті, сондай-ақ мемлекеттік және жеке құрылымдардың интернет-ресурстарын қалыптастыру бойынша шаралар ықпал етті.
Тиісінше, «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырған. Ондағы міндеттердің бірі коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықтың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында, oskemen.vko.gov.kz ресми сайтында «ТҮКШ» бөлімінің «тұрғын үй бөлу» бөлімшесінде азаматтардың кезектілігі және оларға (кезектегілер қатарынан) тұрғын үй бөлу туралы ақпарат орналастырылады, оған еркін қол жеткізуге болады.
Кезектілік туралы ақпаратты «Egov» электрондық үкімет порталында алуға болады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің берілуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін, тұрғын үй комиссиясының құрамына қалалық мәслихаттың депутаты Олег Геннадьевич Фролов, Өскемен қаласының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі Раиса Васильевна Катрук, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Өскемен қаласы әкімі аппаратының қалалық бөлімдерінің өкілдері кіреді.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, Өскемен қаласы әкімінің сайтында Бөлімнің құрылымы туралы ақпарат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат тұрақты жаңартылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мәтіні стендте орналастырылған және бөлімде көрінетін жерде орналастырылған.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Шығыс Қазақстан өңірлік орталығына қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі.
Туысқандардың бірге жұмыс істеуге, басқа төленетін немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік қызметшіні теріс қылықтары бойынша атқаратын лауазымынан босатуға, тәртіптік жазасы алынбаған тұлғаларға сыйақы беруге, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің қағидаларын бұзуға қатысты фактілер анықталған жоқ. Бөлімде «сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істейді, телефон нөмірі (7232) 26-40-58, шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік бар, ол күнделікті ашылып, өтініштер мен үндеулердің барлығына тексеріліп отырады.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде жүзеге асырылады (БЭҚАЖ).
Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері «Қамқор» пилоттық жобасы арқылы қабылданады және «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммунадық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің виртуалдық қабылдауы арқылы жүзеге асырылады.
Бөліммен және квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарымен «Жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС, Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаңа Согра» ШЖҚ КМК,  Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК, Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Тәртіп» ШЖҚ КМК, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады, ол мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың оңтайлы және тиімді шығындалу; мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасында әділ бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу рәсімінің шынайылығы мен жариялығын, отандық кәсіпкерлерді қолдау және электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидалары қағидаттарына негізделеді.
Мекеме мен жоғарыда көрсетілген ұйымдардың 2017 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары www.goszakup.gov.kz сайтында жарияланған, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде өнім берушілер веб-портал арқылы қатыса алады. Өткізілетін конкурстар бойынша ақпарат www.goszakup.gov.kz сайтында да жарияланады.

Өскемен қаласының ТҮКШ,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
бөлімінің басшысы  Р. Акрамов

 

11. «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру туралы есеп

Бекітілген Ережеге сай, «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ (бұдан әрі - Бөлім) 5 міндет атқарады және 47 функцияны  жүзеге асырады.  
Бөлім басшысы Ерлан Русланұлы Әділов бұл лауазымға 2017 жылғы                       21 қарашада Өскемен қаласы әкімінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 564 өкімімен тағайындалды.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 20 бірлік, факт бойынша – 19 адам, штаттан тыс қызметкерлер штат бойынша 8, факті бойынша 5. 
Факті бойынша барлығы 24 қызметкер.
2017 жылға жағымсыз қылықтар бойынша жұмыстан босату фактілері болған жоқ.

  • жылғы 1 қаңтардағы жағдайға бос лауазымдар:
  • мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі;
  • штаттан тыс қызметкердің екі бірлігі: аударма жөніндегі редактор, әдіскер.

2017 жылы Өскемен қаласының қаржы бөліміне 52 өтініш түсті, қаралды – 52, оның ішінде заңды тұлғалардан – 30, жеке тұлғалардан – 22. Берілген талондар – 24.
Түскен өтініштердегі негізгі мәселе  - Өскемен қаласының бюджетіне қате (артық) төленген қаражаттарды  қайтару (есепке алу).

Барлық 52 өтініш қанағаттандырылды және Бөлімнің барлық өтініштерінде ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12-бабына сәйкес өтініш берушінің қабылданған шешiмді даулауға құқылы екенін түсіндіретін ақпарат бар.
2017 жылы лауазымын төмендету, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымынан шығару түріндегі жазалар болған жоқ. Сол себепті Бөлімде қызметтік тергеп-тексеру жүргiзу болған жоқ.
Қала әкімінің аппаратында орталықтандырылған «Персоналды басқару қызметінің» болуына байланысты Бөлімде конкурстық комиссия қарастырылмаған.
Бөлімнің барлық қызметкерлері 2017 жылғы 10 мамырдағы № П-342 бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сай.

Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруы, қайта даярлауы біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. 2017 жылы 1 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан өтті, 3 мемлекеттік қызметшісі біліктілігін арттыру курсынан өтті  (Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру  Шығыс Қазақстан облысының өңірлік орталығында біліктіліктерін арттыру).
2017 жылы Бөлімде еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтегі шектеуліктерге, қызметкерлердің қызметін бағалау үрдістерін шағымдау, тәртіптік жаза қолдану, бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу және өзге де факторларға байланысты бұзушылықтар 2017 жылдың екінші жартыжылдығында тіркелген жоқ.
2017 жылы Бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

Бөлімнің Ережесімен анықталған құзыреттер шегінде бақылау-қадағалау қызметтерін іске асырмайды.
2017 жылы наурыз айында қаржы бөлімінде коммуналдық меншікті тиімді басқару және пайдалану бойынша мемлекеттік аудит жүргізілді. 18.03.2017ж. Аудиторлық есепке және ШҚО Тексеру комиссиясының 15.05.2017ж. № 30 ұсынымына сәйкес, бюджеттік және өзге де заңдылықтарды бұзушылықтар анықталды, 66,5 млн. теңге қайтаруға жатады, бұл - тұрғын үй қорын пайдаланғаны үшін жалдау ақысының бюджет кірісіне толық түспеуі.
«Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алулары: 2017 жылы барлығы 81 мемлекеттік сатып алу жүргізілді, оның ішінде:

  • конкурс әдісімен  – 2 конкурс бұзушылықсыз өткізілді;
  • 19 мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, бұзушылықтарсыз өткізілді;
  • 5 бір көзден алу тәсілімен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өтпеген мемлекеттік сатып алу бойынша, бұзушылықтарсыз өткізілді;
  • 54 тікелей шарт жасау тәсілімен бір көзден алу тәсілімен, бұзушылықтарсыз өткізілді;
  • 1 тұрғын үй алу тәсілімен.

Сондай-ақ, «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласының мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде 8 конкурс өткізді және 27 конкурс бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдері бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде өткізілді.

 

14. «Өскемен  қаласының сәудет және қала құрылысы бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы 2017 жылғы есебі

«Өскемен, қаласының сәудет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес толыққанды тіршілік ету ортаны қалыптастыру мақсатына сәулеттік- қала құрылыстық шешімдерін әзірлеу мен іске асыру және қала аумағын сәулеттік-қалақұрылыстық дамыту мен ағымдағы және болашағы бар әлеуметтік-экономикалық кешенді міндеттерді шешуге бағыттталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді.
16 штаттық бірлігі бар Бөлім «Елді мекендер шегінде объектілер салуға жер телімдерін беру»; «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну», «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» (сондай-ақ рұқсат беру функциясы бар); «ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайларын айқындау жөнінде анықтама беру»; «Эскизді келісу (эскиздік жобаны)»; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» стандарттарымен жүзеге асырылатын 6 мемлекеттік қызмет түрін  мемлекеттік корпорация ХҚО арқылы көрсетеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды (фото немесе бейнетіркей отырып, байқау арқылы нысанында) жүзеге асырады.
2017 жылы Бөлімдегі қызметтер мен рұқсат беру функциялары бойынша - 4960 өтініш қаралған, сондай-ақ есептік мерзімде бөлім кеңсесіне жеке және заңды тұлғалардан 2450 өтініштер түскен, олардың барлығы мән-жайы бойынша түсініктеме беріліп  қаралған.
Фото немесе бейнетіркей отырып, байқау арқылы нысанында 628 жарнама объектілері қамтылған, 628 жарнамалық құрылығылар объектісі салық сомасын өтеу үшін мемлекеттік кірістер органына табысталған. 
Есеп беру кезеңінде кадрлық ауысымдар болған жоқ, теріс қылықтар себептері салдарынан жұмыстан босатылғандар жоқ, сондай-ақ өз қызметкерлерімізден жоғары лауазымға тағайындалғандар жоқ.
Бөлімде 3 тексеру жүргізілді: прокруратурамен жарнама туралы заңнамалық норманы сақтауға тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша жарнама туралы заңнама нормаларын бұзғаны үшін бөлімнің 1 мемлекеттік қызметшісі ескерту түрінде жазаға тартылған, сондай-ақ қала әкімінің 15.12.2016 жылғы № 1-48 өкімімен 2016-2017 жылдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бақылау іс-шаралары өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша қандай да болмасын өрескел заңбұзушылықтар табылған жоқ.
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 24.11.2017 жылғы № 130 Акті бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет саласында заңнама нормаларын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде заңнамалық нормаларды бұзу фактілері табылған жоқ.
Мемлекеттік мекемеде 2017 жылы қаржылық-шаруашылық әрекеттерді тексерулер болған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сай жүзеге асырылады. Жыл басынан 3 мемлекеттік сатып аулар өткізілді: Ново-Явленка ауылы маңына және 24-ші тұрғын ауданы құрылысы салынбаған аумаққа топографиялық түсірме, сондай-ақ Өскемен қаласының кешенді көлік схемасы.
Мерзімінен бұрын алынған жазалар, сыбайлас жемқорлық жағдайлары бойынша қайталай фактілер болмаған, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте шектеулерді сақтау бойынша, қызметішлерді бағалау үрдісінде шағымдану фактілері болмаған.
Мемлекеттік қызметке қабылданған кезде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы сақталады, азаматтар міндетті арнайы тексеруден өтеді, шектеулермен танысады, Әдеп  кодексінің негізгі талаптарымен танысады, қабылданған мемлекеттік қызметшілердің шектеулері, табысы мен мүлкі туралы декларациялар уақытылы тапсырылады және арнайы жүйеге келтірілген.
Бөлім басшысы әрбір сейсенбі, бейсенбіде  сағат 9.00.-дан 18.30 сағатқа дейін жеке қабылдауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау жұрналдары бойынша бөлім қызметшілеріне қандай да болмасын шағымдар түскен жоқ, барлық мәселелер сәулет және қала құрылысы саласында кеңес сипатында өтеді.
Бөлім қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп, мемлекеттік қызметтер тақырыптарына өтетін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында толығымен қамтыған, 2017 жылдың басынан желтоқсанға дейін 5 қызметші курстан өтіп сертификаттар алды.
Бөлімде қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді көтеру мақсатында семинарлар, әңгімелесу түрінде өткізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықты профилактикалау басқармасының қызметішлерімен өткізілген 5 семинар-жиналысында қатысты.

Өскемен, қаласының сәудет және
қала құрылысы бөлімі басшысының
орынбасары  С. Кушуров

 

 

Бет өзгертілді: 16-02-2018