Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

Аким города

Тұмабаев Қуат Мұхитұлы

1980 жылы 30 қазанда Семей қаласында дүниеге келді. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін  «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2001 жылы «Альянс банк» АҚ (Алматы қ.) несие бөлімінің маманы болып бастады. 2002 – 2003 жылдар аралығында «Казполиграф» АҚ (Семей қ.) қаржы-экономикалық талдау бөлімінің маманы болып жұмыс атқарды.

2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау минисрлігінің мемлекеттік қарыз беру және несиелендіру Департаментінде үкіметтік қарыз беру саясаты бөлімінің бас маманы, 2005 жылғы сәуірден бастап бастығы қызметін атқарды.

2005 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінде Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, 2006 жылғы қыркүйектен бастап бастығы қызметін атқарды.

2008 жылдан бастап  Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымына ауыстырылды.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда  министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директоры қызметін атқарды.

2014 жылғы сәуірден бастап Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Басқармасы Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2015 жылғы наурыздан - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2016 жылдың 15 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылдың мамырынан бастап Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды.

Жапонияда Өнеркәсіптік дамуды жоспарлау (2007 ж.) және инфрақұрылымды дамытудағы Мемлекеттік-жеке әріптестік (2014 ж.) бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару» тақырыбында бағдарлама бойынша курстан

Лауазымдық міндеттері

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен, облыс құрылымдарымен байланысты жүзеге асыру. 
Қаланың атқарушы органдарының қызметтеріне басшылық жасау, салық салу, коммуналдық меншік сұрақтары.
Бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін қамтамасыз ету бойынша сұрақтар, бюджеттің орындалуына бақылау жасау.
Қалалық бюджеттік комиссиясына басшылық ету. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша, болашақтағы және ағымдағы шешімдерін, міндеттерін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаланың дамуы мен қызмет көрсетуі, реформалау жөніндегі шешімдері мен өкімдерін шешу. Жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, қалалық ішкі істер басқармасымен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, сот органдарымен, әскери прокуратура, қорғаныс істері жөніндегі басқармамен, экономикалық және Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз қылмысына қарсы күрес жөніндегі департаментімен, ішкі қауіпсіздік, қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті нығайту, атқарушылық тәртіп, Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымызпен және қылмыспен күрес сұрақтарын шешуде келісілген жұмыстарды қамтамасыз ету.

Міндеттерді бөлу:

Аудан бойынша жалпы бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің шешімдерімен өкімдерді орындау жөнінде стратегиялық және ағымды міндеттерді, ауданның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін шешу, басқару құрылымын оңтайландыру. Кадрлық саясатты жүргізеді.

Бюджетті қалыптастыру жұмысын басқарады, жергілікті бюджетке кірістерді уақытында түсетіндігіне бақылау жасайды және бекітілген бюджеттік бағдарламаларына сәйкес бюджет құралдарын пайдалануын қамсыздандырады.
Тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы жоғары органдарға ұсыныс енгізеді.
Аумақтық бірліктер әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.

Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді.
Прокуратура, сот, ішкі істер бөлімі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары, қаржы полициясы аралығында ұйымдастыру байланысын жүзеге асырады.
Қылмыс және Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымызқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын бақылайды.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, индекс 070019 Өскемен қаласы, Пермитин көшесі 17.
  Часы приема:один раз в четвертую среду каждого месяца с 15.00 часов.

Азаматтарды қабылдау:Вторая и четвертая среда месяца с 15.00
Қала әкімінің қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі:– 8 (7232) 26-49-30
Азаматтардың қатынасу бөлімінің телефон нөмірі:– 8 (7232) 26-85-68

Виртуалды қабылдау бөлмесі

Баяндамалары,сөздерія

Есептік кездесулері

Нормативтік-құқықтық актілер

Әкім блогы

Бет өзгертілді: 20-07-2017