Билiк кұрылымы

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары

Рахимжанова Тамара Анатольевна

Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы атқарушы органдарының қызметін үйлестіру. Тұрғын үй саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау, энергетика, телекоммуникация, байланыс, автомобиль көлігі кәсіпорындарының қызметі, қалалық автомобиль жолдарын жөндеу, ұстау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияларға, құрылысы аяқталған тұрғын үй, өндірістік, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясына, тұрғын үй құрылысын дамытудың өңірлік бағдарламасын орындау шеңберінде құрылысы аяқталған тұрғын үй мақсатындағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясына, тұрғын үй комиссиясына басшылық ету. Қаланың жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарына басшылық ету. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі мәселелерді шешу. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" 1-ОЛ тоқсан сайынғы есебін сапалы ұсынуды, жетекшілік ететін бөлімдерде "Айқын" электрондық бағдарламасын бақылау.

Апта сайын, әр сейсенбіде:әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде сағат 14.30-дан жүргізеді. Қабылдауға жазуды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы қабылдау күні сағат 14.00-ден жүргізеді

Телефон: 8 (7232) 26-12-15 Е-mail: ta.rakhimzhanova@akimvko.gov.kz

 

Бет өзгертілді: 11-03-2019