oskemen.vko.gov.kz / Билiк кұрылымы
Өскемен қаласы
әкімдігінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Омар Жақсылық Мұқашұлы - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары

Функционалдық міндеттері: Білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт, ішкі саясат, азаматтық хал актілерін тіркеу, Денсаулық сақтау атқарушы органдарының қызметін үйлестіру. Қаланың әлеуметтік– мәдени дамуының басым бағыттарын анықтау. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, идеологиялық қамтамасыз ету, қоғамдық келісім, әскери-патриоттық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері, отбасы және неке мәселелері, Азаматтық хал актілерін тіркеудің сапалы жүзеге асырылуын және жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік дерекқорға тіркеу туралы мәліметтерді енгізуді бақылау. Қала дамуының маңызды мәселелері бойынша әлеуметтік-саяси үдерістерді зерделеуді, саяси ахуалдың мониторингін және қоғамдық пікірді ұйымдастыру. Адам құқықтарын қорғау саласында халықаралық ұйымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен, қалалық ардагерлер және ақсақалдар кеңесімен өзара іс-қимыл жасау. Қоғамдық-саяси акциялардың, науқандардың, референдумдардың және барлық деңгейдегі депутаттар сайлауының жалпы мемлекеттік мерекелерін дайындау мен өткізуді ұйымдастыру. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл. Зейнеткерлердің проблемаларын шешу жөніндегі жұмыс тобының, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, әйелдер істері және отбасылық– демографиялық саясат, ономастикалық, қылмыстық жазаны орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі комиссиялардың, Жастар ісі жөніндегі кеңестің, мүгедектер істері жөніндегі кеңестің, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жұмысына басшылық жасау. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" 1-ОЛ тоқсан сайынғы есебін, жетекшілік ететін бөлімдерде "Айқын" электрондық бағдарламасын сапалы ұсынуды бақылау

Апта сайын, әр сейсенбіде:әр айдың бірінші және үшінші бейсенбісінде сағат 14.30-дан жүргізеді. Қабылдауға жазуды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы қабылдау күні сағат 14.00-ден жүргізеді

Телефон: 8 (7232) 26-35-31

Е-mail:  

 

Бет өзгертілді: 11-03-2019