oskemen.vko.gov.kz / Билiк кұрылымы
Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Билiк кұрылымы

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары

Литвинова Елена Александровна Елена Александровна Литвинова  

Атқаратын қызметтері:Қала атқарушымың органдарының қызметін үйлестіру: қаланың қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік, жер қатынастары, ветеринария және ауыл шаруашылығы, бөлімдерінің қызметтерін үйлестіру. Салық басқармасымен, статистика, әділет органдарымен, қоршаған ортаны қорғау, қаржылық институттар, шағын бизнес субъектілерімен, өнеркәсіп кәсіпорындарымен, ассоциациялармен, шағын және орта бизнес бірлестіктерімен өзара әрекеттесуді қамтамассыз ету.  Дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыру комиссиясына, кәсіпкерлік сұрақтары бойынша сарапшылық кеңестерге, инфляциялық процестерді қадағалайтын қалалық штабтың жұмысына, қаланың қимылсыздық қалпындағы кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысы бойынша бюджеттік қаражаттарды игеру жөніндегі жұмыс тобына, қала тұрғындары өтініштерін қарастыратын шұғыл штабтың ісін қадағалауға, қала кәсіпкерлігін дамытуға кедергі болған жағдайлардың алдын алу жұмыстарына, «Ең үздік қала кәсіпкері» конкурсын өткізуге басшылық жасау. Сырттай экономикалық байланыс сұрақтарымен айналысу. Жетекшілік ететін дербес бөлімдердің қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсартуға қатысты іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Қала бюджетінің ағымдағы, алдын ала жоспарлау, кіріс пен шығын сұрақтарын қарастыру, бюджет қаражатының мақсатты қолданылуын, инвестициялық жобаларды іске асыру, инфляциялық процесстерді бәсеңдету, экономика, туризм, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  секторларының, қаланың экологиялық сауықтыру жағдайын іске асыру бағдарламаларын жасау, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының жүзеге асуын қамтамасыз ету, сатылым секторынының санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қадағалау, ауыл шаруашылығы,  коммуналды меншік объектілерін тиімді қолдану сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынас жасау. Қарасты бөлімдерде  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау, "Айқын" электрондық бағдарламасымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» тоқсан сайынғы 1-ОЛ есебін сапалы ұсыну.

Қабылдау уақыты:сағат 14.30-дан әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісі. Қабылдауға жазылуды әкім аппаратының жалпы бөлімінің маманы сағат 14.00-ден жүзеге асырады.

Телефон: 8 (7232) 26-06-56,

Е– mail: e.litvinova@akimvko.gov.kz

 

Бет өзгертілді: 18-04-2018