Билiк кұрылымы

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары

Литвинова Елена Александровна Елена Александровна Литвинова  

Функционалдық міндеттері: қаланың атқарушы органдарының қызметін үйлестіру: экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік, қаржы, жер қатынастары, ветеринария және ауыл шаруашылығы. Салық басқармасы, статистика, Әділет, қоршаған ортаны қорғау органдарымен, қаржы институттарымен, шағын бизнес субъектілерімен, өнеркәсіп кәсіпорындарымен, қауымдастықтармен, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі комиссияға, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеске, инфляциялық үдерістерді бақылау жөніндегі қалалық штабқа, бюджет қаражатын игеру жөніндегі жұмыс тобына, әрекетсіз кәсіпорындармен және мекемелермен жұмыс істеу жөніндегі жұмыс тобына, қала тұрғындарының өтініштерін қарау жөніндегі жедел штабқа, қала кәсіпкерлігін дамытудағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобына, "Жылдың үздік кәсіпкері" конкурсын өткізуге басшылық ету. Сыртқы экономикалық байланыстар бойынша мәселелер. Жетекшілік ететін дербес бөлімдер қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Ағымдағы, перспективалық жоспарлау және болжау, кіріспен қамтамасыз ету, қалалық бюджеттің шығыс бөліктерін орындау, бюджет қаражатын мақсатты пайдалану, инвестициялық жобаларды іске асыру, инфляциялық процестерді тежеу, экономиканың нақты секторы, туризм, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларында даму бағдарламаларын іске асыру, қаладағы экологиялық жағдайды сауықтыру, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын іске асыруды қамтамасыз ету, азық-түлік секторындағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері, ауыл шаруашылығы, коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" 1-ОЛ тоқсан сайынғы есебін сапалы ұсынуды, жетекшілік ететін бөлімдерде "Айқын" электрондық бағдарламасын бақылау.

Қабылдау уақыты:сағат 14.30-дан әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісі. Қабылдауға жазылуды әкім аппаратының жалпы бөлімінің маманы сағат 14.00-ден жүзеге асырады.

Телефон: 8 (7232) 26-06-56,

Е– mail: e.litvinova@akimvko.gov.kz

 

Бет өзгертілді: 11-03-2019