Өскемен қаласы
Әкімінің ресми сайты

Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

www.oskemen.kz сайты Өскемен қаласына арналған. Сіз бұл жерден Шығыс Қазақстан облысы орталығына қатысты барлық ақпаратты, күнделікті жаңалықтар, анықтама ақпарат, очерктер және көркем фотосуреттерді таба аласыз. Ары қарай...

Әкім блогы


Тумабаев Куат Мухитович - Өскемен қаласының әкімі

Жылуды есептеу аспабы бойынша ақпарат

Жылу энергиясын есептеудің жалпы үйдің аспабы (әрі қарай – ЖҮА) бойынша 2015 ж. есептесуінің талдауы, тұрғын үйлерді жылыту бойынша  үнемдеу 20% дан 40% дейінгі мөлшерді құрады, орташа алғанда 26% көрсетті (ЖҮА бар үйлердің жылыту кезеңі жылыту шаруашылығы үшін жауапты тұлғаның өтініші бойынша 1-ші қыркүйектен бастап 31 мамырға дейін жалғасуы мүмкін), ақшаға есептегенде 2015 ж. орташа пәтердің 1 м2 ауданына 148,6 теңгені құрайды. 

Пәтердің орташа ауданы бойынша үнемдеу:

Бір бөлмелі: 148,6 тг/м2  х 33м2 = 4904 тг. Екі бөлмелі:148,6 тг/м2  х 45 м2= 6687 тг. Үш бөлмелі:148,6 тг/м2  х 60 м2= 8916 тг.

Назар аударыңыз!

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2016 ж. 1-ші қаңтарынан бастап 2020 ж. 31-ші желтоқсанына дейінгі кезеңде көп пәтерлі тұрғын үйлер және жеке үйлерде тұратын тұрғындар үшін ШҚО бойынша ДТМРАКД 14.12.2015ж. №421-НҚ бұйрығымен бекітілген жылу энергиясын есептеудің жалпы үйдің аспабының болуына немесе болмауына байланысты дифференциялық тарифтің  шекті деңгейінің бекітілгені туралы ескертеді

Тұтынушылар санатының атауы Тарифті өлшеу бірлігі 01.01.2016ж.
31.12.2016ж.негізгі
01.01.2017ж.
31.12.2017ж.
01.01.2018ж.
31.12.2018ж.
01.01.2019ж. 31.12.2019ж. 01.01.2020ж.
31.12.2020ж.
ЖЖЕА* жоқ жеке тұлғалар үшін теңге/Гкал 2 665,93 3 317,84 3 570,00 3 837,76 3 784,03
Ескі үйдерде тұратын жекетұлғадар үшін теңге/Гкал 2 665,93 2 764,87 2 975,00 3 198,13 3 153,36
ЖЖЕА* бар жеке тұлғадар үшін теңге/Гкал 2 665,93 2 016,96 2 514,34 2 924,00 3 031,30
ЖЖЕА* жоқ заңды тұлғалар үшін теңге/Гкал 5 467, 86 8 679,26 9 335,03 10 059,15 9 916,56
Ескі үйде орналасқан заңдытұлғалар үшін теңге/Гкал 5 467, 86 5 786,17 6 223,35 6 706,10 6 611,04
ЖЖЕА* бар заңды тұлғалар үшін теңге/Гкал 5 467, 86 4 713,06 350,27 5  976,05 6 088,90

*ЖЖЕА – жалпы жылу есептеу аспабы.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, жылумен қамту қызметтері үшін төлемдер  01.01.2017 бастап 31.12.2017жж. дейін құрайды:

Тұтынушылар санаты Жылыту теңге  
1м2 жылына
ЫСҚ теңге
1 ад. айына
ЫСҚ
теңге   1 м3
1 *Жылу энергиясын есептеу аспабы орнатылған үйде тұратынтұрғындар үшін  *475,47 *393,07 *158,81
2 Жылу энергиясын есептеу аспабы орнатылмаған үйдетұратын тұрғындар үшін  782,14 646,58 261,23
3 Жылу энергиясын есептеу аспабы орнатылмаған,
орнату үшін техникалық мүмкіндігі жоқ үйде тұратынтұрғындар үшін
651,78 538,82 217,69

*Тұтынушылардың 1-ші санаты үшін жылыту үшін және ЫСҚ қажеттілігі үшін жылу тасымалдаудың нақты температурасын есепке ала отырып есептегенде төлем мөлшері әрбір есеп беруші айда  ЖҮА есепке алған жылу энергиясының санына байланысты болады. Кестеде есеп қала бойынша орташа алынған.

Егер Сіздің үйіңізде жылу энергиясын есептеу аспабы орнатылмаған, алайда үйдің техникалық жағдайы аспапты орнатуға мүмкіндік беретін болса, есептеулер тұтынушылардың 2-ші санаты үшін алынатын болады, яғни жылу энергиясын есептеу аспабы орнатылмаған үйде тұратындай алынады. Тұрғындардың жалпы жиналысының шешімімен Сіз ЖҮА орнатудың нұсқасының біреуін таңдауыңызға болады:  
1.ЖҮА сатып алуға және барлық тұрғындардың жинаған қаржысы есебінен өз бетімен орнатуға болады.  Монтаждауды аяқтаған соң ЖҮА пайдалануға қабылдау үшін «ӨЖЖ» АҚ өкілін шақыру қажет. Аталған нұсқасын таңдау кезінде ЖҮА тұрғындардың жеке меншігінде болады, сондықтан техникалық қызмет көрсету мен тексеру мәселесі тұрғындардың жалпы жиналысында шешіледі.  
2.ЖҮА құны бойынша қайтарылу негізінде уәкілетті органмен (ШҚО бойынша ТМРжБҚАКД)  келісумен   «ӨЖЖ» АҚ есебінен 12 айға бөліп төлеу арқылы  (немесе өзара келісу арқылы) орнату, орнатқан соң есептесу сәтінен кейін келетін айдан соңғы, әрбір айдың 25 күніне дейін төлеу арқылы орнатуға болады.  Ол үшін, ЖҮА орнатуға келісімін беруге қол қойылған  тұрғын үйдің жалпы жиналысының хаттамасын, жеке меншік пәтер иелерінің барлығымен жеке шарт  толтыру үшін ұсыну қажет.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ, "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бекіткен «Тұрғындар үшін жылуды есептеудің жалпы үй аспабын орнату туралы» 18.04.2016ж хаттама негізінде, «Жылу энергиясын есептеу аспабын орнату үшін техникалық мүмкіндігі ескі, апаттық бөлмедер, барак типті үйлер, сондай- ақ жалпы үйдің жылу энергиясын есептеу аспабын орнататын техникалық мүмкіндігі жоқ көп қабатты үйлердің тізілімі» бекітілген.(тіркелген құжаттқа сілтеме) Техникалық мүмкіндігі жоқ үйлерде жылу энергиясын есептеу аспабын орнату  қазіргі уақытта мүмкін, Техникалық жағдайды (ТЖ) орындаған кезде, оны «Өскемен жылу жүйелері» АҚ М.Горький көш., 61, бөлм. №109, тел. 701-722 ішк. 5390 мекенжайы бойынша хабарласу арқылы ала аласыз. ТЖ орындағанан кейін, тұрғындардың жалпы жиналысын өткізіп, ЖҮА орнату нұсқасының біреуін таңдауға болады.

Жылыту кезеңінің кез-келген айында (қазан айынан сәуір айына дейін) жылуды есептеу аспабы 10-тәуліктен артық мезгілде істен шыққан жағдайда жылу энергиясы үшін есептесу жылыту үшін жылу энергиясын тұтыну нормасы бойынша алынатын болады, оған қоса   жылыту кезеңінің әрбір айында жылуды тұтыну нормасы әртүрлі және ол нормативтік құжаттарда бекітілгендей сыртқы ауа орта айлық температурасына байланысты болады.  
Егер ЖҮА шығарылған соң пайдалануға енгізілмеген жағдайда жылу энергиясы үшін төлем жылу энергиясын есептеу аспабы орнатылмаған үйлерде тұратын тұтынушылардың 2-санаты сияқты алынады

Толығырақ ақпарат алу үшін М.Горький көш.,61 №101 каб., Ворошилов көш., 156 № 101 каб. «Жылу жүйелер» АҚ-ның жеке қызмет көрсету орталығына немесе 700-202 Call- орталық нөмірі бойынша жүгінуіңізге болады.
Ақпарат  www.ukteplo.kz. сайтында орналасқан.

 

Бет өзгертілді: 08-07-2016